Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет646/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

392


оған қатысушыларды тәу етушілер (пилигримдер) немесе жорықтың өзін жәй ғана экспедиция деп 

атаған екен.

Бірінші крест жорығы 1096 жылдан 1099 жылға дейін жалғасты. Жалпы алғанда 1096 жылдан 

1270 жылға дейінгі уақыт аралығында барлығы 8 ірі және кіші-гірім жорықтар ұйымдастырылды.

Алғашқы кресшілердің ең бір айтулы, даңқты көсемдері – герцог Годфрид Бульонский, оның 

бауыры Балдуин, папа легаты (елшісі) епископ Адемар, Нормандия герцогі ІІ Роберт, Сицилидан Бо-

эмунд Тарентский, оның немере інісі Танкред, Раймунда Тулузский және т.б. болды. Кресшілердің 

жорыққа  аттануы  Әулие  Мария  күніне  орайластырылып,  1096  ж.  15  тамызға  белгіленді  [4,  21]. 

Алайда көбіне қарапайым халықтан тұратын еліріп алған тәу етушілер белгіленген күнді күтпей-

ақ, 1096 ж. көктемінде жорыққа аттанып кетеді. Олардың жасағы негізінен жаяу әскерден құралды.

8 наурызда Петр Амьенский (Пустынник) және рыцарь Вальтер Неимущий Галлиялық жаяу 

франктерді бастап, қастарына сегіз ғана рыцарды ертіп Венгрия арқылы Иерусалимге аттанады. 

Германияда, Фландрия мен Лотарингияда жасақталған басқа да әр текті отрядтарды священниктер 

Готшалк пен Волькмар және граф д’Элико бастады, олар жолға жаздың басында шықты. 100 мың 

адамнан  тұратын  осы  ерекше  құлшынысты  жасақтар  жолға  қажет  азық-түлік  жөнінде  ойланған 

да жоқ еді, сондықтан да жолай жергілікті халықты тонау есебінен күнелтіп отырды. Бұл жағдай 

жергілікті  халықтың  ашу-ызасын  өршітіп,  олар  бар  күшін  жиып  келімсектерді  қырып  салып 

отырды. Мысалы, Венгриядағы Мерзебург түбінде және Болгариядағы Нисса түбінде еуропалық 

жасақтар аяусыз қырғынға ұшырады. Константинопольде кресшілердің тонаушылықтары импера-

тор Алексейдің бұл «жабайыларды» тезірек Кіші Азияға өткізіп жіберуіне себеп болды, ал Кіші 

Азияда оларды көпұзамай түріктер қырып салған болатын. Тек Петр Пустынник бастаған үш мың 

шаруа ғана Константинопольге  қайта оалады.

Кресшілердің негізгі жасақтары белгіленген жоспар бойынша тамыздың ортасында Еуропаның 

әр түрлі аудандарынан аттанды. Жорыққа қатысушылардың жалпы саны дәл анықталмаған. Бір де-

ректер бойынша 100 мың рыцарь және 600 мың жаяу әскер деп көрсетілсе, басқа бір деректерде 

жалпы саны 300 мыңнан аспаған деп көрсетіледі.

Бас  қосатын  жер  Константинопль  деп  белгіленіп,  бұл  қалаға  кресшілер  төрт  бағытпен 

жүрді. Оңтүстік Франция мен Солтүстік Италиядан епископ Адемар мен Раймунд Тулузскийдің 

басқаруымен аттанған кресшілер – Италия, Далмация және Эпир таулары арқылы жүрді. Германия 

мен Шығыс Франциядан аттанғандар – Дунай ағысын бойлай төменге қарай жүрді, оларды Годфрид 

Бульонский, Балдуин және Ренард Тульский басқарды. Оңтүстік Италия мен Сицилиядағы норманн 

иеліктерінен Боэмунд Тарентский мен Танкред басқарған кресшілер кемелермен Адриат теңізінен 

өтіп, ары қарай Эпир мен Фракия арқылы жүрді. Солтүстік Франциядан шыққан отрядтарды Гуго 

де Вермандуа, герцог Роберт Нормандский және басқа да көсемдері басқарды және олар Франция 

мен Италия жерлері арқылы өте отырып, ары қарай Раймунд Тулузскийдің жолымен жүрді [5,18]. 

Бұл  армиялар  алдындағылармен  салыстырғанда  айтарлықтай  жақсы  жабдықталған  еді, 

сондықтан да баяу жылжыды. Олар бір басшылыққа бағынған жоқ, әр отряд дербес әрекет етті. 

Алайда, папа легаты епископ Адемар мен Годфрид Бульонскийдің ықпалы мен беделі басымырақ 

болды.

Константинопольге бірінші болып Годфрид Бульонскийдің әскері келіп жетті. Келген бетте-



ақ Византия императоры мен кресшілер арасында түсініспестік орын алды. Император Алексей 

мұсылмандардан азат етілмекші жерлерді өз меншігі деп есептеді, сондықтан да кресшілерден өзіне 

сюзерен  ретінде лендік ант беруін талап етті [6, 34]. Алайда герцог Бульонский мен оның серіктері 

басқа біреудің пайдасы үшін соғыс жүргізуді ойламаған да еді және кімге Құдай жеңіс сыйласа, тар-

тып алынған жер де соған берілуі тиіс деп есептеді. Сондықтан да Алексей Комнин келімсектерге 

байкот жариялап, оларға азық-түлік сатуға тиым салды. Бұған жауап ретінде кресшілер оларға өз 

еркімен берілмегендерді күшпен қорқытып, Константинопольдің шектерін тонауға кірісті.

Алайда мұндай қатынастар екі жақтың да жоспарында болмаған еді. Сондықтан да кресшілер 

бұл тығырықтан шығудың жолын қарастыра отырып, Алексейге ант ету жөнінде шешімге келді. 

Осыдан кейін ғана император оларды кемелерге отырғызып Кіші Азияға аттандырады. Кіші Азияда 

кресшілер түріктердің Никея қаласының маңына келіп орналасады. 

1097 жылы мамырда Еуропаның әр елінен келген кресшілер отрядтары жиналып, әскери байқау 

өткізеді. Сол уақытта кресшілер армиясында барлығы – 100 мың атты әскер, 300 мың жаяу әскер 

және 100 мың монах, әйелдер мен балалар болғандығы анықталады.

Бірқатар  зерттеулерде  кресшілер  әскерінің  ұйымдастырылуы  мен  тәртібінің  барынша  төмен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет