Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет55/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131
 
12 – принцип 
Мемлекеттер  қоршаған    орта    жағдайының  бүлінуі  мәселесін 
тиімдірек  шешу  үшін  барлық  елдерде  орнықты  даму  мен 
экономиканың   ғарыштануына  әкеп    соқтыратын қолайлы  және  ашық 
халықаралық экономикалық жүйені жасау жолында ынтымақта-сулары 
тиіс. Сонымен қатар сауда саясаты саласында қоршаған ортаны қорғау 
мақсатымен  қабылданған  шаралар  халықаралық  сауданы  жасырын 
түрде  шектеуге  немесе  оған  қатысты  байқаусыз  не  еш  дәлелсіз 
қиындық  тудыруға  әкеп  соқтырмауы  тиіс.  Импорттаушы    елдер  
құзырынан  сырт  жатқан  қоршаған  орта  мәселелерін  шешуге 
бағытталған  шаралар  соншалық  мүмкін  болғанша  халықаралық 
консенсусқа негізделініп отырады.                    
 
13 – принцип 
Мемлекеттер  қоршаған  ортаның  ластануы    мен  басқадай 
зардаптарынан зиян шегушілерге сүйенетін өтем мен жауапкершілікке 
байланысты  ұлттық  заңдар  жасап  дайындауға  тиісті.  Мемлекеттер  өз 
құзырларындағы  немесе  бақылауларына  бағынышты  іс-әрекет 
арқасында  құзырларында  сырт  жататын  аймақ-тарға  әсер  етуші 


 
74
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
қоршаған  ортаның    зиянды  зардаптары  үшін  төленетін  келешекте 
жасап  дайындау  мақсатында  жедел  және  неғұрлым  табанды  түрде 
ынтымақтасып отырады. 
14–принцип 
Адам  баласы  денсаулығына  зиянды  саналатын немесе  қоршаған 
ортаны құлдыратып, азып тозуына әкеп соқтыратын кез-келген қызмет 
түрлері  мен  заттарды  басқа  мемлекеттерге  тасымалдау  мен    тиеп 
жіберуді  болдырмау  немесе  ауыздықтау  мақсатында  мемлекеттер 
тиімді ынтымақтастықты орнатқандары жөн.           
                                               15–принцип 
Мемлекеттер  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсатында  қолда-
рындағы  бар  мүмкіндіктерінен  шыға  отырып,  алдын  алу  шараларын 
кеңінен  қолданып  отырады.  Елеулі  немесе  орны  қайтып  толмас  зиян 
келтірілген  жағдайда  қоршаған  ортаның  азып-тозуына    бөгет  қоюға 
бағытталған  экономикалық  тиімді  шаралар  қабылдауды  артқа 
ысырудың  себебі  ретінде  толық  ғылыми  айқындылықтың  болмауын 
пайдалануы жөнге жатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет