Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Ормандар  аумағының  азаюы



Pdf көрінісі
бет28/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131
Ормандар  аумағының  азаюы  
Қазіргі  кезде  дүниежүзінде  ормандар  құрлықтың  30%-ын,  яғни 
жалпы  ауданы  4  млрд  га  аумақты  алып  жатыр.  Ормандар  оттегінің 
басты  көзі  және  оттегі  тепе-теңдігін  сақтауда  үлкен  роль  атқарады. 
Сондықтан  ормандарды,  тропикалық    ормандарды  «Жер  шарының  
жасыл  өкпесі»  деп  те  атайды.  Соңғы    50  жылда  адамның  қатысуымен 
Жер  бетіндегі  ормандардың  2/3  бөлігі,  ал    соңғы  100  жылда  Жер 
бетіндегі  орман    массивтерінің    40%  жойылған.    Жыл  сайын  дүние 
жүзінде  15-20  млн  гектар  (Финляндия  аумағындай)  тропикалық  
ормандар    жойылуда.  Соңғы  10  жыл  ішінде  ормандардың  жойылу  
қарқыны  90%-ға  өсіп,  жылына  1,8%-ды  құрайды.  Ең  көп  шығынға 
ұшырап    жатқан    елдердің    қатарына    Бразилия,  Мексика,  Үндістан, 
Тайланд жатады.  
Егер  тропикалық   ормандар   осындай   қарқынмен жойыла  берсе 
30-40 жылдан соң  Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды.  
Тропикалық  ормандар    аумағының    азаюы    әсерінен  
атмосферадағы    оттегінің    мөлшері    XX      ғасырдың    ортасымен  
салыстырғанда    жыл  сайын  10-12  млрд    тоннаға    азайып,    ал    көмір  
қышқыл    газының    мөлшері  10-12%-ға    көбеюде,  яғни,  оттегі  тепе-
теңдігінің  бұзылу  қаупі  бар.  Ормандардың  жойылуының  басты 
себептері:  орман  алқаптарының    ауыл  шаруашылығы    дақылдарын  


 
40
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
өсіру    үшін    өңделуі,  ағаш  отындарға  сұраныстың  артуы,  ормандарды 
өнеркәсіп  қажеттігі  үшін  қырқу  және  дамудың    үлкен    масштабты  
жобаларының    іске  асуы.  Дамушы    елдерде  орман  алқаптары  
жайылымдар    мен    егістік  жерлердің  көлемін    ұлғайту  мақсатында  
кесіліп,  бағалы    ағаш  сүрегі  жоғары  дамыған  елдерге  сатылады.   
Дамушы    елдерде    кесілген    ағаштар  отын  ретінде  пайдаланады. 
Ормандар    ауа    мен    топырақ    қабатының    ластануынан    да    зардап  
шегуде.    Латын      Америкасы    мен    Кариб    теңізі    бассейіні  елдерінде  
экспортқа    шығару    үшін    мал    шаруашылығын    дамыту    саясаты  
тропикалық  ормандарға  үлкен  зиянын  тигізді. 
Дамушы    елдердегі    кедей    халық  санының  өсуі    энергетикалық   
дағдарыспен  бірге  ормандардың   жойылуының тағы бір себебі болып 
табылады.  БҰҰ-ның  мәліметтері  бойынша,  Азия, Африка  және  Латын 
Америкасы  елдеріндегі  ауыл  тұрғындарының  шамамен  90%,  қала  
халқының  30%  негізінен    ағаш    отындарды    пайдаланады. 
Коммерциялық  орман    дайындау  жұмыстары  әдетте  қырқылған    ағаш  
орнына  ағаш  егілмей, экологиялық  талаптар орындалмай жүргізіледі. 
        БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) кейін  
дамушы  елдер    орман  ресурстарын  сақтау  проблемасы  бойынша 
халықаралық  келісімге  дайын  екендіктерін  растады.  1993  жылы 
Бандунг    қаласындағы  (Индонезия)  кездесуде  әлемнің  барлық 
климаттық  аймақтарында  орман  шаруашылығының    дамуын  
қамтамасыз  ететін  бағдарламалар  жасау  және оны  бақылау  туралы  
халықаралық    комитет    құру    жөнінде  ойлар  айтылды.  Қазақстан  
аумағының  4%  ғана  орманды    алқап.  Мамандардың    пікірінше,  еліміз 
орман  қорғау  бағыты  бойынша  әлемдік  тәжірибеден көп артта қалып 
қойған.  Осы  күнге  дейін  ұлттық  орман    саясаты    қалыптасқан  жоқ. 
Соңғы  кездері    ағашты    заңсыз  кесу    әрекеті  қалыптасуда.  Әсіресе, 
еліміздің    орман    қорының  40%-ын    құрайтын    сексеуілді    ағаштарды 
кесу жоғарғы деңгейге жетуде. Ал сексеуіл  экологиясы  нашар, ылғалы 
аз, топырағы құнарсыз, құмды  аймақтарда  өседі. 
      1992 жылы  орман  көшеттерін  отырғызу  жұмысы 80,7 мың 
гектар  болса, он   жылдан  соң  2002 жылы  бұл  көрсеткіш  8,9 мың 
гектарға дейін қысқарған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет