Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
574
Орталық Азия саясатының қазіргі кезеңдегі бағыттарын анықтау мақсатында Б.Обама
әкімшілігінің саяси стартегиясын қарастырсақ. Б.Обама әкімшілігінің ОА-да әскери саясатын
жүргізу амалын төрт басты бағытқа бөлуге болады [8].
Бірінші, Вашингтон саясаты бұрынғыдай «Үлкен Орталық Азия» құруға, сонымен қоса аймақ
елдерін өз ықпалының аясына кіргізуге бағытталған. Американдық әкімшілік ОА-ны «тұрақсыздық
доғасы» (Ауғанстан, Иран, Пәкістан) мен аймақтың басқа да бірқатар елдерін қамтитын
«жауапкершілік аймағын» кеңейту объектісі ретінде қарастырады.
Екінші, осы бағытта Б.Обама қабылдайтын шешімдер ауған-пәкістан мәселесімен ұштасады.
Бұл Ауғанстан мен Пәкістанға әскери көмекті арттырумен, ауғандық армия дайындығымен,
бірлескен іс қимылға ауғандық билікті кеңінен тартумен байланысты.
Ауғанстаннан американдық әскерлерді шығару Вашингтонның Орталық Азияға бақылауының
жоғалуына және ҚХР мен Иранға қарсы стратегиялық плацдармынан айырылуына әкеліп соғуы
мүмкін, сондықтан американдық әкімшілік жариялаған әскерді шығару мерзімі үнемі ауысып
отыратындығын күтуге болады.
Үшінші, АҚШ әкімшілігі Орталық Азия елдеріне «шабуылын» және одан Ресей мен Қытайды
ығыстыру әрекеттерін күшейтеді. Бұл Б.Обаманың Дж.Буш әкімшілігінің «Үлкен Орталық Азия»
стратегиялық жоспарын қолдайтындығынан білдіреді. Б.Обама өзінің АҚШ президенттігіне
сайланғанынан кейін бірден Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа қоңырау шалуы және оны «АҚШ
досы» деп атауы кездейсоқ емес. ЕурАзЭҚтегі мүшелігін тоқтатқан Өзбекстанға американдық
әскерилер Бұхара облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы снарядтар жарылысы салдарын жоюға
көмектесті. Бұрын мұндай мәселелерде Ташкенттің ҰҚКҰ бойынша серіктестері көмектесетін.
Төртінші, Вашингтон Иранның ШЫҰ-дағы толыққанды мүшелігінің келешегін тек
Еуразиядағы ғана емес, тұтас әлемдегі Америка мүдделеріне қауіп ретінде қарастырып отыр.
Американдық сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда осы ұйымның «жаһандық амбицияларға ие
антиамерикандық альянсқа» айналу қаупі тууы мүмкін.
Вашингтон стратегиясы тек қана ұлттық саяси-экономикалық басымдықтарға ғана
негізделетіндіктен, ол үшін аймақта АҚШ жақтастары болып табылмайтын басқа державалардың
күшеюі тіптен тиімсіз.
Алдағы уақытта және қазіргі кезеңде Вашингтон іске асыруға тырысатын басты міндеттер
қатарына мыналар кіреді:
Әскери-саяси салада – Орталық Азиядағы әскери орналасуын күшейту және Иран мәселелеріне
қатысу, Қытайды тежеу және Ресейге қысым көрсету мүмкіндігі үшін плацдарм құру, ал келешекте
– Үндістан, Ауғанстан, Пәкістандағы және басқа да Оңтүстік Азия елдеріндегі халықаралық
террористер мен ислам радикалдары әрекеттеріне жедел жауап қайтару, наркотрафикті бақылау
мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Экономикалық салада – Орталық Азияның энергиялық қорына және оларды өндіруші іргелес
аймақтар мен олардың әлемдік нарыққа тасымалы бағдарын бақылау мүмкіндігін алу; егер қажет
болса, Қытай мен Үндістан шикізат блокадасын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау; уран кенінің
стратегиялық қорларына бақылауды қамтамасыз ету.
Идеологиялық және гуманитарлық салада – Орталық-Азиялық елдерін батыстық үлгі бойынша
демократияландыру процестеріне және олардың режимдерін Вашингтонға одақтас Түркия үлгісі
бойынша зайырлы мемлекеттер құрылысына тарту.
Осы мәселелерді шешуде Вашингтон Мәскеу ықпалынан аймақ елдерін біртіндеп шығаруға
бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Ол үшін Орталық Азия мемлекеттерін американдық
бақылаудағы әртүрлі халықаралық сауда-экономикалық одақтарына кезең-кезеңмен кіргізу, сонымен
қоса оларды НАТО-мен серіктестікке тартуы да мүмкін.
АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясының басты элементі энергетикалық бағыт болды.
Бірнеше құбыр жасау жобалары жоспарланды, оның ішінде Каспий құбыр жасау консорциумын
ұлғайту және «Қазақстандық каспий көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру Ресейді айналып өту
арқылы Каспий кен орындарынан әлемдік нарықтарға жеткізілетін мұнай көлемін өсіруге мүмкіндік
береді. АҚШ Түрікменстаннан табиғи газ өндіру бағытын ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.
Оны Транскаспий магистралы арқылы тасымалдау жоспарланған. Nabucco жобасы бойынша
өкіметаралық келісімге қол қойылуы, Еуропаға табиғи газды, оның ішінде түркмен газын жеткізудің
қосымша дәлізін ашудың жаңа кезеңі болып саналады. Американдық стратегтер «Оңтүстік дәліз»
|