Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейінгі кезеңде пайда болған жаңа геополитикалық
қауіптер мен мүмкіндіктерді Түркия сияқты өз пайдасына қолдана білген мемлекет көп емес. Одан
бұрын Батыс елдері блогының және биполярлық жүйенің саяси басымдылығы ықпалында қалған
Түркия көршілес және одан да кең аймақтағы елдергеқатысты көптеген геосаяси үрдістерге қатыса
бастады. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуы және нәтижелерінің халықаралық жүйеге тигізген
әсері Түркия үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, аймақтық экономикалық, қауіпсіздік және саяси
№ 3 (106) 2015
597
күшке айналуға ұмтылатын бірегей аймақтық актор ретінде белсеңділік танытты. Аймақтық күш
ретінде Түркияға халықаралық саясатта көп назар аударылып отыр. Еуропа, АҚШ, Азия елдерінде
Түркияны зерттейтін орталықтар ашылып, мамандардың саны көбейіп жатыр. Жалпы бүгінгі таңда
Түркия және оған қатысты өзгерістерді зерттеуде ішкі саяси жағдаймен қатар, осы елдің сыртқы
саясатын да назарға алу керек.
Түркия елінің сыртқы саясатыәр түрлі тарихи кезеңдерде бірнеше аймақта (Таяу Шығыс, Балқан
елдері, Кавказ және Орталық Азия) белсенділік танытқан және әр түрлі ұлттық ерекшеліктерге
қарай өзгеріп тұратын (Кемалист, исламист, ұлтшыл және консервативті), сан алуан сыртқы және
қауіпсіздік мәселелерін шешуде тәжірибелі, дүниежүзіндегі ең күрделі сыртқы саясаттардың бірі
болып табылады [1].
Түркияның Орталық Азиядағы сыртқы саясаты аймақ елдерімен1990-шы жылдарда
дипломатиялық қатынастар орнатылған кезеңнен бастап қаншалықты өзгергені,екі тарапты түрік
және қазақ зерттеушілерінің қатысуымен жүргізілген ізденістің нәтижесіосы мақалада көрсетілген.
Әдістемелік тұрғыдан мақалада “актор-негізінде” саяси талдау қолданылып, бұл халықаралық
қатынастар теориясындағы “бейтарап-актор” көзқарасына қарағанда, яғни сыртқы саяси жағдайда
шешім қабылдау кезінде жағдайға қатысты және когнитивті факторлар әсеріне талдау жасалынуы,
тиімдірек деп есептелінген [2]. Осыған байланысты, Түркияның Орталық Азиядағы сыртқы
саясатының жүзеге асырудағы президенттерінің рөлін қарастырамыз.
2007 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер қазіргі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған
ішкі және сыртқы саясатта билігін кеңінен қолдана бастағанға дейін, Түркияның парламенттік
жүйесінде президенттердің рөлі «шектеулі және шартты» болуына қарамастан [3], Түркияның
қырғи-қабақ
соғысынан кейінгі кезеңдегі президенттері Орталық Азияда Түркия мүдделерін
жүзеге асырған ең маңызды актор болғаны анық.
Сондықтан мақала соңғы жиырма жылда билік
басында болған, атап айтқанда Тургут Өзал (1989-1993), Сүлеймен Демирел (1993-2000), Ахмет
Недждет Сезер (2000-2007), Абдулла Гүл (2007-2014) және Режеп Тайып Ердоған (2014 – қазіргі
кезең) Түркия республикасының бес президентінің Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатының
динамикасы қарастырылған. Орталық Азиядағы әріптестеріне келетін болсақ, Қырғызстан (екі
рет төңкеріс нәтижесінде) және Түркіменстан (жаңа президент алғашқы көшбасшысының өлімі
нәтижесінде 2006 жылы сайланды) елдерінен басқа, мемлекет басшыларының қатарында ешқандай
өзгеріс болған жоқ. Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның президенттері Нұрсұлтан Назарбаев,
Ислам Кәрімов және Эмомали Рахмонов билік басында 1990 жылдан бастап келе жатыр.
Іс-шаралар мен оқиғалар үлкен деңгейде және реті тәртіпсіз болғандықтан, мақаланың мазмұны
Түркияның аймақтағы рөлінің басты бағыттарына және нақты көшбасшыларының сыртқы саясатын
жүзеге асырудағы жоспары бойынша жинақталған. Нақты айтқанда, талдау әр бір президенттің
аймаққа деген көзқарасы және қатынасы, өз елдеріндегі элитамен саяси қатынастарына, сауда,
энергетика және мәдени шараларына, Түркия аймақтық саясатына қатысты және соның бастасымен
жасалған институционалдық платформасына және әр бір президенттік кезеңдегі Түркияның
Орталық Азиядағы сыртқы саясатына әсер еткен Еуразиядағы ішкі және халықаралық саясатының
басты ерекшеліктеріне шолу жасалынған.
Тургут Озал: Жаңа мүмкіндіктер аясында жаңа саясат. 1989 жылы Тургут Өзал президент
болып сайланған кезде,1980 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін әскери үкімет қабылдаған
конституцияға сәйкес президенттің билігі біршама күшейтілген болатын. Соған қарамастан,
1991 жылғы халықаралық аренадағы жағдайға байланысты Түркияның аймақаралық контексте
қатысушы ретінде рөлі өзгергенге дейін,Түркияның сыртқы саясатында президенттің рөлі шама-
лы болған. Президент Өзал ішкі саясаттағы шектелген рөліне қарамастан белсенді сыртқы сая-
сат жүргізуге ат салысып, жаңа мүмкіндіктерді шеберлікпен пайдалана білді. Нақтырақ айтсақ,
президенттің мемлекеттік сапарлар тізімі Ресей, пост-кеңестік аренадағы жаңа мемлекеттермен,
оның ішінде Балқан және Орталық Азия кеңістігіне қарай кеңейтілді. Оның стратегиялық саяса-
ты дүниежүзінде қалыптасқан жағдайды, ішкі және сыртқы саясатқа өз пайдасын тигізетін, жаңа
мүмкіндікке айналдыруға себепші болды.
Жоғары деңгейдегі дипломатиялық дағдысы бар, тәжірибелі саясаткер ретінде Өзал Орталық
Азиядағы аймақтық әріптестерімен тығыз қарым-қатынастар орната білді және барлық мемлекет