Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131
мәселе; 
-биосфераға  антропогендік тұрғыдан  қысым  мәселесі; 
- елімізге көмек көрсету жағынан сыртқы экономикалық қызмет 
мәселесі. 
Адамдардың  дұрыс  дамуына    негізгі    құндылықтар:  таза  су, 
уланбаған    ауа,  денсаулыққа    пайдалы    қоректену    өнімдерін  беретін 
топырақ.  Бұл  табиғи  игіліктер  бізді  үлкен    ғылыми-    техникалық   


 
84
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
дамуға        жеткізеді.        Сондықтан    адамдардың        өмірі        мен  
денсаулықтарына  қауіпті  техникалық  даму  тенденцияларын    қайта  
қарау қажет. 
Адамзат    өз  тарихының    жаңа    дәуірінде    өмір    сүруде.  Бүгінгі  
күнде биосферадағы  өзгерістер  адамдардың  ғарышпен әрекеттестігіне  
байланысты  болып  отыр.  АҚШ-тың    Массачусет    университетінің  
профессоры  Дж.Форстер    дүниежүзілік      қоғамдық      динамикасын  
сипаттайтын   өзгергіш    мөлшерлердің    ара  қатынасын    талдады.   Бұл 
өзгергіштердің      болжамдық  есеп  кіріспесі,  болжамдық    графиктері, 
тенденциалар,  жоғарғы    және  төмен  түсетін    экологиялық    факторлар 
XXI    ғасырда  айқын    белгіленді.  Бұл  қоршаған    ортаның    жағдайына  
айқын  мінездеме береді. 
Тиімді  қолдану жүйелерінің  динамикалық әдісі Дж.Форестердің 
оқушысы    Д.  Медоуза  және  де  бірлескен  авторлардың,  1972  жылы  
шыққан «Өсу шектері» еңбегінде айқындалды.  Халықаралық ұйымдар 
мен  іскер  адамдарды,  саясатшылар  мен  ғалымдарды  осы  үрейлі  
жаhандық жағдайлардың  апатты  дамуы  өзіне  назар  аудартып  отыр. 
XX  ғасырдың  80-жылының  соңында  шетелдік  әдебиеттерде,  
экономика  және  экология,  әлеуметтану  және  саясаттану,  жаhандану 
мен  кұқық  және  басқа  да    гуманитарлық   ғылымдарда    тұрақты    даму 
кең  таралды.  Барлық  планетада  адамдардың  қажеттіліктерінің 
қанағаттандырылуы  мен  жақсаруы  табиғи  ортаның  таза  сақталуына 
бағытталды. . 
Осы концепцияның негізі: 
-біріншіден,  экономиканың  дамуы  қауіпті  ластанумен  және 
табиғи ортаның  ластануымен  байланысты  болмауы; 
-екіншіден,  халықтық,  әлеуметтік  -  экономикалық  және 
экологиялық  дамуы    бірлікті  мойындап  барлық  елдермен  тығыз 
байланыста болуы; 
-үшіншіден, адамдардың  қоғаммен  және табиғатпен үйлесімді  
болуы; 
-төртіншіден,  әлеуметтік  -  экономикалық  даму  негізінде 
зорлық- 
зомбылықтың,  дұшпандық    әрекеттер    болмауы,  қоғамның  
бостандық  және адамгершілік  негізде  дамуы  қажет. 


 
 
85 
Тұрақты  даму  және  «XXI  ғасырдың  күн  тәртібі»  мәселесіне 
қабылданып,  ғалымдар  мен  саясатшылардың  жоспарлауында  алдағы 
өркениеттік    даму    жолында    дағдарысқа    ұшырамауын    қамтамасыз 
етеді. Бұл  дағдарыс - кез-келген дамыған жүйеге тән құбылыс. Барлық 
дамушы  жүйе  өзінің  даму  барысында,  осы  дағдарыс  жағдайымен 
кездеседі. 
Дағдарыстан  шығу  жолының  4  себебін көрсетуге  болады: 
-  ішкі  ресурстар  дамуының  нормалануы; 
-  баланс  жасалмаған  ішкі  жүйелердің  өзара  үйлесімсіздігі; 
-  ішкі  дамудың  жетіспеуі, даму  шекарасы; 
-  жүйеге  сыртқы  әсер  және  белсенді  мақсатқа  бағытталған 
кездейсоқтық.  Осы  мақсат  XXI  ғасырдың  күн  тәртібі  
мәселесінің    40  –шы    тарауында:  "Экологиялық    жүйелердің  
тұрақты    дамуының    көрсеткіштерінің  негізі"  деп  атап 
көрсетілген.  
 


 
86
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет