Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет900/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   896   897   898   899   900   901   902   903   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

567


Қоршаған орта қауіпсіздігі инициативасымен ынтымақтастықты жеделдету [1].  

ЕО-тың Орталық Азияға арнаған 2007 жылғы бұл стратегиясының алға жылжуына байланысты 

есеп жасалынып тұруы да талап етілген болатын. Сол себепті, 2008 жылдың 23 маусымында Еуропа 

Комиссиясы мен Кеңесі Еуропа Кеңесіне ЕО Орталық Азия бойынша стратегиясының алға жылжуы 

туралы  біріккен  есебін  жариялады.  «Қоршаған  орта  және  су  ресурстары»  бөлімінің  есебінде 

аймақтағы су мәселелерін шешуде аймақтық ынтымақтастықтың қажеттігі ескертілген. Аймақтағы 

суды тиімді қолдануды жетілдіру, оның ішінде жоғарғы және төменгі ағыстардағы мемлекеттердің 

арасындағы шиеленісті шешуге көңіл бөлу  керектігі ЕО мен Орталық Азия консультацияларында 

растады.  

Италия,  өз  кезегінде,  ЕО  қоршаған  ортаны  және  су  ресурстарын  басқару  саласындағы  бас 

координаторы болуды өз мойнына алды. Алғашқы координациялық кездесу Римде 2008 жылы 30 

мамырда өтті. 

ЕО пен Орталық Азия арасындағы қоршаған ортаға байланысты ынтымақтастық Еуропалық 

Комиссия  мен  ЕО  мүше-мемлекеттерінің  түрлі  аймақтық  және  екіжақты  жобалар  жүргізуі,  оған 

қоса су ресурстарын, Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығын басқаруда қолдау көрсету 

мен Киото хаттамасының және Орхус Конвенциясының ережелерін ендіру арқылы көрініс тауып 

жатыр.


Стратегияның  орындалуы  барысындағы  нақты  қадамның  бірі  ретінде  ЕО  Су  инициативасы 

қағидаларына  негізделген,  Орталық  Азиядағы  су  ресурстарын  қолдануға  қатысты  мәселелерді 

шешуге және нақты ұсыныстар дайындауға құрылған ЕО пен Орталық Азия арасындағы қоршаған 

орта  сұрақтары  бойынша  диалог,  және  де  ЕО-Орталық  Азия  су  ресурстары  бойынша  жұмыс 

Тобы  келтірілген.  Оның  нәтижесінде  2008  жылдың  қаңтарынан  бастап  Орталық  Азиядағы  су 

қолдану  ұлттық  саясаты  сұрақтары  бойынша  диалогтар  жұмысын  бастады.  Бұл  инициатива  Су 

инициативасымен қатар жүргізіледі.

Қарастырылып  отырған  салада  жұмыс  атқаратын  халықаралық  және  аймақтық  ұйымдармен 

жұмыс атқара отырып, ЕО жоғарғы және төменгі ағыста орналасқан мемлекеттермен бірлесе, саяси 

даму жағынан қолдау көрсетуді жалғастыратындығын Есепте атап өткен [2].      

1991  жылы  басталған  «Еуропа  үшін  қоршаған  орта»  үдерісі  алғаш  халықаралық  келіссөз 

үдерісіне енген ОАР үшін маңызды рөл ойнады. Аймақтың қатысуы София (1995)  және Орхус 

(1998) конференцияларында қолдау тапты. Нақтырақ айтқанда, Орхуста аймақ елдерінің қоршаған 

ортаны қорғау бойынша субаймақтық бағдарламасын (ҚОҚАӘЖ) жасауды бастау шешімі қолдауға 

ие болды. Аймақтың біраз елдерінде басталған ҚОҚҰӘЖ үдерісі маңызды қадам болды [3]. 

«Еуропа  үшін  қоршаған  орта»  үдерісі  аймақта  орналасқан  БҰҰ  Еуропалық  экономикалық 

комиссиясы  мүше-мемлекеттерінің,  осы  аймақтағы  БҰҰ  жүйесінің  ұйымдарының,  басқа  да 

үкіметаралық  ұйымдардың,  аймақтық  және  субаймақтық  экологиялық  орталықтардың,  басқа 

да  негізгі  топтардың  бірегей  серіктестігін  көрсетеді.  Бұл  үдерістің  хатшылығы  қызметін  БҰҰ 

Еуропалық экономикалық комиссиясы атқарады.   

«Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісін бұрынғы Чехословакияның Қоршаған ортаны қорғау 

бойынша министрі Йозеф Ваврушек бастады. Алғашқы конференция Прага жанындағы Добржиш 

сарайында 1991 жылы 21-23 маусымды өтті. Содан бері бес конференция өтті: 1993 жылы 28-30 

сәуірде Люцерн конференциясы (Швейцария); 1995 жылдың 23-25 қазанында София конференциясы 

(Болгария); 1998 жылы 23-25 маусымда Орхус конференциясы (Дания); 2003 жылы 21-23 мамырда 

Киев конференциясы (Украина), 2007 жылы 10-12 қазанда Белград конференциясы (Сербия). Ал 

алтыншы конференцияда (Белград, Сербия) Министрлер «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісін 

оның  пайдалы  әрі  маңызды  болып  қалуы  үшін,  тиімділігін  арттыру  мақсатында  реформалауға 

келісті. 

Министрлердің жетінші конференциясы Астана қаласында (Қазақстан) 2011жылдың 21 және 

23 қыркүйек аралығында өтті. Конференцияда екі негізгі тақырып қарастырылды: Су және суға 

қатысты  экожүйелерді  тұрақты  басқару;  Экономиканы  экологияландыру:  экономикалық  дамуда 

қоршаған орта мәселелерін ескеру [4]. 

Орталық  Азияның  қоршаған  орта  жағдайына,  нақтырақ  айтсақ,  су  мәселелеріне  Германия 

алаңдаушылық  білдіруде.  Германия  мен  Орталық  Азия  ынтымақтастығы  «Берлин  үдерісі» 

шеңберінде орнаған. 

«Берлин  үдерісі»  барлығына  ашық  және  ЕО  пен  Орталық  Азия  арасындағы  2007  жылғы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   896   897   898   899   900   901   902   903   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет