Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
                        
Қазақстандағы  тұрақты  даму мәселелері 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  БҰҰ  Бас  Ассамблеясындағы  
жасаған  баяндамасында, тұрақты  дамуға  жетудің түйінді мәселелерін 
шешудегі  еліміздің  белсенді  қызметін  дәлелдейтін  нақты  мысалдар 
келтірді.  1992-1998  жьлдар    аралығында    Қазақстан    тарихта    бірінші  
болып    ядролық    полигонын    жауып,  ядролық    қарудан    бас  тартты, 
Аралды сақтап қалуға арналған  интеграциялық процестердің  ұйтқысы  
болды. 
Қазіргі  уақытта  экологиялық,  экономикалық,  әлеуметтік 
мәселелерді  интеграциялау саласындағы саяси  іс-шараларды анықтау 
жолдары іздестірілуде Олар: 
-  бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз  ету;    
-  суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; 
-  жерді  пайдалану,  ауыл  шаруашылығының  тұрақты  дамуын 
жүзеге  асыруға,  биологиялық    алуантүрлілікті  сақтауға  бағытталған 
үйлесімді  іс-шараларды қабылдау.   
Биологиялық    алуантүрлілікті  сақтау  концепциясына  сәй-кес 
биологиялық 
алуантүрлілікті 
қорғаудың 
Ұлттық 
баяндамасы 
қабылданды. 
Тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  құралдарымен  байланысты 
мәселелерге мыналар жатады: 
-  қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі; 
-  экологиялық  қауіпсіз  технологияларды  қолдану;  тұрақты 
дамуды  ғылыми  және  ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселе-лердің 
біздің  Республикамыздың  тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы 
ерекше. 
Бұл 
мәселелерді 
шешудің 
міндеттері 
«Қазақстан 
Республикасының 
экологиялық 
қауіпсіздік» 
концепциясында 
қарастырылған    (Қазақстан    Республикасының  Президентінің 
шешімімен  бекітілген,  30  сәуір,  1996  жыл).  Республиканың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет