Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
566
Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қоршаған ортаға байланысты ынтымақтастық
Еуропалық Комиссия мен ЕО мүше-мемлекеттерінің түрлі аймақтық және екіжақты жобалар қамтылған.
Қазіргі кезеңдегі Орталық Азия аймағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Еуропалық Одақ
елдері үшін маңыздылығы және оны шешу жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: экология, су ресурстары, жер, ластану, шөлдену, құрғақшылық, қоршаған орта.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді түрлі көріністе пайда болып жатқан жаһандық экологиялық
мәселелер ерекше толғандырып келеді. Жер бетін мекен етушілер санының күрт көбеюі мен
табиғатқа антропогендік әсердің күшеюі ғаламдық экологиялық жағдайды қиындата түсті.
Экономикалық жедел даму, ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаға, онда мекен етуші
адамдардың денсаулығына зиянын тигізіп жатыр. Адамзат табиғатты құрбан ету арқылы дамудың
салдарларына енді көңіл бөле бастады. Дегенмен, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл
мәселелер талқыланып, шешілу жолдары іздестіріліп келеді.
Орталық Азия аймағы қоршаған ортаны қорғау саласында Еуропалық Одақ және жеке
Еуропа мемлекеттерімен тығыз қатынас орнатқан. Еуропа, соның ішінде ЕО, Орталық Азияның
дамуына үлкен мән береді. Экономикалық, саяси, адам құқықтарын қорғау салаларында қолдау
көрсеткеніндей, экологиялық бағытта да көмек көрсетіп келеді. Жалпы, қоршаған ортаны қорғау
саласында ынтымақтасудың негізін қалаушы құжаттардың бірі – 2007 жылы қабылданған ЕО-
тың Орталық Азия үшін жаңа серіктестік стратегиясы. Бұл құжатта ынтымақтастықтың барлық
бағыттары қамтылған, ал «Қоршаған орта тұрақтылығы мен су» бөлігі экологиялық салаға арналған.
Стратегияда су мәселесі ХХІ ғасырдың бірден-бір маңызды мәселесі болатындығы, Орталық
Азиядағы су сапасы, трансшекаралық су қиыншылықтары келтіріле отырып, келесі әрекеттер
жасалу қажеттілігі көрсетілген:
•
орман шаруашылығын басқаруды дамыту;
•
бірлескен су басқару саясатын жасау (жоғарғы ағыс пен төменгі ағыс сыйластығы).
«ЕО су мәселесінде ынтымақтасуға ерекше қызығушылық білдіреді, әсіресе, 2015 жылға қарай
Таза ауыз су және жақсы санитарлық жағдай үшін Мыңжылдық Даму мақсаттарына жету міндетін
орындауда. Су басқаруда ынтымақтасу аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жағымды әсер етіп,
экономикалық дамуды қолдайды.
ЕО-Орталық Азия арасында қоршаған орта саласында диалог 2006 жылы көктемде басталды.
Энергетикалық ресурстарды өндіру және тасымалдауға, сонымен қатар, климаттың өзгеруі мен
табиғат апаттары алдында әлсіздігіне қатысты қоршаған орта мәселелері маңыздылыққа ие».
Стратегияда көрсетілгендей, ЕО өзіне келесі әрекеттерді мақсат етеді:
ЕО Су инициативасының EECCA (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) компонентін
қауіпсіз сумен қамтамасыз ету мен тазалық және су ресурстарын бірлесе басқару үшін іске асыруда
қолдау көрсету;
Трансшекаралық өзен бассейнін басқаруын және де Каспий теңізі қоршаған орта
Конвенциясы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты дамыту;
Трансшекаралық жер үсті және жер асты су ресурстарын басқаруда, оның ішінде, су
қолданудың тиімдірек тәсілдерін ендіруде ерекше қолдау көрсету;
Суға қатысты инфрақұрылым жобаларын қаржыландыруды сәйкес шеңберде жақсарту
үшін, оның ішінде қоғамдық жеке серіктестік қорларын тарту арқылы ынтымақтастықты күшейту;
Бірлескен су басқару мен ГЭС салу бойынша аймақтық мүмкіндіктерді қолдау;
ОАР-мен климат өзгеруі бойынша ынтымақтасу, оған қоса Киото Протоколы механизмдерін
аймақтық деңгейде енгізу және ары қарай орындауда қолдау;
ОАР-мен шөлденумен күресте және биоалуантүрлілікті сақтауда ынтымақтасу, сонымен
қатар, БҰҰ Биологиялық алуантүрлілік пен шөлденумен күрес бойынша Конвенциясын орындауда
қолдау көрсету;
Орталық Азияның ормандарын және басқа да табиғи ресурстарын тұрақты басқаруды
нығайту;
Қоршаған орта туралы ақпараттану мен ОААЭО-мен (Орталық Азия Аймақтық экологиялық
орталығы) біріге отырып, азаматтық қоғамды экологиялық жағынан дамуын қолдау.
Барлық аталған маңызды мәселелерді ескере отырып, ЕО сұрақтарға да назар аударады:
ОАР ауа ластануының алдын алу мен бақылау үшін саясаттарын дамытуда қолдау көрсету;
Орталық Азиядағы табиғи апаттарға дайындық пен аймақ мүмкіндігін бағалауды жаңарту;
|