Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет25/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131
Қышқыл  жаңбырлар 
Ғаламдық 
 
негізгі 
экологиялық 
проблемалардың 
бірі 
атмосферадағы  ластаушы  заттардың    қашықтықтарға  тасымалдануы. 
Алғашында 
бұл 
проблема 
радиоактивті 
заттардың 
үлкен 
қашықтықтарға  таралуына  байланысты   пайда  болды.  Негізінен  күкірт 
диоксиді  және  оның  қосылыстары,  азот  оксиді  және  оның 
қосылыстары,  ауыр  металдар  (әсіресе  сынап),  пестицидтер, 
радиоактивті    заттар    сияқты  улылығы  жоғары  заттардың    таралуына  
баса  назар аударған  жөн. Себебі  қышқыл  жаңбырлар жауын-шашын, 
қар (pH‹5.6) антропогендік факторлардың әсерінен пайда болған күкірт 
оксиді,  азот  оксиді  сияқты  қосылыстармен  атмосфераны  ластануынан  
пайда    болады.  Бұл    заттар    атмосферада  су  буларымен  қосылып, 
күкірт, азот  қышқылдарын түзеді де олар жауын-шашын мен бірге жер 
бетіне  түседі.  Қышқыл  жауындар  өсімдіктерге  тікелей  және  жанама 
топырақ арқылы әсер етеді. Сонымен қатар басқа да тірі организмдерге 
кері әсерін тигізеді.     Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын 
қышқыл  жаңбырлар  орман    биоценоздарына    үлкен    зиянды  әсерін 
тигізуде.  Қышқыл  жаңбырлардан    жалпақ    жапырақты    ормандарға  
қарағанда  қылқан  жапырақты  ормандар  қатты  зардап  шегеді. Қышқыл 
жаңбырлар 
топырақ 
қышқылдығын 
тудырады. 
Нәтижесінде 
минералдық тыңайтқыштардың пайдасы  азаяды. Әсіресе  бұл  шымды  
күлгін    топырақтарда  қатты  байқалады.  Адам  ағзасындағы    жағымсыз  
реакциялар  ауа  құрамындағы  сульфаттардың  концентрациясы  6-10 
мкг/м3,  күкіртті  газ  -  50  мкг/м3  -  ге  жеткенде  пайда  болады.    Бұл  
қосылыстарды    әсіресе  өсімдіктер  өте  сезгіш.  Қыналардың  кейбір 
түрлері  күкірт  қышқылының    концентрациясы  10-30  мкг/м3,  қылқан 
жапырақтылар  -  шекті  мөлшерден  бар  болғаны  3-4  есе  көбейгенде 
тіршілігін  жояды.  Тұщы    сулардың    қышқылдығы    рН  <  5,5  (табиғи 
суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште  балықтардың көбеюі төмендеп, рН 
=  4,5  жағдайда    көбею  жүрмейді.  Қазіргі  таңда  антропогендік  әсерден 
бөлінетін    күкірт    диоксидінің    мөлшері    жылына    150  млн    тоннаны 
құрайды. Көмірді  пайдалану  күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер 
шарының    кейбір    аудандарында,  әсіресе  Еуропада,  Солтүстік 
Америкада  антропогендік    күкірттің  түсуі  көп  мөлшерге  жетті.  Жер 
бетіне  түскен  қышқылдар  мен  сульфаттар    топырақ    құрамына  
(топырақтың    қышқылдануы),  өсімдіктер  мен    су  айдындарының  
қышқылдануына    алып  келуде.  Атмосфераны    күкірт    диоксидінен 
қорғау,  оларды  ауа  бассейнінің  жоғары  қабаттарында  шашырату 
арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Ол  үшін  жылу  электр  орталықтары 
мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек.  
 


 
36
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет