Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет43/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131
теңдік    жағдай.  Белгілі  бір    әсерлерге    байланысты  объектінің  тепе-


 
58
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
теңдікте тұрған жағдайы  өзгеріске  ұшырайды. Ол өзгерістердің  мәні  
ұлғаю  немесе  кішірею,  сөйтіп  тепе-теңдік  бұзылады.  Бұдан  әрі  тепе-
теңдікті үдету оны  қалпына келтіру процесі жүреді, қозғалыс, өзгеріс, 
даму деген осыған келіп саяды. Дамудың диалектикалық  теориясында  
ғылым  мен  практика  үшін  ең  маңыздысы  –  даму    процесінің    қайнар 
көзі,  сипаты   және  тенденциялары   жөніндегі  мәселе.  Бұл  мәселелерге  
диалектиканың заңдары мен категориялары жауап береді. 
«Тұрақты даму»  терминінің  тарихына келетін болсақ, ол алғаш 
рет  1960  ж.    Канадада      ауланған        балық      көрінісіне      арналған  
«sustained   yeild»   термині  болды. 1970   жылдар ортасында  «sustained  
yeild»  термині    пайда    болды.    Бұл    термин  –  «қолайлы    қорлардың 
үйлесімді қоры» деп түсіндірілді. 
   «Тұрақты  даму»      терминін    1970  жылы    Барбара    Уорд    қолданды. 
Ол    өз    зерттеуінде    «қоршаған    ортаны    сақтамай,  даму    болмайды» 
деп  көрсетті.  Ал,  Рио-де-Жанейрода  өткен  конференцияда    оның  
халықаралық,  экономикалық,  әлеуметтік  аспектілеріне    ерекше  назар 
аударылған.    Нәтижесінде    ХХ-шы    ғасыр  соңында  «Тұрақты  даму» 
сөзінің  жіктелу  үлгісі  маңызды  болды. 
           Неміс  физик-радиотехнигі,    әрі    Нобель  сыйлығының    лауреаты 
Л.Браун  1981ж.  «sustainable    development»  терминін    қалалардың  
дамуына,  ауыл    шаруашылығына,  өнеркәсіптер  және  басқа  да  адам  іс-
әрекетінде пайдалана бастады. 
1992  жылы  Рио  -  де  -  Жанейрода  өткен  БҰҰ  конференциясында 
заңдастырылған 
«Тұрақты 
даму» 
термині 
ғылыми 
 
және   
басылымдарда  талқыланды. 1989 ж. ақпараттық  ортаға «Б
ІЗДІҢ  
жалпы 
келешек»  атты  кітап  аудармасымен    қабылданды,  бұл    шығарылым  
ағылшын    термині  «sustainable  development»  қазақ  тіліне  «Тұрақты  
даму» деп аударылған болатын. 
Дәл  осы  ағылшын  термині  «  sustainable    development  »  -  қазіргі  
уақыттың    қажеттілігін    қанағаттандырады,  бірақ  келешек    ұрпақтың  
қажеттіліктерін  қанағаттандырмауы  мүмкін.  
  Тұрақты    даму    қоршаған    ортаға    және    қоғамға    адамгершілік  
принципіндегі    топтардан  құрылады.   Тұрақты  даму - бұл келешек 
ұрпаққа  арналған  табиғи 
  
байлықтың  түбін  қазбайтын экономикалық 


 
 
59 
даму.  Тұрақты  даму  -   қоршаған   ортаға  тұрақтылықты  және  тұрақты 
экономикалық  өсу  шегін  қамтамасыз ететін  экономикалық   даму.  
Тұрақты  даму  -  адамзат  және    қоршаған    ортаны  үндестіру  процесі. 
Тұрақты    даму  -  адам    және  биосфера  эволюциясы.  Тұрақты  даму  
қоршаған  орта  туралы  қамқорлықты қамтамасыз етуге арналған даму.  
Тұрақты    даму    анықтамасын      Брунптланд  комиссиялары  екі 
қарама-қарсы    түсіндірулер  –  арқылы    анықтаған:  бірінші  жағынан 
"әдеттегі  өсу  шегінің"  баяулатылған  екпіні,  екінші
 
жағынан,  "қоршаған 
ортаның сыйымдылық  шектерде  шикізат  шығынының  өсуі".  
Тұрақты  даму  бөлінеді: 
- тұрақты  әлеуметтік  даму: 
- экономикалық  тұрақты  даму: 
- экологиялық  тұрақты  даму: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет