Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
 
18– принцип 
Мемлекеттер өзге мемлекеттердің қоршаған орталарын күтпеген 
жерден зиянды зардап шеккізуге душар етуі мүмкін, кез-келген табиғи 
апат  немесе  басқа  да  төтенше  жағдайлар  жөнінде  оларды    дереу  
хабардар  етеді.  Одан  зардап  шеккендерге  көмек  көрсетуге 
халықаралық  қауымдастықтың  қолдан  келер  әрбір  мүмкіндігі 
пайдаланылады. 


 
 
75 
19– принцип 
Мемлекеттер  елеулі  трансшекаралық  зардабы  боларлық  іс-
әрекеттері жөнінде тиесілі ақпаратты одан зардап шегіп қалуы мүмкін 
мемлекеттерге алдын ала және уақытында хабар жіберіп отырады.            
                                              20– принцип 
Қоршаған  ортаны  басқару  және  даму  процесінде  қыз-
келіншектер өміршең маңызды  рөл атқарады. Сондықтан да, олардың 
толыққаны  араласуы  орнықты  дамудың    жүзеге  асуы  үшін  маңызды 
болмақ. 
21– принцип 
Орнықты  дамуға  қол  жеткізу  және  бар  адамдар  үшін  жарқын 
болашақты  орнату  жолындағы  глобальдық  серіктестікті  нығайту 
мақсатында    дүние  жүзі  жастарының  жасампаздығы,  мұраттары  мен 
батылдықтары  бағытталынып, жұмылдырылғаны жөн. 
22– принцип 
Байырғы  халық  және  олардың  қауымдары,  сондай-ақ  басқа  да 
жергілікті  қауымдардың  өкілдері  өздерінің  білімдері  мен  дәстүрлі 
өнегелері болғандығы  үшін  ғана қоршаған ортаны басқару мен даму 
процесінде  өміршең  сипаттарын,  мәдениетін  және  мүдделерін  тануы 
және қолдау көрсетіп отыруы, сонымен бірге орнықты дамудың жүзеге 
асуы жолында олардың тиімді қатысуын қамтамасыз еткен жөн. 
23– принцип 
Езгіде болу, үстемдік астында қалу және  басып  алуға  ұшырау 
жағдайларын басынан кешіруші халықтардың қоршаған орталары мен 
табиғи ресурстары қорғалынуы тиіс. 
24– принцип 
Соғыс орнықты даму процесіне о бастан  бұзып бүлдіру ықпалын 
тигізеді.  Сол  себепті,  мемлекеттер  қоршаған  ортаның    қарулы 
қақтығыстар  кезінде  қорғалуын  қамтамасыз  ететін  халықаралық 
құқықты құрмет тұтулары тиіс және қажет болған жағдайда одан әрмен 
дамыту жолында ынтымақтасулары тиіс. 
25– принцип 
Бейбітшілік,  даму  және  қоршаған  ортаны  қорғау  өзара  бір-
бірімен байланысты, бірінен-бірі ажыратылмайды. 
 
 


 
76
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет