№ 3 (106) 2015
551
1991жылы Кеңес Одағының ыдырауы, бұрын оның құрамында болған он бес одақтас
республиканың өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялауы, олардың бірқатарының біртіндеп батыстық
бағыт ұстануы бұрыннан қалыптасқан экономикалық байланыстарды үзді. Жаңадан тәуелсіздігін
алған елдердің экспорттық әлеуетінің төмендігі, жаңа интеграциялық байланыстардың құрылмауы,
жаңа рынок таба алмау олардың экономикалық жағдайын қиындатты. Елде инфляцияның өсуі,
ақшаның сатып алу қабілетінің төмендігі басқа да факторлар ықпалы экономикалық дағдарысқа
әкелді. Осындай жағдайда жаңа экономикалық одақтың қажеттілігі жөнінде мәселе көтеріле ба-
стады. Бірақ ол қандай болуы керектігі жөнінде 90-шы жылдары нақты ұсыныс пен пікір болмады.
1991 жылдың 21 желтоқсанынында Алматыда 11 мемлекет Алматы Декларациясына қол қойды.
Онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылып, посткеңестік мемлекеттер басшыларының
саммитінде жойылып бара жатқан супердержаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі
тоқтатылды [1].
Қазақстанның және бұрынғы Одақтың өзге республикаларының көптен күткен тәуелсіздікке
ие болуының қуанышты сезімі КСРО-ның ыдырауымен туған қиыншылықпен астасып жатты. Ол
кезеңде саяси дағдарыс экономиканы одан бетер тұқырта түсті. Бұрын болған біртұтас шаруашылық
механизмі күйреп жатты. Жекелеген кәсіпорындар ғана емес, бүтіндей салалар тоқтады. Көптеген
адамдар жұмыссыз және күнкөріске қажетті қаржысыз қалды. Электрсіз қалған қалалардағы
пәтерлердің терезелері үңірейген қара қуыстарға айналды, қарапайым жылу да болған жоқ. Мұндай
көрініс іс жүзінде бұрынғы Одақтың барлық өңірлеріне де тән болды.
Осындай жағдайда экономикалық дағдарыстан шығудың және дамудың жолы мемлекетаралық
экономикалық одақ құру еді.
Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы 29 наурызда Мәскеуге арнайы сапары кезінде М.В.Ломоносов
атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және
студенттермен кездесуі өтті. Осы кездесуде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ТМД кеңістігінде
сапалық жаңа интеграциялық бірлестік – Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясын
ұсынды. ЕАЭО құрудың қажеттілігі мен оның мақсатын айқын көрсетті.
Басты мақсаттың бірі – экономикаларымызды бірлесе жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін елдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін біріктіру. Бізге өзге интеграциялық
бірлестіктердің, ең алдымен Еуроодақтың тәжірибесін ескеру маңызды. ...қатысушы елдің бірде-
бірінің деиндустриализация үдерісіне ұрынып қалмауы, ұлттық экономикада өнеркәсіптің дәстүрлі
салаларының, ауыл шаруашылығының құлдырауын болдырмау... – деп жазды [2].
Шегініс жасасасақ, Еуразиялық идеяның бастау көзінде ХХ ғ. 20-шы жылдарындағы
П.Н.Савицкий, Н.С.Трубецкой, Г.В.Флоровский, П.П.Сувчинский көзқарасы жатты. 20 –шы
жылдардағы орыс эмигранттарының идеясы мен Л.Н.Гумилевтің оны одан әрі терең дамытуын
«еуразиялық бірлестік» даму мүмкіндігі екендігін біздің Президент Н.Назарбаев терең білді.
2014 жылдың 29 мамырында Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан На-
зарбаев, РФ Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лука-
шенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды [3].
Президент Н. Назарбаев «...посткеңестік кеңістіктегі бұл жобаның түрлі аспектілерін дамыту
мен нақтылауды жалғастыруға дайын екендігін білдірсе [4], Президент В. Путин «заманауи әлемнің
полюстерінің бірі болуға лайықты қауқарлы ұлтаралық құрылым» деген пікір білдірді [5].
Қазіргі кезеңде Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үстінде. Негізі,
Еуразиялық идея ұсынғаннан бергі кезеңде, Қазақстан Президентінің белсенді қатысуымен осы
идеяның жүзеге асуы айқындалып, мемлекетаралық қатынастар негізінде посткеңестік кеңістіктегі
экономикалық бірлестіктер қалыптасты. Бұл үрдіс бірнеше, бір бірімен тығыз байланысты
кезеңдерден өтті.
1993 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен саммитте біртұтас экономикалық кеңістік құру
идеясы қолдау тауып, Экономикалық Одақ (ЭО) Шарты негізінде 1993 жылдың қыркүйегінде
ол жүзеге асырылды. Н.Назарбаев Экономикалық Одақ бұрынғы КСРО кезіндегі Экономикалық
Өзара Көмек Советі (СЭВ) көшірмесі болмау керектігін айтып, Еуропалық Қауымдастық секілді
тәуелсіз, экономикалық жағынан теңқұқықты мемлекеттер альянсы ретінде құрылу керек екендігіне
тоқталды.
1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол
қойды, бұл субъектілер тараптарына еркін тауар айырбасын, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге
тиісті болды. Кейінірек оған Қырғызстан мен Тәжікстан қосылды.