№ 3 (106) 2015
599
1985 жылы Түркия, Иран және Пәкістан мемлекеттері аймақтық сауда экономикалық
қатынастарды күшейту мақсатында орнатылған Экономикалық әріптестік ұйымының
институционалдық желісі арқылы Түркия өз ықпалын күшейтуге тырысты. 1992 жылы Орталық
Азияның барлық мемлекеттері Түркияның шақыруы бойынша осы ұйымның мүше құрамына өтті
[9].
Өзалдың президенттігі кезінде, Түркия және Орталық Азия республикаларының арасындағы
мәдени және білім әріптестігін насихаттау арқылы Түркия түркі тілдес халықтардың әлеуетті
одағының дамуына инвестициялар жасады деп айтуға болады. Осы бағытта екі маңызды қадам
жасалды. Біріншіден, Президент тарапынан қолдау көрсетілген студент алмасуды көздейтін
білім беру саласындағы ауқымды жоба бастау алды. «Түркі тілдес» мемлекеттерден оң мындаған
студенттердің түрік мектептері мен университеттерінде білім алуы үшін демеушілік көмек көрсетті.
Президент Түркияның білім министрлігі және жеке қорлар тарапынан қаржыландырылған бірнеше
білім орындарын ашудағы басты насихаттаушысы болды. Бұл барлық Орталық Азия және Ресейді
[10] қоса алғанда түрік лицей желілерін дамытуға алып келді. Бұл мектептердің Фетхуллах Гүлен
ұсынысы бойынша құрылғаны белгілі және соңғы кезеңге дейін Түркияның “жұмсақ күш” құралы
ретінде
қарастырылды.
Сыртқы саясатта өз бастамалары және құралдарын тиімді пайдаланғаны үшін, Өзалдың түркі
тілдес мемлекеттердің арасындағы бауыр және туыс құндылықтарына негізделген қатынастарды
дамытуға құлшынысы өз еліндегі қарапайым адамдар тарапынан кең қолдаудың көрсетілуіне жол
ашты. Ол Түркия және түркі тілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, мәдени, этникалық және
діни байланыстарды ерекше көңіл бөлетін. Бұл 1990 жылдардың басында Түркияның қоғамдық
көзқарасына жағымды әсер етті.
Өзалдың Орталық Азия республикаларымен қатынасына қатысты позициясы Ұлттық Қозғалыс
Партиясының лидері Алпарслан Тюркеш ұсынған Барлық түркі тілдес мемлекеттер саяси бірлігін
“Ұлы Тұранды” қалыптастыру туралы утопиялық идеясы бар пантюркизмнен ерекшеленді [11].
Түрік халқының көпшілік бөлігі қолдаған ҰҚП идеялары, Орталық Азиядағы посткоммунистік
саяси элиталарының арасында қолдау таппады және Ресеймен тығыз әріптестікті қолдайтын
тараптардың арасында қауіп тудырды. Осыған байланысты, Өзалдың тұсындағы премьер-министрі
Сүлеймен Демирелдің “Түрік әлемі Адриатикадан Ұлы Қытай қорғанына дейін созылып жатыр”
деген кең тараған сөздері ескерту ретінде қабылданған болатын. Осыған қарамастан, Тургут
Өзалдың арқасында бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттерімен экономикалық әріптестігі, қырғи-
қабақ соғысы аяқталғаннан кейін батыс мемлекеттері үшін стратегиялық маңызын жоғалтқан
Түркия үшін жаңа мүмкіндікке айналды. АҚШ-тың қолдауымен, Түркия жаңа мемлекеттер үшін
үлгі және Батыс пен Орталық Азия арасындағы көпір болуға ұмтылды.
Сүлеймен Демирел: Сыртқы саясаттағы мүдделердің басымдығы. 1993 жылы Тургут Өзaлдың
мезгілсіз өлімінен кейін премьер-министр Сүлеймен Демирел Түркияның жаңа президенті болып
сайланды. Бұрынғы президентке қарағанда, Демирел сыртқы саясатқа үлкен қызығушылық танытқан
жоқ, бірақ “1993 жылдан бастап Түркияның саяси басшылығы арасында сыртқы саясаттың бұл
бағыты маңызды деп саналған жоқ”, бірақ “Орталық Азияға қатысты саясат халық арасында үлкен
қызығушылық тапқандықтан, Демирел бұл бағытта ықпал ете аламын деп санады” [3]. Осыған
байланысты, Демирел Түркияның сыртқы саясатының осы саласындағы дипломатиялық вакуумды
толтыра білді және осылай Орталық Азиядағы Түркия саясаты өзгеретіндігінің белгісі болды.
Аймақтық мемлекет басшыларының арасында Демирелдің Түркиямен “аға-іні” ретінде
қатынастан гөрі, тең құқылы әріптестер ретінде екі жақты қарым-қатынасты дамыту туралы көз-
қарасы мен қызығушылығы қолдау тапты. Орталық Азиядағы әріптестерімен жиі өткізілген
кездесулері Түркияның жаңадан сайланған президентіне жақсы жеке қатынастарды орнатуға
және ішкі аймақтық саяси мәдениетті жақсы түсінуге мүмкіндік берді.1994 жылы Демирелдің
басшылығымен өткізілген Түркі тілдес мемлекеттерінің екінші саммиті мемлекет қатысушы ара-
сында екі жақты деңгейдегі кездесу және келісімдер платформасы ретінде рөл атқарды және осы
жолы сенсациялық саяси хабарламасыз өткізілді [9]. Осылай, түрік ресми тұлғаларының дискурсы
уақыт өте келе прагматикалық мүдделеріне жақындай бастады. Ресейдің аймақтан толықтай бас
тартпағандығын және Орталық Азиядағы құбырларға қатысты балама бастамаларға, сол секілді
|