Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды
негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады.
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады.
Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына мұқтаж болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және психопатиялық реакциясы бар балалар үшін үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Арнайы сынып жағдайындағы псхикалық дамуы тежелген балаларға мектептік білім беру ұзақтығы:
-бастауыш білім беру деңгейі– 0 (дайындық), 1-4- сыныптар;
-негізгі орта білім беру деңгейі– 5-10-сыныптар.
Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың оқу күн тәртібі балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле отырып: бірінші аусымда оқыту ұзартылған күн режімінде жасалады.
Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму қарқынының бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс шаралар жүргізудің қажеттілігіне байланысты.
Оқытудың бастауыш деңгейінде – 0, 1-сыныптар және ерекшелік ретінде 2-сыныптарда арнайы сыныптар ашудың мәні бар. Оқушыларды оқытуда қиыншылықтардың пайда болу себептерін дер кезінде анықтау және оларды оқыту мен тәрбиелеудің барабар жағдайымен қамтамасыз ету маңызды. Мектептік оқытудың кері тәжірибесі, псхикалық дамуы тежелген оқушылардың мектептік сәтсіз жағдайларда ұзақ уақыт болуы оны мектепке бейімсізденуге алып келеді, тіпті эмоционалды ортаның қалыптасуына кері әсерін тигізеді, тұрақты үлгермеушілік пен мінез-құлқының бұзылуын өршітеді. Оқу әрекетін қалыптандыруда және оқытудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі көрсетілген жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Неігізгі мектептердің арнайы сынып түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын жалғастыра алады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері, олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу жоспарларын, бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта бөлуді және оны өту қарқынын өзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне арналған арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына сәйкес, арнайы сынып жағдайында іске асады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді. Оқу процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және оқушылардың танымдық мүмкіндігі ескерілген т.б. материалдар қолданылады.
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Қарастырылып отырған санаттағы балалармен арнайы педагогикалық жұмыстың міндеттері оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы жеке кемшіліктерді жеңу болып табылады. Балалар мультидпәндік мамандар командасының: логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді. Оқытудың түзетушілік бағыттылығы сонымен қатар, сабақта оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жаппай оқыту процесінде іске асады. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде мұғалім бала туралы (мультидисциплинарлық мамандар командасы мүшелерінен) алынған барлық мәліметтерді жалпылаушы және түсініктеме беруші, олармен тікелей жұмысты ұйымдастыратын интегратор рөлінде болады. Оқушыларды оқыту стратегиялары мен әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен жұмысқабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.
Оқытудың бастапқы кезеңінде (1,2-сыныптарда ) «кіші қадам» әдісі маңызды орын алады, ол балалардың зияткерлік жұмыс қабілетінің төмендігін ескере отырып, жаңа материалды оқытылатын түсінік мәнін оқушылардың түсіну мүмкіндігіне сәйкес кішігірім мөлшермен беруді талап етеді. Сонымен қатар, оқу материалын кең көлемде ашу (оқушыларда ойлаудың қорытушы функциясының жақсы дамуына сүйенетін «дидактикалық бірлікті ірілеу» әдісіне қарама-қарсы) да маңызды.
Бастапқы кезеңде түсінікті қалыптастыруда көрнекіліктер мен пәндік-тәжірибелік қызметті қолдану, сонымен қатар, оқыту процесінде білімді қолдану кезеңінде балалардың сақталған көрнекі-әрекеттік ойлауына сүйенуге және оларда саналы білім қалыптастыруға мүмкіндік береді. Псхикалық дамуы тежелген оқушылармен жұмыста оқу материалын оқытуда практикалық және ақыл-ес әрекетін алгоритмдеу әдісін қолдану арқылы үлкен табысқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, ескертпелер, пиктограммалар, технологиялық карталар және т.б. қолдану да пайдалы. Жоғары оқу уәждемесін қолдау үшін оқушыларда өзіне деген сенімділік және барабар өзін-өзі бағалау қалыптастыруда педагог оқыту процесінде әр баланы табысты жағдаймен қамтамасыз етуі қажет. Оқуға тұрақты уәждемені қалыптастыру балалар жетістігін ерекше түрде ұйымдасқан бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін:
оқушылар жетістігін салыстырудан аулақ болу;
оқушының жетістігін оның өзінің алдыңғы жетістіктерімен салыстыру;
бағаның ашық сипатты түрін қолдану;
мұғалімнің бағасын оқушының өзін өзі бағалауымен үйлестіру өте маңызды болады.
Оқытудың жақсы нәтижелерін талқылауда оқушылар жетістігінің себептерін (тырысу, зер салу, шыдамдылық, ұйымдасқандық, яғни, адам өзінде өзгертуге қабілеттілірдің бәрін) атап көрсетуге болады. Оқушының сәтсіздігін талқылауда ішкі тұрақты факторларды (мінез, қабілеттілік деңгейі және т.б.) көрсетпеуге тырысу керек.
Түзету-дамытушылық оқытудың маңызды компоненті әр пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуді (педагогикалық диагностика) іске асыру болып табылады. Мониторинг оқушылардың біліміндегі кемшіліктің пайда болуын дер кезінде байқауға және қажетті түзету іс шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
И.Г Елисеевамен математика оқу курсының мысалында психикалық дамуы тежелген кіші оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру технологиясы әзірленген.
Оқушылардың дамуындағы кемшіліктерді жою бойынша мақсатты бағытталған жұмыс түзету кезеңіндегі жеке, топшалық және топтық сабақтарда жүргізіледі. Оған келесі пәндер жатады:
1) «Қоршаған ортамен танысу және тіл дамыту» (дайындық – 1 сыныптар). Осы курс оларда сөздік қор, тіл байланысының дамуы мектепке дейінгі балалық кезеңде жинақталмаған, қоршаған орта туралы баланың түсінігін және білімін арттыруға бағытталған. Пәннің мазмұны көріп қабылдауды, есте сақтауды, оқушылардың ойлау процесін, жалпы зияткерлік білігін қалыптастыруды(талдау, салыстыру, жалпылау, топтау, жіктеу) түзету бойынша жұмысты құрайды.
2) «Түзету ритмикасы» (0-4-сыныптар). Бұл пәннің кіріспесі псхикалық дамуы тежелген балалардың қозғаушы және тілдік қозғаушы қазметтерін дамытудағы ауытқушылықтарды жоюды көрсетеді.
«Әлеуметтік-тұрмыстық бағыттама» (5-10-сыныптар). Курс өмірлік құзырет дағдыларын, қоғамда және тұрмыста өз бетімен өмір сүруге практикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталған. Осы арнайы әзірленген курстың кіріспесі баланы тілдік ортаға максималды енгізуді, оның қозғалғыштық қызметін арттыруды қамтамасыз етуге, сонымен қатар, оның эмоционалды тонусын өзгерту оқу қызметінің негізгі кезеңін және өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түзету жұмыстарының нәтижелілігі баланың оқу қызметін қалыптандыру деңгейімен және оқытудың табыстылығымен анықталады.
Сабақта оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды сезінетін оқушылар үшін жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтар ұйымдастырылады. Бұл сабақтар оларға оқытудың бірінші деңгейінде аптасына 4 сағаттан және оқытудың екінші деңгейінде аптасына 3 сағаттан бөлінетін Үлгілік оқу жоспарына енгізілген. Сабақтың мақсаты – оқушылардың жалпы даму деңгейін арттыру; алдыңғы оқыту мен дамудағы кемшіліктердің орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу білігі мен дағдыларын қалыптасру бойынша жеке жұмыс; танымдық аясы мен тілін дамытудағы ауытқушылықтарды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға мақсатты бағытталған дайындық болып табылады.
Түзету-дамытушылық жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін оны іске асыру тәсілдері анықтаудың бастапқы принципі диагностика бірлігі мен түзетуді дамыту болып табылады. Түзету-педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдау оқу бағдарламасын меңгеру барысында балаларда пайда болатын қиыншылықтардың себептерімен анықталады. Жеке және топтық түзету сабақтарының мазмұны қандай да бір дағдымен «немқұрайлы қарау» сынды формалды механикалық тәсілді жою керек. Баланың жалпы дамуы үшін жағдай жасау қажет. Оқытудың бірінші деңгейіндегі жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі, екінші деңгейінде – пән мұғалімдері жүргізеді. Жеке және топтық түзету сабақтары кезінде бос оқушылармен логопед, психолог жұмыс істейді. Жеке және топтық түзету сабақтары сабақ кестесіне енгізіледі. Олар күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Бір оқушымен немесе топпен жүргізілетін сабақтың ұзақтығы 20 минуттан аспауы қажет. Бір оқушыға аптасына 2-3 сабақтан келеді. Топқа дамуы мен мектеп бағдарламасын меңгеруде бірдей мәселелері анықталған немесе оқу қызметіндегі қиыншылықтары ұқсас 3-4 оқушыдан біріктіруге болады.
Сонымен қатар:
көп санды балалармен түзету сабақтарын өткізуге;
жаңа пән бойынша, сонымен қатар, оқу жоспарына енгізілген пәндер бойынша сыныптың барлығымен сабақ өту үшін түзету сабағына бөлінген сағатты пайдалануға;
қатарлар арасында түзету сабағына бөлінген сағаттарды қайта бөлуге жол берілмейді.
Псхикалық дамуы тежелген балалардың тілі жас ерекшелік нормасынан кеш қалыптасады және үнемі ерекшеленеді. Тіл дамуындағы кемшіліктердің пайда болу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқытудағы мәселелер де әр түрлі болады. Сондықтан арнайы сыныптарда тілдегі бұзылысты түзету жағдайын анықтау мақсатымен барлық оқушылардың тілдік қызметінің даму деңгейіне міндетті түрде диагностика жүргізіледі: логопедпен сабақ, сыныптағы сабақта мұғалімнің жеке тәсілі және т.б. Логопедтік сабаққа есепке алу үшін тілдік бұзылысы бар балаларды анықтау 1-нен 15-қыркүйек аралығында және 15-нен 30-мамырға дейін жүргізіледі. Тілдерінде кемшілігі анықталған балалардың барлығы тілдік бұзылысына байланысты топтарға бөлу үшін «Логопедиялық көмекке мұқтаж оқушылар тізіміне» тіркеледі. Бітірген білім алушыларды шығару олардың тілдеріндегі бұзылысты жою бойынша бір жыл көлемінде жүргізіледі . Топтар тілдік бұзылыс құрылымы біртекті балалармен ( 4-5 немесе 2-3 адамнан) біріктіріледі.
Емдеу-сауықтыру жұмысы қарастырылып отырған санаттағы балалардың дамуын қалыпқа келтіру үшін үлкен маңызға ие. Бұл бас миының функционалды жеткіліксіздігі психофизиологиялық даму қарқынының бәсеңдеуінен ғана емес, психоневрологиялық және соматикалық жабырқаушылықтан да пайда болатынын көрсетеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушылар үшін түрлі инфекцияға қарсылықтың төменділігі, аллергиялық реакциялар, баланың ішкі орган ауруларының созылмалы түрге бейімділігі көрсетілетін вегетотамырлы дистония, зат алмасу процесінің бұзылу сипаттары тән болып табылады. Сондықтан көпшілік балалар үнемі педиатр, невропатолог, психиатрдың бақылауына және қайта-қайта емдеуіне мұқтаж болады. Әсіресе осындай көмек аз қамтылған отбасы оқушыларына қажет.
Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі міндеті:
баланың физикалық және психоневрологиялық денсаулығын нығайту, Емдік дене шынықтаруды ұйымдастыру;
мектепте, сыныпта қолайлы емдеу-сауықтыру тәртібін құру, жекелеген жағдайда оқушыға тиісті жүктеме нормасын қатаң сақтау;
санитарлы-гигиеналық норманы және тәртіпті және рационалды тамақтану тәртібін сақтау;
гипербелсенді оқушылармен және психикасы бұзылған оқушылармен психологиялық түзету жұмысын іске асыру болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту міндеттерінің бірі – отбасылық психотерапия және оқушының ата-анамен, мұғаліммен, құрдастарымен тең қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы мінез-құлықтың бейәлеуметтік түрінің алдын алу. Мектепте мінез-құлқы бұзылысының әлеуметтік алдын алу бойынша жұмыстар, жоспарлануы және іске асуы қажет, сонымен қатар, кәсіптік-еңбектік дайындық арқылы балаларды қоғамға кіріктіру жүзеге асуда. Әлеуметтік-еңбектік дайындық түзету-дамытушылық педагогикалық процеспен және емдеу-сауықтыру кешені іс-шараларымен бірге жүргізіледі. Оқушыларды әлеуметтік-еңбектік даярлау міндеті келесілерден тұрады:
қол жетімді және кең танымал мамандықтарды табысты меңгеруге кедергі келтіретін ерекшеліктерді ерте анықтау және түзету, (қолдың ұсақ моторикасының жеткіліксіздігі, көру-қозғау үйлесімінің бұзылыуы және т.б.);
оқушыларда оқу-еңбек қызметі процесінде тапсырмаға бағытталу дағдысын, жұмысты жоспарлауды, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
екінші деңгей оқушыларын кәсіптік бағдарлау;
кәсіптік сыныптар, топтар ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |