Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Аутизмі бар балалардың сипаттамасы мен оларды оқытудағы мүмкіндіктерін бағалау



бет37/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87
Аутизмі бар балалардың сипаттамасы мен оларды оқытудағы мүмкіндіктерін бағалау

Балалар аутизмін диагностикалау 10-қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің (№ 10 АХЖ) аутизмнің диагностикалық көрсеткіштеріне сай жүргізіледі. Оларға төмендегілер жатады:

1) 3 жасқа дейін аномалды дамудың көріністері;


  • әлеуметтік өзара әсердің сапа тұрғысынан дамуының бұзылыстары:
    - көру арқылы байланыстың жоқ болуы, әлсіздігі және қиындықтары;

  • ым-ишараны қолданудың жоқ болуы немесе шектелуі, дене қалыбының қызық жағдайы, қалыпты жағдайдағы емес бет келбеті (немқұрайлылық не тырысқан);

  • айналасындағылар, олардың атын айта отырып қарата сөйлеген адамдардың эмоционалды сөйлеу тіліне немқұрайлы түрде қарау, біріге отыра қарым-қатынас құру, ойнау, оқыту, әлеуметтік дағдыларды (тазалық, өзіне-өзі қызмет ету) орындау талпыныстарына қарсы болу;

  • адамдармен әлеуметтік қатынас құруға қабілетінің болмауы не едәуір мөлшерде төмендеуі;

  • балалармен қарым-қатынастың болмауы немесе шектелуі;

3) қарым-қатынастың (сөйлеу тілінің көмегімен қатысымның) сапа тұрғысынан бұзылуы:

  • ым-ишара, қатысымның басқа да тәсілдерімен орын толтыруға талпыныстары жоқ сөйлеу тілінің тежелісі не мүлдем болмауы;

  • әңгімені бастау не қолдауға қабілетсіздік (сөйлеу тілі дағдыларының болуына қарамастан), басқа адамдармен қарым-қатынас құруда сөз алмасуға қабілетсіздігі;

  • сөйлеу тілін стереотипті және қайталамалы түрде қолдану – эхолалиялар, штамптар, дәйексөздер, сөздер мен фразаларды өзгеріссіз қолдану; жіктік есімдіктердің болмауы және т.б.;

  • дауыс жиілігі, екпін, сөйлеу тілінің жыдамдығы, ырғағы мен интонациясындағы аномалиялар ;

4) мінез-құлық, мүдделер мен әрекеттердің шектелуі, қайталамалы және стереотипті модельдері:

- қайталамалы және стереотипті қимыл-қозғалыстар: мағына-мақсатсыз қимыл белсенділігі, аяқ, қол, дене қимылдары (қозғала беру, шапалақтау, көтере беру, айнала жүгіру, заттарды өз айналасында қозғалту, заттармен әрекеттер т.с.с.);

- қалыптасқан тәртіпті сақтауды талап ету;

- стереотипті және қайталамалы ойындар, жаттығулар мен қызығушылықтар;

- стереотипті және шектемелі қызығушылықтармен қамтылып, толықтай олардың ішінде болу;

5) клиникалық және психологиялық көрініс психикалық дамудың басқа да бұзылыстарына сәйкес келмейді: есту мен көру қабілеттерінің бұзылыстары (сенсорлы алалия), екінші реттегі әлеуметтік-эмоционалдымәселелер, эмоционалды/мінез-құлық бұзылыстары қатар жүретін ақыл-ойының дамымауы, әдеттегіден ерте басталуы бар шизофрения және Ретт синдромымен бірге болатын бір нәрсеге үйір болудың реактивті бұзылыстары немесе нәрсеге үйір болудың бейберекетсіз бұзылыстары.

Ескертпе: «Бала аутизмі» аңғарымын қойған кезде 10-қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің диагностикалық көрсеткіштері және К.С. Лебединская мен О.С. Никольскаяның топтастыру көрсеткіштерін басшылыққа алу керек.

Классикалық түрдегі балалар аутизмімен қоса шығу тегі органикалық, хромосомды және психогенді негізгі синдромға тән сипаттарға ие, бірақ балалар аутизмінің көрсеткіштеріне толықтай ие емес аутистикалық сипаттағы бұзылыстардың кең спектрі (аутистикалық көріністер, аутистикалық синдром, аутистикалық спектрдің бұзылыстары, атипиялық аутизм, парааутистикалық бұзылыстар) белгіленеді.



Балалар аутизмінің жоғарыда айтылған белгілері түрлі дәрежедегі көріністерде байқалуы мүмкін. Аутизмі бар балалар дегеніміз – бұл психикалық дамуының ерекшеліктері, деңгейі мен мүмкіндіктері бойынша әртүрлі мүмкіндіктері шектеулі балалардың тобы. К.С. Лебединская мен О.С. Никольскаяның топтастыруында аутизмі бар балалардың төрт тобы анықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет