Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет647/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   963
№ 3 (106) 2015

393


болғандығы  жөнінде  баса  көрсетіледі.  Кезінде,  кеңес  ғылымында  болсын,  батыс  зерттеулерінде 

болсын  рыцарларға  жауынгерлер  ретінде  ішкі  тәртіптің  төмендігі  тән  болғандығын  көрсететін 

бүтіндей  бір  бағыттар  қалыптасқан  болатын.  Соңғы  кездегі  зерттеулерде  бұл  көзқарастар  қайта 

қаралып жатыр. Расында да рыцарлардың тәртіп туралы түсініктері қазіргі түсініктен бөлектеу еді, 

және ол әскери құндылықтардың белгілі бір жүйесіне негізделді, атап айтқанда, еркіндіксүйгіштік, 

батырлық, рулық және жасақ ішіндегі ынтымақтастық сезімі, қаза болған жолдасы үшін «қасиетті кек 

алу» түсінігі, қорқыныш пен өлім дегенді білмеу т.б. Жорыққа шығушылардың ұлттық құрамының 

әртектілігі жағдайында олардың ұйымдасу деңгейінің төмендігі заңды жағдай еді. Керісінше, бұған 

қарамастан олардың өзара жақындығы мен ұйымшылдығы таңқаларлық жағдай болды. Ал белгілі 

бір отряд ішіндегі тәртіпке келсек, ол өте күшті болды, қатардағы жауынгерлер өз командирлеріне 

барынша адалдығын көрсетіп отырды, мұны рыцарлық этиканың өзі талап еткен болатын.

Алғашқы  кресшілердің  Шығысқа  келіп  жеткен  уақыты  олар  үшін  қолайлы  сәт  болды.  Фа-

тимидтер  осыдан  сәл  бұрын  ғана  Иерусалимді  түріктерден  тартып  алған  болатын.  Халифаттың 

бұрынғы бөліктері үнемі бір-бірімен күрес жағдайында болып, мұның өзі оларды әлсіретіп отырды. 

Кресшілерге бүкіл кіші Азия мен Персиядан әскер жинақтап алған Икония сұлтаны Қылыш Арслан 

қарсы шықты. Бірінші крест жорығының соғыс қимылдары Никея қамалын қоршаудан басталды. 

Никея 1097 жылы 20 маусымда бағындырылды, яғни бұл қала Византия императорының билігіне 

өткендігін мойындады, сондықтан да ауыр соққылардан аман қалды.

27 маусымда кресшілер армиясы ары қарай Фригия мен Киликия арқылы Антиохияға қарай 

жүрді. Екі күн өткеннен кейін армия екіге бөлінді: Годфрид Бульонский мен епископ Адемар бірінші 

колоннаны  басқарып  Дорилей  алқабымен  жүрді.  Боэмунд  Тарентский  мен  Роберт  Норманский 

басқарған екінші колонна шығысқа қарай Горгони алқабымен ішкерілей жүрді. Дәл сол күні екінші 

колоннаны  Никея  сұлтаны  Сулейман  Антиохия,  Тарс,  Алеппо  және  басқа  қалалардан  жиналған 

әскермен шабуылдайды. «Годфридтен көмек сұрата адам жібере отырып, Боэмунд барлық күшті 

жинақтап шабулдаушыларға қарсы соңғы демі қалғанша тойтарыс берді» [4]. Қарсылық қөрсету 

әрекеті сәтті болып, түріктер жапа-тармағай қашады. Қайта бас біріктірген кресшілер енді қайтып 

бөлінбеу  туралы  шешімге  келеді.  Көптеген  қиындықтармен  және  біраз  шығындармен  олар  шөл 

даладан өтіп Киликияға жетеді. Оларды бұл жерде түрік үстемдігінен азат болуға ұмтылған армян 

бауырлары (бір дінде болғандықтан) ерекше достық көңілмен қарсы алды. 

Кресшілердің  көпшілігі  тезірек  Иерусалимге  жетуге  асықты.  Бірақ  олардың  көсемдері 

жорықты барынша созып, кез келген қолайлы жағдайды пайдаланып, өздеріне жер иеліктерін ба-

сып  алуға  тырысып  отырды.  Алайда  бұл  тек  олардың  өз  жеке  басының  қамыны  ойлағандық  па 

еді? Немесе христиандардың Шығыстағы жағдайын нығайту ниетінен туған кресшілердің ортақ 

мақсатын  іске  асыру  әрекеттері  ме  еді?  Бұл  екі  ниет  бірін-бірі  толықтырып  отырған  сияқты. 

Кресшілерге опасыздық, арсыздық қана емес, сонымен бірге ақылсыздық та тән болды, сондықтан 

да олар өз тылын нығайту және база жасау сияқты әрекеттерге бармады деген ғылымдағы кейбір 

үстірт  пікірлермен  келісуге  болмайтын  сияқты.  Бұған  дәлел,  Танкред  пен  Балдуин  Фландрский 

негізгі  әскерден  бөлініп,  теңіз  жағалауындағы  тарс  қаласын  бірлесіп  басып  алады.  Алайда  олар 

бір мәселеге байланысты көзқарастары сәйкес келмегендіктен өзара жауласып, ақырында Балду-

ин жеңіске жетеді. Кейінірек ол Арменияға барып, сол жерде үлкен иеліктерді басып алып, өзін 

Эдессаның графымын деп жариялайды. Сөйтіп, 1098 жылы Шығыста бірінші латын мемлекеті пай-

да болады. Сол жылы Антиохия,, Марра мен Акра басып алынады. 1099 жылы 15 шілдеде ұзаққа 

созылған қоршаудан кейін ақырында Иерусалим алынады. Жаңа, Иерусалим мемлекетінің басшы-

сы крест жорықтарының көрнекті қайраткері Годфрид Бульонский болады. Оның бастапқы титулы 

Құдай табыты бароны деп аталған болатын [7,45].

Крест  пен  жарты  ай  арасындағы,  яғни  христиандар  мен  мұсылмандар  арсындағы  соғыстар 

мұнымен  бітпеді.  Бірақ  кресшілер  Иерусалимді  ұзақ  уақыт  қолдарында  ұстады.  Сөйтіп 

христиандардың басты міндеті орындалды. Ортағасырлық Еуропа үшін сакралды маңызын асыра 

бағалау мүмкін емес осы жеңіспен бірінші крест жорығының тарихы аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет