Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет907/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   903   904   905   906   907   908   909   910   ...   963
Түйін сөздер: Орталық Азия, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан,  ТАПИ, 

мұнай, газ.

Қазіргі  әлемдік  экономикалық  дағдарыс,  мұнай  бағасының  түсуі,  Украинаның  оңтүстік-

шығысындағы жағдай, Ресейге батыстың санкциясы, рубль бағамының құлдырауы, Эбола індеті 

және Ислам мемлекетінің аймақтық қауіпі әлемдік саясат пен экономикада алдыңғы орынға шығып, 

халықаралық қауымдастық назар аударуда. Бұл Ауғанстаннан әскер шығару, АҚШ мен Еуроодақтың 

Орталық Азияға саясаты т.б. өзекті іргелі мәселелерді екінші кезекке жылжытты.

АҚШ пен Ресей қатынасының салқындауы ғана емес, одан әрі шиеленісуінің Орталық Азия 

елдеріне ықпал етуі мүмкін бе деген сұрақтар жиі қойылуда. Себебі, АҚШ, сондай-ақ Еуроодақтың 

да Орталық Азияға қатысты ұстанған саясаты қай салада болмасын Ресеймен мүдделер қақтығысын 

туғызатыны анық. 

Осы тұрғыда қарастырсақ, сыртқы саясаттта көпвекторлы бағыт ұстанғанымен Қазақстан мен 

Қырғызстан Ресей, Беларусь Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық Одаққа мүшелікке 

өтті. Осындай жағдайда Қазақстан мен Қырғызстанның АҚШ-пен қатынасы қалай өрбуі мүмкін 

деген сұрақтың басы ашық қалады. Орталық Азияда халық саны көп Өзбекстан мен территориясы 

шағын,  халқы  да  Өзбекстаннан  бес  есе  аз  Қырғызстан  арасындағы  шекаралық  дау-дамай  да 

қазіргі уақытта толық қалыпты жайға түскен жоқ. Сарапшылар пікірінше кез келген уақытта екі 

ел арасындағы жағдай ушығып кетуі мүмкін. Сол уақытта АҚШ-тың позициясы аталған елдерге 

қатысты қандай болады. Кімді кім қолдайды деген сұрақ туады. 

Сонымен  қатар,  Ресей  Тәжікстандағы  әскери  базасын  нығайтуда.  Тәжікстан  шекарасының 

Ауғанстанмен тікелей жақындығы бұл республикадағы жағдайды әлі біраз уақытқа дейін күрделі 

жағдайда қалдырады. Сондықтан да болар, олардың жыл сайынғы қорғаныс қабілетін нығайтуға 

қатысты  бөлетін  шығыны  өсе  түсуде.  Егер  2005  жылы  32,3  млн  долл.  болса,  арада  үш-ақ  жыл 

өткенде 2008 жылы 95%-ға өсіп, 63 млн долл. жетті. Қазіргі уақтта бұл көрсеткіш бірнеше есе өсті. 

2006-2007  жылы  Ресей  Тәжікстанға  1,5  млрд  долл.  көлемінде  қайтарымсыз  көмек  көрсетті. 

Тәжікстанда 1993 жылы орналасқан 201-ші мотоатқыштар дивизиясы негізінде 2005 жылы құрылған 

ресейдің әскери базасы бар. Онда 6 мың ресей әскерилері қызмет етеді. Сонымен қатар, 450 танк, 

БТР мен БМП, зениттік қондырғылар мен «Игла» ракеталық кешені, Су-25 штурмовиктері, Ми-24 

және Ми-8 тікұшақтары бар. Базаның құрамындағы бөлімдері мен салалық бөлімшелері Душанбе, 

Куляб және Қорға-төбе қалаларында орналасқан. Қазіргі кезеңге дейін Ресей өзара келісім негізінде 

201-ші мотоатқыштар дивизиясы әскери базаны тегін пайдалануда [1].

Қырғызстанда да Ресейдің 999-шы авиабазасы орналасқан [2, 15]. 

Қалыптасқан  жағдайды  бүгінгі  ахуал  жағдайында  қарастырғанда  Қазақстан  мен  Тәжікстан 

айқын  Ресейдің  ықпал  ету  аймағында  болса,  Қырғызстан  Ресеймен  жақсы  қарым  қатынаста 

болғанымен бағыты әлі толық айқындалмағандай, ал Түркменстан қосылмау саясатын ұстануда. 

Сондықтанда болар, қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ Өзбекстанға акцент жасауда. 

Бір жағынан, Ауғанстан факторы да АҚШ мен Өзбекстанның жақындасуына мүмкіндік тудыруда. 

Айта кетсек, «Украина мәселесінде ...Орталық Азиядан тек Өзбекстан ғана Ресейдің бұл әрекетін 

қатты  сынады.  Бәлкім,  олар  да  АҚШ-тың  айтқанына  көнген  болар.  Америкадан  көп  мөлшерде 

әскери көлік пен әр түрлі қару жарақ алған олардың басқа қандай амалы қалды?-деген де пікір бар 

[3]. Қалай дегенмен, Орталық Азиядан АҚШ-ты Өзбекстан ашық қолдап отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   903   904   905   906   907   908   909   910   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет