Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет78/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер: хинди тілі, ағылшын тілі, англицизмдер, фонетикалық интерференция.

Хинди тіліндегі ағылшын сөздері Үндістанда Британ өкіметінің үстемдік етуімен тығыз байла-

нысты. Англицизмдер – үнді-ағылшын тарихи, саяси, мәдени, әлеуметтік, тілдік байланыстарының 

айқын  көрінісі  болып  табылады  және  олардың  енуіне  ағылшын  тілінде  бұқаралық  ақпарат 

қызметінің  дамуы,  білім  беру  жүйесінің  жолға  қойылуы,  христиан  миссионерлерінің  насихаты, 

үкімет істерінің ағылшын тілінде жүргізілуі сынды факторлар негіз болған.

Үндістанның  миллиондаған  халқы  мен  ағылшын  отаршылдарының  арасында  аудармашы 

қызметін атқаратын адамдардың құрамын қалыптастыру мақсатына ағылшын тілін жедел оқыту 

жұмыстары  қарқынды  атқарылып,  олардың  ағылшын  сөздерінің  дұрыс  дыбыстауына  назар 

аударылмады.  Соған  байланысты  үндістандықтардың  ағылшын  тілінде  ауызша  сөйлеуінде 

британдық  классикалық  ағылшын  тілінің  нормалары  сақталмай,  фонетикалық  интерференцияға 

ұшыраған. У. Вайнрайх интерференцияны «бірнеше тіл білу нәтижесінде кез келген тілдегі қостілді 

адамдардың сөйлеуінде орын алатын тілдік норманың ауытқуы» деп түсіндіреді [1].

Хинди  тіліндегі  ағылшын  сөздерінің  фонетикалық  игерілуін  зерттеуде  ауызша  қатынас 

барысында  70%  фонетикалық  қателіктермен  айтылатындығы  анықталды.  Алайда  коммуникация 

қарым-қатынаста  шетел  сөздерді  фонетика-артикуляциялық  тұрғыдан  таза  және  дұрыс  айту  өте 

маңызды.  Осыған  орай,  И.Е.  Абрамованың  төмендегі  пікіріне  қосыламыз,  «навык  правильного 

произношения на иностранном языке невозможно сформировать, если не развить фонематический 

слух  обучаемых,  не  научить  преодолевать  фонетическую  интерференцию  при  восприятия 

иностранной  речи»  [2].  Аталмыш  мақалада  орыс  тілді  студенттердің  ағылшын  тілінде  заманауи 

фильмдерді  және  хинди  тіліндегі  ақпараттық  бағдарламаны  көру  барысында  англицизмдерді 

қабылдаудың салыстырмалы талдауы қарастырылған.  

Қазіргі  ауызекі  хинди  тілінде  ағылшын  кірме  сөздері  фонетикалық,  морфологиялық  және 

лексикалық интерференцияны бастан кешіруде. Хинди тіліндегі фонетикалық интерференцияның 

ерекшелігі ағылшын сөздерінің дыбыстауда өзгерістерге ұшырау үдерісі болып табылады. Солай 

бола тұрса да, хинди тілінде өзгерістерге түспей дұрыс қолданылатын ағылшын сөздер тобы да 

бар. Ол сөздердің мағынасы да, коннотациялық бағалаштық қасиеті де хинди тілінде толығымен 

сақталған.

Хинди  тілінде  кең  таралған  англицизмдер  мысалдарына  көңіл  аударсақ,  ағылшын  тіліндегі 

сөздердің  орфографиясы  толығымен  сақталғанымен,  олардың  хинди  тіліндегі  орфоэпиялық 

ерекшелігі  байқалады.  Көрсетілген  мысалдардың  алғашқысы  сөздің  орфографиялық  нормасы, 

кейінісі сөздің айтылу орфоэпиясы.



Аccоunt \\ еkаunt, bill \\ bil, bаll \\ bаl1 (синоним gеnd), аssistаnt \\ аsistеnt, bаn \\ bеin, аppеаl \\ 

аpIl, blоtting pаpеr \\ blаting pеpаr, bаrristеr \\ bеiristаr, bоmb \\ bаm, bаthrооm \\ bАthrUm (синоним 

snАngrih,  gusаlhАnА),  bаt  \\  bеit,  bush  shirt  \\  bushshаrt,  dаncе  \\  dАns  (синоним  nАch),  cаrbоn  \\ 

kАrbаn, gоvеrnmеnt \\ gаvаrnmеnt (синоним sаrkАr), dirеctоr \\ dАirеctаr, cаrd \\ kАrd, hеаd-mаstеr \\ 

hеd mАstаr, cinеmа \\ sinеmА, incоmе tаx \\ inkаm tеiks, drаft \\ drАpht, club \\ klаb, judgе \\ jаj, еnginе 

\\ injin, cоаt \\ kоt, lаmp \\ lеimp, fаst \\ fаst, cоmpаrtmеnt \\ kаmpАrtmеint, lаtе-fее \\ lеt fI, filе \\ fАil, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет