Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет954/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   950   951   952   953   954   955   956   957   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

600


Ресейдің аймақтағы ықпалына кедергі болатын қандай да саяси бастамаларға қарсы болатындығы 

айқындалды.

Бірақ, бұл Түркияның аймақтық энергетикалық орталық болу туралы амбицияларына нұқсан 

келтірген  жоқ.  Энергия  көздері  және  оны  тасымалдау  мәселесі  басты  бағыт  ретінде  қала  берді 

және Демирел кезінде өзінің қарқынды даму деңгейіне  жетті. Оның аймақтық көшбасшылармен 

қарым-қатынасында көпшілік жағдайда президент прагматикалық аспектілерге және белгіленген 

жобаларды  жүзеге  асыруға  көп  көңіл  бөлді.  Түрікменстан  президентінің  ресми  сапары  кезінде 

газ  құбыры  туралы  меморандум  және  Анкара  мен  Ашхабад  қалаларының  арасында  бауырлас 

қалалар  туралы  меморандумға  қол  қойылған  болатын  [12].  Ал  1994-1997  жылдары  аралығында 

Демирелдің  президенттігі  кезінде  Түркіменстаннан  Түркияға,сондай-ақ  Түркіменстанның  газын 

Түркия арқылы Еуропаға тасымалдау бойынша  газ құбырының  потенциалдық жобасы мен сызба-

нұсқалары ұсынылды және осы салада екі елдер арасында көптеген келісімдерге қол қойылды.Бірақ, 

оларды жүзеге асыру үшін халықаралық жағдай қолайлы болған жоқ. АҚШ-тың Иранға қатысты 

санкциялары  Иран  территориясы  арқылы  Түркіменстаннан  Түркияға  қысқа  жолды  газ  құбырын 

салу  жобасын  жүзеге  асыруға  кедергі  болды.  Сонымен  қатар,  Түркияға  және  осы  ел  арқылы 

газ  экспорттау  және  тасымалдауға  қатысты  Түркия  мен  Ресей  арасындағы  екі  жақты  келісімдер 

түркімен әріптестері мен сырқты күштер, әсіресе Еуропа Одағы және АҚШ тарапынан кері қарсы 

алынды [5]. Осылайша, Демирел президенттігінің аяғына қарай, екі аймақтық газ құбыры Ресей 

және АҚШ «Көгілдір ағым» және “Баку-Джейхан” жобаларында өз үлесін алуға мүмкіндік алды 

(кейіннен БТЖ, Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры деп аталып, Каспий теңізіндегі Ақтау портының 

бұл жобаға қосылуыжоспарланды).

Мәдени  ынтымақтастық  саласында  басты  нәтиже  болып  1993  жылы  ТҮРКСОЙ    түрік 

қоғамдастықтарымен бірлескен халықаралық мәдени ұйымның негізінің қалануы есептеледі [13]. 

Негізгі мақсаты түркітілдес халықтарының арасында мәдени, тарихи және тіл бірлігін насихаттайтын 

ұйымды құру болды. Штаб-пәтері Түркияның астанасында орналасқан ұйым алты тәуелсіз мүше 

мемлекеттерден және сегіз тәуелсіз бақылаушыдан тұрады.

Сонымен  қатар,  Демирел  президенттігі  кезіндегі  сыртқы  саясат  Өзбекстан  елімен  қарым 

-  қатынастың  нашарлауымен  ерекшеленді.  Бұған  Өзбек  оппозиция  күштерінің  басшысы  және 

Өзбекстан президентінің саяси бақталасы Мухаммад Салих 1993 жылы Түркиядан саяси баспана 

алуы  бастама  болды.  Оған  қоса1999  жылы  Ташкенттегі  Ислам  Кәрімовқа  қарсы  бағытталған 

жарылыстардан кейін Ислам Кәрімов Салихты және оның қабылдаған тарапты айыптаған болатын. 

Осының  салдарынан  Кәрімов  Өзбекстандағы  барлық  түрік  лицейлерін  жабуға,  Түркияға  кеткен 

барлық өзбек студенттерін қайтаруға және түрік кәсіпорындарын елден мәжбүрлеп кетірумен жауап 

қайтарды [14].

Қалыптасқан жағдай түрік дипломатиясының саяси дағдарысты шешудегі сәтсіздігін білдірді 

және түркімемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа қатысты жобалардың толық  деңгейде жүзеге 

асыруға  кедергі  болды.  Ислам  Кәрімов    биліктегі  Түркия  президентінің  қатысуымен  соңғы  рет 

өткізіліп жатқан Түрік тілдес мемлекеттерінің жоғарғы деңгейдегі алтыншы саммитіне қатысқан 

жоқ және бұл жағдай Түркия президенті тарапынан теріс қабылданды [15].

Сол кезеңдегі ішкі саясат аренасында Демирел Ұлы Түрік ұлттық мәжілісі тарапынан екінші 

рет  қайта  сайлану  мүмкіндігін  беретін  конституцияға  өзгерістер  енгізуге  бас  тартуына  әкелген 

жағдайға тап болды. Демирел президенттігі бірдей сәтті және сәтсіз бастамаларымен ерекшеленді. 

Президенттігінің соңғы кезінде экомикаға қаржы дағдарысының кері әсері және ішкі саяси жағдай 

Түркияның сыртқы саясатының әрекеттерін біршама баяулатты.

Ахмет Неджет Сезер: Жаңа дәуірдің ашылуыАхмет Сезер Түркия президентісанатында 2000 

жылы тамызда билік басына келді. Өзінің алдындағы басшыларға қарағанда ішкі және халықаралық 

деңгейде аса белсенді болған жоқ. Оның дара актор ретінде сыртқы саясаты шектеулі болып, шетел 

іс-сапарларымен аса білінген жоқ. Дегенмен,осы президент тұсында Орталық Азия мемлекеттерімен 

қарым-қатынас  жаңа  салаларда  дами  бастады.  Әсіресе,  аймақтағы  терроризм  және  әдеттегіден 

тыс қауіптергеқатысты әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлесін 

қосты.  Атап  айтатын  жайт,  Орталық  Азия  мемлекеттерімен  қатынастарға  өзгеше  баға  беружәне 

жаңа бағытта дамыту 11 қыркүйек 2001 жылы оқиғасынан кейін халықаралық аренада қалыптасқан 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   950   951   952   953   954   955   956   957   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет