Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет87/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

50

бүлікші Әмірсананы тезірек ұстауға көмектесуін өтінгенде: «...дұшпанымыздың дұшпаны – біздің 



досымыз  болмай  кім  болады?...»  [2,  381]  деп  Қабанбай  батыр  ұтымды  жауап  беріп,  артынша 

Әмірсананың  Қазақ  ордасынан  кетіп  қалғанын  айтады.  Генерал  даңқты  қолбасшының  қанатты 

сөзіне тәнті болып:  «сіз соғыста ғана мерген емес, сөзге де мерген екенсіз!...» [2, 381] деп алып 

тұлғалардың қыннан қылыш суырмай бітім тілейтініне іштей қуанады. 

Қабанбайдың  атақ  даңқы  тек  ел  арасында  ғана  емес,  көршілес  елдер  арасында  да  кеңінен 

танылған. Даңқты қолбасшы Ресей елшісі Угримовпен тілдескенде мемлекеттік іске араласпайтынын 

айтып, сыр ашқысы келмейді. Қазақ ордасының ішкі саясатына құлақ түре жүретін  елші: «...Қазір 

қазақ елін басқаруда батырлардың үлесі өте жоғары екенін біз жақсы білеміз. Мәселен, Жәнібек 

батыр,  сіздер  оны  Шақшақ  Жәнібек  дейсіздер  ғой,  өзіне  қарасты  біраз  рулармен  бірге    Ресей 

патшалығының    қамқорлығына  бөленіп  отыр.  Ал  сіздің  беделіңіз  қазір  кез-келген  сұлтаннан 

жоғары.  Соған  қарамастан,  бүгінгі  күнге  дейін  Ресеймен  арадағы  бірде-бір  келіссөзге,  не  ант 

беруге қатыспауыңыз    қалай?...» [2; 122]. деп сұрақты төтесінен қояды. Жекпе-жектен де, сөзден 

де жеңілмеген ұлы тұлға ел мен елдің арасындағы татулықты құрметтейтінін алға тартып, біреуге 

кіріптар болуға, бодандыққа жан-тәнімен қарсы екенін айтып, туған жеріне көз алартқан жауды 

жеңу әсілі батырдың парызы екенін мықтап айтады. 

Қабанбай батыр жаугершілік заманда қазақтың басына біткен бағы. Ол өзінің болмыс бітімімен 

өзгелерден  ерекшеленеді.  Туған  халқы  ерен  еңбегін  бағалап,  көзі  тірісінде  ұранға  айналдырған. 

Көзі тірісінде ұранға айналған екі адам болса, біреуі Абылай, екіншісі Қабанбай болатын. Ешкім 

соғыс тілеп тумайтыны хақ. Тарихи-романның бас қаһарманы соғысты жан-тәнімен жек көретін-ді. 

Жеті жасында-ақ әкесі Қожақұлдың өлімінен кейін соғыстың қайғы қасірет екенін жақсы түсінген. 

Ержеткен  кездегі  ағасының  өлімінен  кейін,  ереуіл  атқа  ер  салып,  егеулі  найзасын  қолына  алуға 

мәжбүр болады. Батыр ертегідегі кейіпкерлер сияқты күн сайын өспейді. Бар болғаны он үш жасында 

бойы сорайып, үлкендермен теңесіп, тай-құнандардың белін қайыстырып жіберетін болған. Ерасыл 

бала күнінде батыр болып, қол бастап, ту ұстаймын деп ойламаған. «Ерасыл»  ұлы тұлғаның азан 

шақырып қойған есімі. Сорайған бойы мен алып денесіне қарап, жеңгелері «Нарбала» деп атайды. 

Ал  «Қабанбай»    жездесінің  қойған  есімі.  Керейдегі  апа-жездесінің  қолында  тұрып  жүрген  кезі 

болатын. Зайсан көлінің жағасында жылқы бағып жүріп, табан асты жабайы шошқаға тап болады. 

Құнан өгіздей жыртқыш Ерасылға атылады. Ерасыл екі қабанды бірдей жайратып салады. Міне сол 

сәттен бастап «Қабан батыр» атанып кетеді. Қабанбайдың «Дарабоз» атануы себеп болған ақбоз 

тұлпары.  Ойрат  қолымен  болған  соғыста  қалың  қолдан  оқ  бойы  алға  ұзап  шығып  кетеді.  Ұрыс 

алаңын алыстан көзбен шолып тұрған Абылай ақ боз атқа мініп шыққан қолбасшыны танымайды. 

Кейіннен  Қабанбай  екенін  біліп,  жорықтағы  есімің    «...Қабанбай  атың  хан  ұранына  айналып, 

жорықтағы есімің Дарабоз болсын!...» [2, 100] деп сый-сыяпат жасайды.

Шығармада құрдастар арасындағы зілді әзіл де суреттеледі. Қабанбай атағы жер жарып тұрса 

да жас кезінен қатар өскен Шағалықтың тіке сөйлейтін мінезін көтере білген.  Тұлпары Қубастың 

күтімін  жасайтын  замандас  атбегісі  алыс  жортуыл  болмаса,  бұл  атты  Қабанбайдың  өзіне  де 

мінгізбейтін болған. Ол аз болғандай  «...Жау келгенде ел қорғап, қайраты тигені болмаса, әншейінде 

не тамаққа тойып бермейтін, не көлік шақ келтірмейтін, бұл батыры түскірлер – құдайдың масылы 

ғой...» [2, 81] деп ұрсатын кездері болыпты.  Ат жалында өскен батыр ондаған басты қанжығасына 

байласа  да  адамның  ұлы,  жаратушы  Алланың  құлы  екенін  естен  шығармаған.  Жаугершілік 

заманда ата-дінді берік ұстай алмаса да нәпсіге еріп, ар-ұяттан аттамаған. Алайда ырымшыл халық 

Қабанбайды арқа тұтып, ұстаған бұйымдарын киелі деп санаса керек. Бас сардар кезекті жорықтан 

келе  жатып,  Есенгелді  бастаған  Қызай  жігіттерінің  ауылына  түседі.  Көрші  отаулардың  бірінде 

Есенгелдінің әйелі толғатып жатады. Толғатып жатқан келініңізге медет болсын деп Қабанбайдың 

кісесі мен қылышын сұрап алады. Көпшіліктің тілеуі қабыл болып, жаратқан оң толғағын береді. 

Бірақ Есенгелді қуанышты жағдайды даңқты қолбасшының шарапатына балайды. Алайда Қабанбай 

күпірлік сөз айтпауды қатаң ескертіп «...Есепке себеп демесең, бәрі Алланың қолында...» дейді [2, 

141].


Қабанбай келер ұрпақтың игілігі үшін алпыс жыл бойы аттан түспеді. Қабанбайша тіршілік 

етіп,  Қабанбайша  дүниеден  озады.  Тіпті,  қартайған  шағында  қырғыз  батыры  Қарабекпен  соңғы 

жекпе-жегінде жеңіске жетіп, артынан өзі көз жұмады. Бір ескерте кететін жәйт, қырғыз батыры 

қылыш сілтеп үлгерместен мерт болады. Қарт батырдың ажалы ұзаққа созылған ауруынан болса 

керек. Бұл бас сардардың хәл үстінде жатып «...бүйтіп қор болғанша, қан майданда қас жауыммен 

шайқасып жүріп өлмедім-ау!...» [2, 399] деп құдайдан тілеп алған жекпе-жегі болатын... 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет