«Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры»



Дата16.04.2023
өлшемі16,46 Kb.
#83295
Байланысты:
академиялык жазу 1


«Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры» эссе
Еліміздің болашағы жастардың қолында! Саналы ұрпақ тәрбиелеп, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге таныту біздің парызымыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті білікті де білгір болашақ мамандарды дайындауда. Университет жастары білім нәрін сіңіріп, елімізге қызмет етуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолыңда» деген сөзі біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ел ертеңі Президентіміздің даналық сөзін жадымда сақтап, көрсеткен бағыт-бағдарымен, сара жолымен ілгері басып келеміз. Бүгінгі күні талапты да, тапқыр, талғампаз да, терең ойлы, төзімді де, табанды болып өсуіміз туған елімнің жарқын келбеті деп түсінемін. 
Біздің халқымызда атамекенді құрметтеу, ардақтау сезімі өте терең орналасқан. Себебі халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де, ата-бабаларымыз жерімізді, елімізді қорғай білді. Өз елі үшін жанын да, барын да аямады. Талай қиын ауыр кезеңдерден кейін, жарқын болашақтың, еркіндік пен теңдіктің есігі айқара ашылды.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегендіктен кейін, халқымыз еңсесін тік көтеріп болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зуылдап, міне жиырма сегіз жыл өтті.Тәуелсіздік алғанымызға жиырма сегіз жыл деп біз ауыз толтыра айтып, көкірегімізде мақтаныш сезімі кернейді. Әрбір адам үшін жері, Отаны ыстық. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан-бол» -деген, мақалды халқымыз бекер айтпаған болар. Әр елдің азаматы өзінің елі үшін қолда барын аямайды.
Менің туып-өскен жерім, баға жетпес байлығым-Егеменді Қазақстан. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, қараса көз тоймайтын өлкені мен әрқашанда мақтан тұтамын. Мен үшін қазақ елім, жерім, менің асыл қазынам секілді. «Отаны жоқтық нағыз-жоқтық» – деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың ең алғашқы міндеті деп есептей отыра мен өз эссемді аяқтаймын.
Орындаған: Абдолдина Айгерім Ерланқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет