Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет663/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   963
№ 3 (106) 2015

403


байланыстырып,  шаруа  жұмысының  гүлденіун  көздеп  ең  алдыңғы  жұмысымыздың  бірі  болып 

саналады.  Біздің  мемлекеттегі  толып  жатқан  көп  шаруашылық  мекемелеріміздің  әрқайсысы 

өздерінің  шаруашылық  жағынан  ауданға  бөлініп,  ұйымдасып,  бір-бірімен  байланысып  іс  қылу 

деген  ой  ең  күшті  пікірдің  бірі  һәм  іске  асатын  мақсат  болып  отыр.  Мемлекттің  шаруашылық 

мекемелерін  күшейтіп,  олардың  құқығының  құламын  ұзайтып  кеңейту  қажет.»-деп  есептейді. 

Бұдан әрі «Осындай тәртіппен шаруашылық дүкендерімізді бір ізге салып һәм жоғары айтылған 

«шаруа түзеу» мақсатын орындау ісі: ауыл шаруасын, шойын жолдарын, өндіру орындарының ішкі, 

сыртқы сауда қатынасын жөндеумен табылмақ. Қазіргі жаңа шаруашылық саясатының арқасында 

бас  көтерем  деген  озбырлардың  өрісі  де  қысқартылып,  қайта  не  еңбекшілердің,  не  үкіметтің 

ғана  қалтасына  түсіп  бүлінген  шаруамыздың  беті  түзеліп  гүлденбек.»-  деп  жүзеге  асыратын  іс-

шараларды ашып көрсетеді.

1920 жылдары жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытта бағытталған саяси стратегия есебінде 

қабылданады.  Кеңес  үкіметі  елді  кооперацияландыру  мен  ауыл  және  мал  шаруашылығының 

жағдайын жақсарту сынды үлкен проблема осы саясат шеңберінде шешіледі деп саналды. 

Басылымда  кеңес  үкіметінің  мемлекеттік  құрлысының  қазақ  арасындағы  маңызды  істерін 

жүзеге  асыратын  ауылдық  кеңестердің,  болыстық  атқару  комитеттерінің  атқаратын  қызметінде 

жіберілген  кемшіліктерін    қозғаған  мақалалар  да  басылды.  Мәселен, 

«Қазақ  болисполкомдары» 

деген  мақалада  «Халықтың  шаруасын  жөндеп  елді  орнықтырып,  әсіресе    кедей  таптың  қолы 

жетуін еске алып, егін, бішен жағынан атсыратпайтын деп бөкеңдер (болыстар) ойламайды. Пәйек, 

егін-мәшина, соқаға бөлінеді. Кетпен, шотынан басқа түгі жоқ кедейге түк тимейді.Елдің өлі, тірі 

малдарын  саудагерлерге  кетірмей  әлеуметшілдік  жолымен  ұйымдар  (кооперация)  ашып,  ақша 

қарыз  шеріктіктерін  молайтып,  шаруаны  гүлдендіріп,  арамтамақтарға  ұттырмайтын  деп  ешкім 

ойламайды.» [15]-деп Семей губерниясындағы болыстық, ауылдық мекемелердің өз міндетін дұрыс 

атқармай отырғандығын өткір жазады. 

«Қазақ тілі» газетінде Ш.Тоқжігітов «Іске есеп керек» мақаласында қазақ халқының егіншілік 

пен отырықшылдыққа бетбұра бастағандықтары туралы материалдар жиі жарияланған. Солардың 

бірінде «Жаңа тұрмыс жақсылықтың негізіне жеткізіп езілген елдің көзін ашалық; ағарту-оқу істері, 

шаруашылықта  гүлдендіріп  маданиатты  күте  түсіретін  жергілікті  елдің  өз  заттарына  құралынан 

пабрик, зауаттардың қазанын ашып; кейін кеткен мал шаруасын ретке жеткізіп әлеумет үшін қауым 

дүкендерін құру, жерге орналастыру шаралары» [16] деп Қазақстанда істелетін жұмыстарды баса 

айтады. 


Жаңа  экономикалық  саясаттың  енгізілуіне  байланысты  жерді  жалға  беру  мен  алуға, 

жалдама  еңбекті  қолдануға  мүмкіндік  туды.  Сондай-ақ  ауылшаруашылық,  несие,  және  тұтыну 

кооперациясын  дамыту  көтермеленді.Әскери  коммунизм  тұсында  болған  еңбек  міндеткерлігі 

мен  еңбекке  жұмылдыру  жойылды.  Осыған  орай  ұсақ  кәсіпорындар  жеке  адамдарға  немесе 

кооперативтерге жалға берілді. Осы мәселелерді жүргізуге қатысты  қазақ оқығандары ой-пікірлері 

мен көзқарастарын білдірді.  

Ж.Шанин «Ұлт мәселесі туралы бірінші қадам» мақаласында «Жалпы әр кәсіптің ілгері басып 

келіп, оның ішінде өндіру нәрселері аса ілгерлеуінде.Сондықтан үлкен орын алатын қазақ елінің 

мал  өсіру  шаруашылығының  көркейуі  үшін  оның  мәдени  шаруашылық  жақтарын  көтеру  өте 

қажет.  Қазақ  халқы  ішіндегі  негізгі  істің  бірі  қазақ  елінде  әлеумет,  қауым  дүкендерін  ашу,  яғни 

кооперирование деп біліп һәм байлардың құлдығынан құтылудың  шарасы кооперация екендігін 

ескеріп, оның бер жағында Бұқтарма уезіне қараған қазақ елінің ішінде кооперациялардың өзі  түгіл 

дыбысыда жоқтығын ойлап, қазақ елін әлеумет қауымын дүкендерге кіргізу қазіргі уақыттың ең 

зор  ісі  деп  білуге,  сонымен  бүкіл  уезде  ауыл  шаруашылық  қауым  дүкендерін  ашуға»  [17]  -  деп 

кешеуілдеп жатқан  кооперативтік сауда орындарын тез арада қолға алуды баса айтады. 

Басылым  бетінде  ауыл  шаруа  иелерін  жақындастыру  туралы  істелген  шаралар,  кеңестер  де 

көптеп  берілген.  Ділдә  Шайх  Шарапиевтің  «Бейнетқор  мен  ауыл  шаруа  иелерін  жақындастыру 

туралы істеген шара» деген мақаласында «Бірінші нарым болыстық қолқабыс комитетіне: 3 соқа, 

1  астық  ұшыратын  машина,  20  шалғы,  20  қайрақ,  20  әліппе  қазақша.  Тимофеевский  қолқабыс 

комитетіне: бірінші 1 сейлха, 1 соқа, 20 кітапша, 20 әліппе. Позноновский қолқабыс комитетіне: 

1  егін  басатын  машина,  1  ат,  1  тлуб,  30  кітапша,  коваленко.  15  әліппе.  Пролетарский  қолқабыс 

комитетіне: 1 соқа, 1 ат, 50 шалғы, 50 қайрақ, 50кітапша коваленко, 50 әліппе. Коммуна пчелаға 1 

соқа, 50 кітапша, коваленко, 5 әліппе. Коммуна венераға 10 қайрақ, 5 кітапша коваленко, 5 әліппе» 

[18] - деп ауыл шаруашылық иелеріне көрсетілген көмектерді атап өтеді. Бұл іс-шаралар мемлекет 

мекемелерінің алдындағы зор міндеттердің бірі болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет