Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет908/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   904   905   906   907   908   909   910   911   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

572


Халықаралық  құқық  тұрғысынан  алғанда,  АҚШ  және  оның  серіктестерінің  Ауғанстандағы 

БҰҰ  ҚК-мен  санкцияланған  лаңкестікке  қарсы  операциясы  БҰҰ  Жарғысына  қайшы  келмеді. 

АҚШ  пен  оның  НАТО-дағы  одақтастарының  Ауғанстандағы  таліптерге  қарсы  ресми  түрдегі 

әскери  операциясы  халықаралық  лаңкестерді  дайындайтын  базаларды  жою,  қару-жарақ,  есірткі 

саудасының алдын алу, мемлекет территориясында бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мақсатын 

көздегендіктен,  Орталық  Азия  елдері  мен  Ресейдің,  олардың  Ұжымдық  Қауіпсіздік  Келісімі 

Ұйымындағы серіктестерінің де қауіпсіздік мүдделеріне сай келді. Орталық Азия елдері лаңкестікке 

қарсы коалиция күштеріне аймақта өз әскери инфрақұрылымының бірқатар нысандарын қолдануға 

уақытша мүмкіндік беру арқылы осы мақсаттың жүзеге асуына жағдай тудырды. АҚШ пен оның 

одақтастарының Орталық Азияда әскерін орналастыруының басқа да тиімді жақтары да бар еді.  

Құрама Штаттар өз жақтастарымен бірге аймақтағы саяси тұрақтылықты сақтау үшін әскери-саяси 

ауыртпашылық пен қаржылық шығындардың бір бөлігін өздеріне алды, нарықтық реформалардың 

ілгері басуына және Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік туғызды [4, 

205]. 


Уақыт өте келе ҰҚКҰ әскери сарапшыларында АҚШ-ның өздерінен он мыңдаған шақырым 

қашықтықта  жатқан  Орталық  Азия  аймағында  әскери  күштерін  орналастыру  мақсаттары  мен 

ұзақ  мерзімдік  қызығушылықтарына  қатысты  сұрақтар  туа  бастады.  АҚШ  Қорғаныс  Министрі 

Д.Рамсфелдтің аймақтағы американдық әскери саясат сипатын ашып көрсететін 2001 жылғы «АҚШ 

Қарулы  күштерінің  даму  жағдайы  мен  болашағын  жан-жақты  шолу»  баяндамасындағы  талдауы 

көп сұрақтарға жауап берді.

Баяндамада Құрама Штаттар үшін басым «аймақтық қауіптердің» бірі ретінде «ірі масштабты 

әскери бәсекелестік пайда бола алатын» және «қомақты ресурстарға ие әскери қарсылас» шығуының 

нақты мүмкіндігі бар Азиядағы жағдай қарастырылады. Бір полюсті әлемді сақтауға бағытталған 

американдық  стратегия  басты  аймақтарда  «АҚШ  режиміне    қарсы  жетекшілікті  болғызбауды» 

қарастыратындықтан, АҚШ Ресей мен Қытай сияқты ықпалды бәсекелестерінің Орталық Азияда 

әскери  орнығуға  ұмтылатындығын  түсінеді.  Бұдан  басқа,  «Таяу  Шығыстан  Солтүстік-Шығыс 

Азияға дейінгі тұрақсыздық алабында» ядролық қаруы бар немесе оны таба алатын «қажетті қуатты 

қарулы күштерге ие» мемлекеттің болуы да АҚШ-ты алаңдатады.

Осылайша, ресурстарға бай аймақтардың қорына, олардың тасымал жүйесіне, сонымен қатар, 

күш жинап жатқан ықпалды қарсыластарына бақылау орнатуға кепілді мүмкіндігі – осылар және 

одан  да  басқа  бірнеше  геоэкономикалық,  геосаяси  және  геостратегиялық  факторлар  АҚШ-тың 

аймақта ұзақ әскери орналасуы қажеттілігіне себеп болды. 

Кіші  Дж.Буш  президенттігі  кезінде  Ауғанстан  мен  Ирактағы  қолайсыз  жағдайлар  өрісінен, 

Өзбекстанның  американдық  әскери  базаның  орналасу  мандатын  ұзартудан  бас  тартуы  және 

ОА  бірқатар  елдерінде  президенттерді  проамерикандық  басшыларға  ауыстыру  әрекеттерінің 

сәтсіздігінен аймақтағы АҚШ позициясы  әлсіреді. Вашингтонға аймақта орналасуын қайта қалпына 

келтіру бойынша бірқатар шаралар қолдануға тура келді. Жаңа серіктестер іздестіру жолында АҚШ 

Қазақстанмен бірге Монғолияға да назарын аударды. Бірақ бұл елдер басшылығы «алпауыттар»  

арасында өз саясатын өздеріне мүмкіндігінше тиімді жүргізуде. 

Вашингтон экономикалық тұтқаларды қолдану арқылы ОА-дағы әскери-саяси сәтсіздіктерінің 

орнын толтыруға тырысуда. Мысалы, 2006 жылы Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы К.Райс, 

энергетика  министрі  С.Бодман,  ауыл  шаруашылық  министрі  М.Йоханс,  вице  президент  Р.Чейни 

Астанада болып кетті. Нәтижесінде, Қазақстан мен АҚШ арасында жасалған келісім-шарттардың 

жалпы сомасы миллиардтаған доллармен есептеле бастады. Солардың ішінде – General Electric пен 

«Қазақстан темір жолы» қазақ теміржол компаниясы арасында 650 млн долларға жасалған келісім 

шарт, екі елдің көлік  министрлігі арасындағы ынтымақтастық келісімі, транскаспийлік газ құбыры 

құрылысының жобасы және т.б.

Ресей  ықпалын  бәсеңдету  бойынша  доктриналар  авторларының  бірі  американдық  сенатор 

Р.Лугар  2008  жылы  Қазақстан,  Түрікменстан  және  Әзірбайжанға  жасаған  сапарларында  Каспий 

аймағында Еуропаға мұнай мен газ тасымалдаудың көпжақты және тиімді  жүйесін құру және басқа 

да нарыққа Еуропа елдерін, сонымен қоса Орталық Азияны Ресейлік энергетика монополиясынан 

тәуелділігін азайту АҚШ мүдделеріне кіретіндігін мойындады және ашық айтты.

АҚШ-тың аймақтағы күш-әрекетінің теориялық негізі «Жібек жолы стратегиясы: ХХІ ғасыр» 

еңбегінде нақты келтірілген. Енді Қазақстан мен Түрікменстаннан мұнай мен газ өнімдерін Ресейді 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   904   905   906   907   908   909   910   911   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет