Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет664/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

404


Осы  мәселе  Имам  Әлібеков  «Шаруа  ұйымдарын  ашу  керек»  мақаласында  қозғалады.  Онда 

автор  «Енді тізгінді тағдырға ұстатқан соқыр сенімді қойып тұрмысымыздың тіреуі, өміріміздің 

бұлағы  болғанмал  шаруасымен  егін  салушылықты  өркендетуіміз  керек.  Қалайша  шаруамызды 

оқаймыз, ұлғайтамыз? дейтін болсақ оған біздің айтарымыз-ұйымдас, ұйым аш. Қалайша, қандай 

ұйым  ашамыз?-  деген  сұрауға  айтатынмыз.»  дей  келе  «Шаруамызды  түзетеміз  десек,  бұрынғы 

қалыппен  салақты,  бұрынғы  құралдарды  тастап  өнерлі  жұрттардан  үлгі  алып,  солардың  шаруа 

түзеуге қолданған шараларын, құрал-саймандарын біз де қолдануымыз керек. Жердің қыртысын 

айналдыратын,  егін  салатын,  оратын,  шабатын,  жиятын,  бастыратын,  ұшыратын,  тазартатын 

саймандарды көбірек алуға кірісу керек. Малымызды сұрыптап ұстап, өзінен жақсы айғыр, бұқа, 

қошқарлар, малымыздың сүйегін, сүтін, етін, жүнін қысқасы малымыздың өнімін өндіру керек.» 

[19] деп ежелден келе жатқан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің тірегі мал шаруашылығы мен 

егіншілікті пайда көзіне айналдырып, өркендету үшін бірлесіп шаруа ұйымдарын ашу қажеттігін 

айтады. Мемлекет шаруаларға ауыл шаруашылық мәшинелері мен  жабдықтар сатып алуға несие 

формасында көмек көрсетті. Несие, қарызға тұқым беру  салық және басқа да экономиаклық реттеу 

құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына 

келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.

«Қазақ тілі» газетінің 1924 жылғы 12 наурыздағы 30 нөмірінде жарияланған «Ауыл шаруашылық 

жабдығы» деген мақалада: «Хүкіметтің ауыл шаруасын өңдеу жанындағы амалының бірі шаруаға 

керек  заттарды  елге  қарызға  беру  болды.  Осы  мақсұтпен  1-ші  декабрден  бастап  Семейде  ауыл 

шарусына  қарыз  беріп  жәрдемдесіп  тұратын  бір  қауым  ашылған.  Бұл  қауым  қарызды  екі  түрде 

береді: біріншісі-аз уақытқа, екіншісі-ұзақ мерзімге. Аз уақытқа берілген  жәрдем қазір төмендегі 

түрде болмақшы, тұқым, шаруа малы, күллі егін  пішен саймандарын алуға ақша беру. Екінші ұзақ 

мерзімге: егін, пішен саймандарын, жерді өңдейтін амалдар үшін, май харакетін өсіру жұмыстары 

сияқты  игілікті  істерге  жәрдем  беру  болады»  [20]    деп    ауыл  шаруасына  жасалған  қамдардың 

мақсаты ел ішіндегі шаруаны өңдеу, бұдан пайдалана білу  елдің міндеті екендігін айтады. Осы 

мәселені көтерген «Шаруа қарызы туралы» атты мақалада «Біздің үкіметтің шығыны да басқа елдің 

шығынынан кем емес. Кейбір жерде артық да жері бар. Бірақ біздің үкіметте шығынның бәрі де 

толық  халық  пайдасына  жұмсалып  отырылады.  Мектеп  ұстау,  дәрігерлер  ұстау,  ел  шаруаларын 

жерге  орналастыру, қарыз серіктіктері арқылы кедей қара шаруаларға қарыз беру, мал тұқымын, 

егін кәсібін ілгерілету сияқтыларға жұмсалады » [21]- деп  қаражаттың әлеумет істеріне бөлінгенін 

айтады. 

Қазақстанда  өнеркәсіпті  қалпына  келтіру  процесі  орталықпен  салыстырғанда  неғұрлым 

баяу қарқынмен жүргізіліп 1921-1928 жылдары ғана аяқталды. Бұл турасында «Үлкен өндірістің 

кемтарлығынан одан түсетін түсім мен ғана біздің өкімет керекті толтыралмай отыр. Өйткені үлкен 

өндірістен  тегінде  көп  дүние  өндіру  үшін  оның  өзін  қайтадан  өңдеу  керек  болып  отыр.  Өкімет 

үлкен  өндірісті    өңдеп  болғаннан  кейін  қара    шаруаларға  керек    шаруа  құралын  (соқа,  әр  түрлі 

мәшине және басқа саймандар) болмаса мата,  кәресін, қант, сіріңке, темір сияқты нәрселерді барып 

өзіне керегін шаруалардан айырбастап алып отырмақ.

Өкіметтің  бұған  әлі  жете  алмай  отыр.  Әсіресе  қара  шаруалардың  керегін  толық  бере  алмай 

отыр. Мұның негізгі себебі үлкен өндірістің әлі оңалып жетібегендігі дегенбіз жоғарыда. Үлкен 

өндірісті  дұрыстап  аяққа  бастырғанымызда  оның  жоғарыдағы  мақсұтты  толық  орындайтұнына 

дәлеліміз мынау: Мемлекетіміздегі өндіріс байлығының 62 %  бен кооператив қолында (барлық 1 

миллиард, 7 миллион сомдық). Жай жеке шаруашылық, ұсақ байлар қолындағысы 38-ақ %, (7 ½ 

миллиард сомдық қана) екен.» [21]-деп мемлекетке түсетін  кірісті көбейту үшін өндірісті  өсіріп, 

өркендеуін  тездету  керектігін  баса  айтады.  Өйткені,  жаңа  экономикалық  саясат  кезеңінде  тауар 

айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. РКФСР халық Комиссиариаты Кеңесінің 1921 

жылғы мамырдың 24-індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, ры-

ноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сондай-ақ губернияларда 

кездемеледің,  галантерея  және  бакалея  тауарларының,  ыдыстардың,  қыштың,  ауылшаруашылық 

құрал-саймандарының  астыққа  айырбастауға  арналған  қорлары    құрылған  болатын.  Сондықтан 

ауыл  шаруашылығы  жабдығына  және  шаруашылық  ісіне  берілетін  қарыздардың  маңызын  жете 

түсініп, оны іске асыру үлкен міндет  жүктейді.  

«Қазақ  тілі»  газетінде  халық  ағарту  ісін  өркендету,  денсаулық  сақтау  ісін  ілгерлету,    ауыл 

шаруашылығын қалпына келтіру, ірі өнеркәсіпті дамыту сияқты ірі мәселелер  қозғалды. Газетте 

ұлттық  білім  беру  жүйесін  қалыптастырудағы  халық  сауатын  ашу,  халықты  ілім-білім  мәдениет 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет