Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет880/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   876   877   878   879   880   881   882   883   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

552


2000  жылы  Бішкекте  Кедендік  одаққа  кіретін  Қазақстан,  Ресей,  Белоруссия,  Қырғызстан, 

Тәжікстанның  мемлекетаралық  кеңесінде  жаңа  халықаралық  ұйым  –  Еуразиялық  экономикалық 

қауымдастық  құрылды  [6].  2002  жылы  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Өзбекстан 

президенттері Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. 

2003  жылы  Мәскеуде  Қазақстан,  Беларусь,  Ресей,  Украина  президенттері  Бірыңғай 

экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.2007 жылы Душанбе қаласында бірыңғай 

кедендік  аумақты  құру  және  кедендік  одақты  қалыптастыру  туралы  Келісімге  қол  қойылды, 

экономикалық интеграцияны белсенді дамыту міндеті қойылды.

2008  жылы  Дағдарысқа  қарсы  қорды  және  жоғары  технологиялар  Орталығын  құру  шешімі 

қабылданды.

2010  жылы  Кедендік  одақ  жұмыс  істей  бастады,бұл  «үштік»  аумағындағы  тауарлар  мен 

қызметтердің бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз етті.

2011 жылы –«интеграциялық үштік» мемлекеттерінің президенттері Еуразиялық экономикалық 

интеграция  және  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікке  ауысу  туралы  Декларацияға,  Еуразиялық 

экономикалық комиссияны құру туралы Келісімге қол қойды.

2012  жылы  Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктің  құқықтық  негізін  құрайтын  халықаралық 

келісімдер күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссия өз жұмысын бастады [7].

Мәселені  терең  ашу  үшін  экономикалық  зерттеуде  кең  қолданылатын 

SWOT  анализ  әдісі 

арқылы талдалық. Ол үшін, бастапқыда ЕАЭО және оның Қазақстан үшін күшті, тиімді жақтарын 

айталық.

Бірінші, еуразиялық интеграция идеясын қолдаушылар – кеңістікте 170 млн адамдық нарық 

қалыптасады, Қазақстанға өз өнімін сыртқа еркін шығаруға жол ашады деп санайды. Теориялық 

тұрғыдан бұл Қазақстан үшін  өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық салаларының өсуіне серпін болу 

керек.    Бұл  Ресей  шекарасына  жақын  орналасқан  қазақстандық  облыстардың  бизнесіне  жақсы 

болашақ ашады деп есептейді.

Екіншіден, Қазақстан сырттан инвестиция  тартады немесе өзі Ресей, Белорусқа қатысты тиімді 

жобаларға инвестиция құяды. Осы мақсатқа жету үшін де «Инвестициялық климатты жетілдіру 

мәселелері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» заңы жедел түрде әзірленіп, қабылдады.  Оған Н. Назарбаев 2014 

жылдың 12 маусымында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 отырысында қол қойды.

Құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы 

экономиканың  әлеуетті  секторы  үшін  қаржы  салуға  дайын  инвесторларды  мүлік  салығынан 

босату қарастырылған.  Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық 

шығындардың    30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны 

іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде  ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат 

етеді.

Оған қоса, инвесторларға салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі.  Тек қосымша 



құн салығы мен акциздік алымға ол қатысты емес. 

Үшінші, бірыңғай нарық аясында қажетті жұмыс күшін тартуға болады. Бұл маңызды өнеркәсіп 

салаларын дамытуға жол ашады. 

Төртінші, Қазақстан үшін ең бастысы, Белорусь және Ресеймен сыртқы сауда көлемі артады.  

Бесінші, ІЖӨ өседі, оның қарқыны жыл сайын көтеріледі. 

Алтыншы, бәсекелестік пен өнім сапасы артады. 

Жетінші жаңа жұмыс орындары ашылады. 

Сегізінші халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы әлеуметтік  тұрақтылық пен демографиялық 

өсімді арттыруы тиіс.

ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009  жылдарда Қазақстанның 

Ресеймен сыртқы сауда көлемі  $20 және $12,4 млрд болса, онда   2010 жылы ол   $17,4 млрд-ға 

дейін жеткен, ал бір жылдан кейін  -   $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы 

көрсеткіш  сақталды.  Бұл  жылдары  Қазақстанның  РФ-мен  сыртқы  сауда  айналымы,  сәйкесінше   

$23,1 және $23,5 млрд. болды 

[8]



Еуразиялық интеграцияның тиімді жақтарымен бірге, Қазақстан үшін тиімсіз, кері салдары да 



бар. Бұл Қазақстанның әлсіз жақтары. 

Қазақстанның әріптестерімен сыртқы сауда айналымының артуымен қатар импорт экспорттан 

артып кетті.   Сондықтан, Қазақстан экономикасы үшін экспортының төмен, ал импорттың жоғары 

болуы қауіпті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   876   877   878   879   880   881   882   883   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет