Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет901/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   897   898   899   900   901   902   903   904   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

568


(Германияның  ЕО-та  төрағалық  еткен  жыл)  «Жаңа  серіктестік  стратегиясының»  бөлінбес  бөлігі 

болып табылады.  

2008  жылы  1  сәуірде  Берлинде  өткен  «Су  бірлестіреді»  (“Water  Unites”)  атты  су  ресурста-

ры  бойынша  конференцияда  Германияның  Сыртқы  істер  министрлігі  «Орталық  Азия  үшін  су 

инициативасының»  басталғандығын  жариялады.  Бұл  инициатива  Германия  үкіметінің  Орталық 

Азия елдеріне су ресурстарын басқару мен суды трансшекаралық ынтымақтастықтың күшті негізіне 

айналдыруға байланысты қолдау көрсетуін білдіреді. Бірінші кезекті міндет Орталық Азияда суды 

шектеулі ресурс ретінде қолдануда ынтымақтастықты нығайта алатын, ал келешекте су және энер-

гия ресурстарын бірлесе басқаруға алып келетін саяси бірлесу үдерісін бастау болып табылады. 

«Орталық Азия үшін су инициативасы» мына төрт іргетасқа негізделеді: 

1. Трансшекаралық су ресурстарын басқаруға қолдау жасау; 

2. Трансшекаралық су ресурстарын басқару саласында ғылыми білім мен тәжірибе жинақтау;

3. Германия, басқа да Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттерінен және Орталық Азия елдерінен су 

ресурстары мамандарын біртұтас кәсіби желіге біріктіру; 

4. Қазақ-Герман Универститетінде «Су ресурстарын басқару» мамандығы бойынша оқу кур-

сын ұйымдастыру (Қазақстан, Алматы қ.) [5]. 

ЕО-тың  Орталық  Азия  үшін  стратегиясы  іспеттес  Германияның  Орталық  Азия  бойынша 

стратегиясы  2010  жылы  жарияланған  болатын.  Бұл  Стратегия  да  Орталық  Азия  мен  Германия 

арасындағы  барлық  салаларда  ынтымақтастықты  қамтиды.  «Қоршаған  орта  және  су»  бөлімін 

қарастырар болсақ, Германия, негізінен, су ресурстарын басқарудажәне басқа да су мәселелерінде 

қолдау көрсетуге дайындығын байқауға болады. Жобалар мысалы ретінде су ағынын спутниктік 

құралмен бақылау, каналдарды қайта қалпына келтіру, тамшылы суару, су сақтайтын орындарды 

(резервуарлар) тазалау және тереңдету сияқты әрекеттер келтірілген. Германия басшылығы осындай 

жобаларға 14,3 миллион еуро бөлді [6].  

«Орталық Азия үшін су инициативасы» шеңберіндегі ынтымақтастыққа арналған «Орталық 

Азиядағы су дипломатиясы» атты конференция Берлинде 2012 жылдың 7-8 наурыз күндері өтті. 

Орталық Азияның бес мемлекеті мен Германия ынтымақтастықты ары қарай жалғастыруға ниетті 

екендіктерін  жариялады  және  осы  инциативаның  бірінші  кезеңінің  сәтті  болғандығын  айтты. 

2012-2014 жылдар аралығында орталықазиялық мемлекеттердің бірлескен күштері Берлин үдерісі 

шеңберінде жұмыстарын жалғастыра береді.

«Берлин үдерісінің» кеңірек бағдарламасы «Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын 

басқару» болып табылады. Бұл бағдарламаны Германия сыртқы істер министрлігі тапсырмасымен  

«Deutsche  Gesellschaft  für  Internationale  Zusammenarbeit  (GIZ)  GmbH»  қауымдастығы  жүзеге 

асырып келеді. Бағдарлама шеңберінде 2009-2014 жылдары аралығында Орталық Азия елдерінің 

су  шаруашылығы  секторында  ынтымақтастықты  нығайтып  қана  қоймай,  аймақ  тұрғындарының 

өмір сүру деңгейін көтеруге шаралар жасалуда.

GIZ бағдарламасы Германия Сыртқы істер министрлігі тапырмасымен барлық бес мемлекетте 

жұмыс атқарады және ұлттық және аймақтық серіктес ұйымдармен бірлесе жасалған концепция 

шеңберінде іс-шаралар жүзеге асырады [7]. 

Орталық Азияның су мәселесі көптеген Еуропа елдерінде қызу талқыға салынып, кеңестер мен 

ұсыныстар жасалып келеді. Көбінесе, Арал және ірі ГЭС салу мәселелерін Өзбекстан көтеруде. 

Осы мәселелер талқыланған кейбір Еуропа елдерінде, еуропалық мамандар және билік өкілдері 

қатысқан жиындар мен конференцияларға тоқталып өтейік.

ГФР-ның Бонн қаласында «Хорезм облысы мен Арал маңында зерттеу және ғылыми қызмет 

тәжірибесі»  тақырыбында  ақпараттық  іс-шара  өткізілді.  Арал  теңізі  суын  қолдануға  қатысты 

мәселелер мен экологиялық жағдай талқыланды. Бонн университеті жанындағы Даму мәселелерін 

зерттеу  орталығы  мен  «Германия-Өзбекстан»  қоғамдастығы  Өзбекстанның  ГФР-ғы  елшілігі 

қолдауымен өткен жиынға Германияның министрліктері мен ведомстволарының, қоғамдық-саяси 

және ғылыми-зерттеу топтарының өкілдері, журналистер қатысты. 

Өзбекстанда Бонн университеті жанындағы Даму мәселелерін зерттеу орталығы «Хорезмдегі 

жер және су ресурстарын басқаруды экономикалық және экологиялық қайта құрылымдау» ғылыми-

зерттеу жобасын жүргізіп жатқандығын айтты. Жобаның Өзбекстандағы координаторы Дж.Ламерс 

экологиялық жағдайдың дұрысталуы халықаралық қауымдастықтың белсенді араласуымен орын 

алатындығын  айтып  кетті.  Сонымен  қатар,  Өзбекстанның  мақта  алаңдарын  50  мың  гектарға 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   897   898   899   900   901   902   903   904   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет