Курманалина Ш.Х., Тлепбергенова Д.М.
Использование модульной учебной технологии в создании эмс по
программированию
В статье раскрыты роль и значение модульной учебной технологии в учебном
процессе, и его использование в создании электронной методической системе.
Ключевые слова: модульная технология, алгоритм, программирование, ЭМС,
позновательная интерес, новая технология.
Kurmanalina Sh.Ch., Tlepbergenova D.M.
The use of modular technology in the creation of ems programming
The article the discusses with the role and importance of modular instructional technology in
the learning process and its use in the creation of electronic methodical system.
Keywords: modular technology, algorithm, programming, EMS, show pleasing interest, new
technology.
ӘОЖ: 371.132
Шавалиева З. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Хырхынбай Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
(Павлодар қ., Қазақстан)
E-mail: Zulyas580plm@mail.ru
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН
ЗАМАН ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация. Жоғары білімді мамандарды дайындауда оқу үдерісінің мазмұнын
жетілдіру, оған сәйкес жаңа әдістемелерді жасау және енгізу білім беру жүйесін халықаралық
талаптар мен стандарттарға жауап беретін, жоғары кәсіби шебер мамандар дайындауға
бағытталып жүзеге асырылуда. Бұл мақалада осыған сәйкес оқыту мазмұнын жетілдіріл және
оның негізгі компоненті болып табылатын базалық білім мазмұнын құрайтын тақырыптар
ұтымды орналастырылуы жайлы қарастырылған.
Кілт сөздері: Білім деңгейі, оқу үдерісі, оқыту әдістемесі, кәсіби білім, оқыту әдістер,
біліктілік, білім мазмұны, оқыту ұстанымдары.
Бүгінгі жаһандану жағдайында әлемдік ғылым мен білім кеңістігіне кірігу
мақсатын көздеп отыр. Соған сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесі
халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретін, жоғары кәсіби шебер
мамандар дайындауды негізгі міндет ретінде қарастыруда.
Сондықтан жоғары оқу орындарында кредиттік жүйе бойынша болашақ
мамандарды оқытуда білімінің терең болуын, оның қолданбалы бағытын арттыра
отырып, өз ісіне жауап беріп нәтижесін бағалай алатын, білімін өздігінен
жетілдіріп дамытатын, заман талабына сай сұранысқа жауап беретін, үздіксіз
ізденісте болатын тұлғаны қалыптастыру міндетін іске асыру көзделеді.
Жоғары
оқу
орындарында
кәсіби-педагогикалық
мамандарды
дайындаудың негізгі мақсаты педагогикалық міндеттерді шеше алатын, жобалау
және зерттеу жұмыстарын іске асыра алатын педагогты даярлау.
Педагогикалық тілмен айтсақ оқу мазмұнын біліктілік және оқу
материалын меңгерту деңгейіне үнемі жетілдіріп отыру. Сондықтан білім
берудің құрылымы: болашақ маманның кәсіби біліміне, біліктілігіне, дағдысына
және кәсіби-педагогикалық бағытына байланысты.
Хабаршы
№1- 2015ж.
107
Осы бағытта оқытушылардың кәсіптік білімін жоғары деңгейге көтеру,
студенттердің білімі мен біліктілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,
логикалық ойлау дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сапалы
мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
қажеттігі туындайды.
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі сызықтық жүйеден басты ерекшелігі –
оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби
деңгейін көтеру екені белгілі жағдай.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін ұйымдастыру
құралдары мен мәнділігін жеткілікті түрде зерттеп, қарастырмай педагогикалық
үдерісті толық қамтамасыз ете алмаймыз. Оқыту жүйесінің қозғаушы күшін
дамыту үшін алдымен оның қарама-қайшылықтары мен өзекті мәселелерін
зерттеп, жағдайына талдау жасасақ:
- білім беру үдерісін жобалауда оның әдіснамалық және әдістемелік
негіздерінің жеткілікті деңгейде ескерілмеуі;
- дәстүрлі әдістердің және оқыту құралдарының тиімсіздігі;
- оқу үдерісіне қолданылатын технологиялар саны өте шектеулі;
- оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылық деңгейінің дамуына,
өздігінен оқуға жете көңіл бөлінбейді.
Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды
дайындаудың негізгі тұжырымдамасы педагогикалық ғылымды дамыту, жоғары
оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді, жоғары және жоғары
білімнен кейінгі дайындықты жетілдіру мәселесіне арналады.
Бұл тұжырымдамаға сай болашақ маманның кәсіби-педагогикалық білімін,
кәсіби іс-әрекетін, іскерлігі мен өзіндік дайындығын жетілдіру және күрделі
педагогикалық міндеттерді шеше алатын тұлғаны қалыптастыру қажеттігі
туындайды.
Ғылым
жетістіктерін
дәйекті
дәрежесінде
жіктеп,
ұғымдарға
түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды
фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым-түсініктері мен тұжырым
пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация)
ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өз ойы мүддесі қабысады, біліми-
ғылыми ілімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын
саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салаларынан аталған
ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін іргелі мағлұматтармен қанағаттандырады.
Осы теориялық материалдар жоғары деңгейде анықталып, ұғымдар мен
тұжырымдар осы пәндердің мазмұнын толық ашып бере алатындай дұрыс жүйелі
түрде баяндалып көрсетілсе, ғылымилық қағидасы орындалады.
Ғылыми ұғымдар негізінде заңдар мен теориялар жасалатыны белгілі.
Жалпы, ұғым – бұл ойлау формасы. Сондықтан оқыту үдерісінде ұғымның
анықтамасын дәл, нақты шектелген сұрақтармен, формалды логикамен саналы
түрде оқыту керек. Кез-келген ұғымды бірден түсініп меңгеру қиын, әдетте оның
мазмұнын, көлемін және басқа ұғымдармен қатынасын біртіндеп түсінеміз.
Міне, осыдан біз ұғымның мазмұнын, нақты белгілерін және барлық
обьектілердің осы ұғымды қалыптастыратын көлемін айыра білгенміз жөн.
Ұғымның нақты белгілері сол ұғымды қалыптастыратын барлық обьектілердің
көлемімен анықталады.
Білік − оқу әрекетінде өзін-өзі басқаруда, өздігінен оқуда маңызды. Білікті
әр түрлі негіздемелеріне байланысты топтастыруға болады: пәннің мазмұнына;
өздігінен оқу деңгейіне, іс әрекетінің түріне – теориялық, тәжірбиелік және т.с.с.
Хабаршы
№1- 2015ж.
108
Осы мәселелерді Ю.К. Бабанский [2], И.Я. Лернер [3], Т.И. Шамова [4]
және т.б зерттеген.
Кредиттік оқыту жүйесінде біліктілікті анықтауда оқу материалын
күрделілік деңгейіне қарай бағалау жүзеге асырылады.
Біліктілікті, оқу әрекетінің деңгейін анықтауды В.П.Беспалько [5],
М.И.Махмутов [6], П.И. Пидкасистый [7] қарастырған.
Педагогикалық дидактикада меңгерудің үш деңгейін бөліп қарастырылды:
- тану және білімді жаңғырту,
- білімді таныс жағдайларға қолдану;
- білімді таныс емес жағдайларға қолдану, яғни шығармашылықты әрекетті
көрсету [8].
Оқыту үдерісінің негізгі субьектісі – болашақ жоғары кәсіби біліктілігі бар
оқытушы [9]:
- ғылыми-біліктілігі жеткілікті болуы, студенттердің білім қорын жинақтай
аларлық біліктері мен дағдыларының сапасының критерийлерін құра білу,
болашақ оқушыларының қабылдау деңгейлерін болжай алуы; олардың жеке
ерекшеліктерін ескере білуі;
- оқыту әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді тандап, оларды
күтілетін нәтижеге сәйкес тиімді пайдалана алуы;
- болашақ оқушылардың танымдық қызметі оқу материалын олардың
белсенді әрекет жасайтын нәрселеріне айналатындай етіп ұйымдастыру
қабілетінің болуы;
- оқу пәндерінің мазмұнын жүзеге асыруда, оқыту құралдары мен
технологияларын ұтымды пайдалануы;
- оқу материалдарын игерілу сапасы туралы дұрыс пайымдай алуы;
- ғылымның жетекші идеяларын, терминдерін, ұғымдарын терең ұғынуы
тиіс.
Педагогтің іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге
бағытталады. Шешілген міндет мақсатты айқындайды, іс-әрекет мотивіне түрткі
болады.
Бұл үшін осы жүйеге сай қызмет ететін оқытушылардың кәсіптік білімін
жоғары деңгейге көтеру, студенттің бәсекеге қабілетті еңбек жасай алуын, білімі
мен біліктілігін жақсартып, логикалық ойлау дағдылары мен шығармашылық
қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу қажет.
Білік пен дағдыны қалыптастыру оқу үдерісіндегі күрделі үдеріс. Әдетте,
ол оқушы жаңа білімнің кезекті үлесін меңгерген уақыттан басталады. Білікті
қалыптастыру – білімді қалыптастырудан күрделі үдеріс болуы математикалық
білім арқылы үйренетін біліктердің өзі бірыңғай болмауы.
Білік пен дағдыны қалыптастыру әдісі – оқытудың қазіргі кезеңінде
шешілетін дидактикалық міндеттердің негізінде бөлініп шыққан оқыту әдістері.
Жаңа түсіндірілген білімді бекітіп, қалыптастыруға студентті белсенділікпен
қатысқан жағдайда математикалық пәндердің деректерінің тізімі ұдайы еске
түсіріліп отырады. Ойдың нақтыдан абстрактілікке бағытталғандылығымен
сипатталатын және ұғымдылық, абстрактылық үдерісі, бір уақытта оқыту мен
дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осы міндеттердің қайсысы
оқытушыға маңызды болып көрінуіне байланысты әр дербес жағдайдың тәсілдері
пайда болады.
И.Я.Лернер және М.А.Скаткин жасаған дидактикалық жоба барлық
пәндерге ортақ, білімалушының танымдық әрекеттерінің түрлерін, әр пәннің
Хабаршы
№1- 2015ж.
109
өзіне тән жеке ерекшеліктерін ескеретін оқытудың дербес әдістемелері үшін
перспективті бұл жоба оқу әдістері проблемасын шешуге арналған жүйе.
Оқыту әдісі – ол білім мазмұнын меңгеруді және оқу үдерісінде
оқушылардың бірлестік әрекеттерін ұйымдастыру жолы. Әдістің маңызды
ерекшеліктеріне танымды әрекеттің түрлері мен оқу пәні мазмұнының
құрылымы жатады.
Ал Ю.К. Бабанский [2] «оқыту әдісі –оқыту, тәрбиелеу, дамыту
міндеттерін іске асырудағы оқытушы мен білім алушының өзара байланысты іс-
әрекетінің тәсілдері» деп анықтаған.
Оқу мен оқытудың дидактикалық әдiстерi өзара тығыз өзара байланысты.
Ол, оқу үдерісінің қарқынымен анықталады. Оқытушы, студенттерге жаңа
ұғымның
қажеттiгiн
ұғындыру,
олардың
танымдылық мұқтаждығын
қалыптастыру үшiн, оқытудың дидактикалық әдiстерiнiң жүйесiн қолдану тиіс.
Оқытудың дидактикалық әдiстерiн жүзеге асыру оқудың әдiстерiн iске
асыруды талап етедi. В.И. Груденов [9] өз зерттеулерiнде, теориялық оқудың
әдiстерi мен түрлерін ұтымды түрде таңдап алуды қамтамасыз ететiн
психологиялық-педагогикалық факторларды екi үлкен топқа бөлген: сыртқы
(оқытудың мақсаттары, мазмұны, теориялық материалдың-ерешелiктерi) және
ішкі (студенттердің психологиялық ерекшелiктерi, қабiлеттiлiгі, математика
мұғалiмiнiң педагогикалық шеберлiгi).
Оқыту үдерісінде белсендi әрекеттi ұйымдастыру өте маңызды. Студенттің
пәнге қызығушылығы болмаса, өздігінен iзденiспен шұғылданбаса онда оған
білім алу туралы ұғым қиынға түседі. Психикалық құбылыстар танымды, ерiктiк,
көңiл күйлiк (эмоция) деген үш түрге бөлінеді. Оқыту үдерісінде алғашқы
екеуіне сүйенді де көңiл күйге байланысты жақтары ескерілмейді. Соның
салдарынан бiлiм, білік және дағдыларды қалыптастыру, үйрету әдiстемесiнің
тиімділігі төмендейді. Оқу еңбегiнiң қарқынын көтеру үшін сезiмнiң
(эмоцияның) бiлiмге деген орнықты қатынастың ынталықтың атқаратын рөлі
жоғары.
Педагогикалық шебер маман деп мамандығының қыр-сырын жоғары
кәсіби деңгейдегі меңгерген ой өрісі кең, жоғары мәдениетті, педагогикалық
білікті, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыратын педагогты айтамыз.
Оқыту мен оқу әдiстерiн үйлестiру үшiн, оқудың әр алуан тәсiлдерiн
қолдану үшiн жасалатын әр түрлi нұсқаларды құрастырудың мынандай
обьективтi негiзi бар: оқыту әдiстемесiн орынды таңдап алу; оларды әрi қарай
дамыту; оқып-үйренушiлердiң психологиялық ерекшелiктерiн ескеру арқылы
әдiстердi әрдайым жетiлдiру.
Оқытудың әдістемесін таңдап алып оны ары қарай дамыту үшін оқыту
әдістерді жетілдіре беруі тиіс. Педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің
түрлі классификациялары қарастырылып қолданылып келеді.
Оқыту ұстанымдарына сәйкес оқытудың бес әдісін И.Я.Лернер,
М.А.Скаткин [11] былай қарастырған.
1. Түсініктілік-иллюстрациялық немесе ақпараттық-рецептивтік.
2. Репродуктивтік.
3. Проблемалап оқыту.
4. Ішінара іздестіру немесе эвристикалық.
5. Зерттеушілік.
1. Түсініктілік-иллюстрациялық немесе ақпараттық-рецептивті әдіс білімді
дайын түрде жеткізуге бағытталған. Бұл әдіс екі нұсқамен жүзеге асырылады.
Біріншісінде мұғалім материалды баяндама түрінде, яғни, білім ауызша беріледі.
Ал екіншісінде оқулық авторының мазмұндау реті бойынша беріледі (бұл
Хабаршы
№1- 2015ж.
110
оқулықпен жұмыс істеу деген атпен белгілі). Жаңа материалды баяндау әдісі
рецептивтік әрекеттерге негізделеді. Білім дайын түрде, не болмаса оқытушының
көмегімен, не болмаса оқулық арқылы жеткілізеді.
2. Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс еске түсіру және мұғалімнің іс-әрекет
тәсілін қайталау арқылы жүзеге асады.
Көрсетілген іс-әрекет тәсілдерін және білім алушыларға баяндалатын білім
бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі бойынша оқытушы олардың
іс-әрекетін ұйымдастырады. Мазмұны әр түрлі тапсырмаларды орындайды
(есептер шығарады).
Бұл әдіс тек қана студенттердің іс-әрекеттерін сипаттайды, ал екінші
жағынан оқытушының іс-әрекетін ұйымдастырушы, талаптандырушы деп
қарастыруға болады. Осы әдісті жүзеге асыруда алгоритммен орындау үлкен рөл
атқарады. Жаңа түсiндiрiлген бiлiмдi бекiту әдiсi студенттердің репродуктивтi iс-
әрекеттерiне сүйенедi. Бiлiмдi есiнде сақтау, оларға бірнеше рет қайта-қайта
оралу және ережелер мен ұғымдардың анықтамаларын, тұжырымдамаларын
ұдайы еске түсiрiп отыру қажет. Бiлiм студенттің белсенділігінің арқасында оның
есiнде жақсы сақтап қалатынын бақылау көрсетiп отыр. Сонда да кез келген
жағдайда қайталау қажет.
3. Проблемалық оқыту. Баяндау әдiсiне қарағанда түсiндiру әдiсiнде
проблемалық оқытудың элементтерiн жиі қолданады. Проблемалық оқыту
дидактиканың дамыта - оқыту жүйесіне енеді. Дамыта оқыту теория мен
тәжірибенің өзара байланысын ашатын сұрақтар мен эксперименттік
жұмыстардың мазмұнында көбірек орын алады. Проблемалық мазмұн
дидактикалық үдеріске қатысушылардың қарым-қатынасқа және әрекеттестікке
енулері үшін қажетті шарт болып табылады.
Проблеманы шешкен уақытта орындалатын мақсат білім алушы үшiн
тiкелей практикалық сипаты бар, субъективтi маңызды міндеттердің шешуінің
үйлесімді жиынтығы болып табылады. Осы жағдайда білім алушылар проблема
сырттан әкелiнбей, оның өзiнен туып отырған сықылды көрiнедi, пайда болған
қиындықтың шешiмiн табуға ұмтылыс пайда болады. Білім алушылар пайда
болған мiндеттi шешу үшiн өздерiнiң жинақталған бiлiмі мен тәжiрибелерiн,
ақпараттардың басқа қайнар көзiн кеңiнен қолдануға тырысады.
Проблеманы шешу елеулi алға басу барысында ғана шыңдалады, оқиғаға
деген қызығушылық артады. Мiндет білім алушылардың ынтасына сәйкес болуы
үшiн, ұсынылатын проблеманың қиындық деңгейі қатал сақталуы қажет. Бұл
жерде, әрқашан да, «қарапайымнан-күрделiге» ұстанымының орындалуы,
проблеманы шешудегi «өз ерiктiлiк үлесiнiң» дұрыс мөлшерi сақталып
отырылуы қажет.
Проблемалық мiндеттi қоюдың дәйектiлiгi мен күрделiгi оқудың негiзгi
кезеңдерiне сәйкес сатылы сипатта болуы керек. Мұндай жүйе проблемалық
жағдайдың және оларды шешу үдерісiнде білім алушылар жасалған бір
қорытындылардың қиындық деңгейі бiртiндеп өсуiн болжайды. Жүйенiң
сатыларымен жоғары жылжыған сайын проблемалық мiндеттердiң мазмұны
жаңа, бiршама жоғары сапаға ие болады.
4. Ішін-ара іздестіру әдісі немесе эвристикалық әдіс.
Материалды түсіндіру барысында материал қиын болса немесе оқушылар
әлі меңгермеген дәлелдемені талап етсе, есеп шығару әдістерінің ішінде есеп
шығару идеясы нақты емес әдістерді пайдаланып шығару эвристикалық әдіс деп
аталады. Эвристикалық әдіс кез келген есепті шығару әдісі бола алмайды, тек
оның негізгі идеясын түсінуді көздейді. Эвристикалық әдіс оқушылардың
рецептивтік және продуктивтік әрекеттеріне де қатысты болады. Стандартты
Хабаршы
№1- 2015ж.
111
емес есептердің шығару жолдарын қалыптастыру эвристикалық әдіс үлесіне
жатады. Ал алгоритмдік әдіс - негізінен анықталған ережелер, формулалар,
анықтамалар және теоремаларды пайдаланып, шығармашылық ойлау әрекетінен
тыс шығару әдісі.
5. Зерттеушілік. Бұл - математиканы оқытуда болашағы өте зор әдіс, бірақ
оны қолдану әдісі нақты жасалмаған және кеңірек қолданылмайды. Егер бір
жағынан алып қарасақ, бұл әдіс жоғары оқу орындарында әмбебап әдіс болуы
тиіс. Оқытушы студентке зерттеу бағытында берілген тапсырмалары (стандартты
емес есептер, берілген тапсырманың шешіміне қарай қорытынды жасау, сол
тапсырмаға сәйкес қажетті материалдарды жинақтау) әр түрлі және оны
шығаруға берілген уақыт да соған байланысты болады.
Қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсатымен оқыту
әдістерін бірыңғай жүйеге келтіру басты меселелердің бірі. Бірақ бұл жөніңде
ғалымдар арасында бірыңғай көзқарастардың жоқ екені байқалады. Мұның
себебін қалай түсіндіруге болады.
Біздің байқауымызша оқыту әдістерін жіктеуді әрбір автор өзінше
дәлелдейді. Мысалы, кейбіреулер оқыту әдістері жіктеудің негізі етіп білім көзін,
екінші біреулер дидактикалық міндеттерді, ал, қайсы біреулер оқушылардың
танымдық іс-әрекетін негізге алады т.б. Екіншіден, оқыту әдістері мен
тәсілдерінің шекарасы жылжымалы болады деп жоғарыда айтылған. Сондықтан
оқыту үдерісінде кейде әдіс тәсілге, ал тәсіл әдіске ауысып отырады. Үшіншіден,
бір әдіс әр түрлі дидактикалық мақсаттарға қызмет өтеді.
Мысалы өткен тақырыпты еске түсіру, жаңа білімді меңгеру, білімді,
іскерлікті дағдыны тексеру, дидактикалық міндеттерін шешуде қолданылады.
Жоғары оқу орындарында білім беру оқыту әрекетінің үш түрімен жүзеге
асырылады: студентке дайын түрде ұсынылған материал ұғынуға болатын –
рецептивтік, білім мен оқу әрекеттерін еске түсірумен байланысты –
репродуктивтік, білімді өздігінен алуға арналған – шығармашылық. Кредиттік
оқыту технологиясында оқытудың интерактивті түрін көбірек қолдануды
ұсынылады. Осындай оқыту әдісінің бір түрі болып саналатын көрнекілік әдісті
тиімді пайдалануға болады.
Көрнекілік әдіс аз уақыт ішінде көп обьектіні демонстрациялайды.
Оқытудың көрнекілік әдісін ғылыми әдістемелік әдебиеттерде үш
мағынада қолданып жүр. Біріншісі - кейбір обьектілерді белгілеуде, екіншісі -
кейбір қасиеттерді көрсетуде, үшіншісі - адамның нақты іс әрекеті (көрнекілік
құрал арқылы қабылдау және оны қолдану) барысында.
Кредиттік жүйеде оқыту педагогикалық жоғары оқу орындарында білім
беру мазмұнын қайта құруды, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді,
ғылыми тәжірбиелерді іске асыруға барлық жоғары оқу орындары үйлесіп
жұмыс жасауды талап етеді. Сонымен бірге ол оқудың алдыңғы сатысында
тиімді де жақсы нәтиже көрсеткен жеке әдістерді және дидактикалық тәсілдерді
сақтауды, дидактиканың қазіргі талаптарына, студенттердің танымдылық
мүмкіншіліктеріне және психологиялық ерекшеліктеріне сай болатын бұрынғы
әдістер мен дидактикалық тәсілдерді жетілдіруді, оқуда оқытушы мен студенті
бірігіп жасайтын қызметтің жаңа дидактикалық тәсілдері мен жолдарын
қолдануды ескереді.
Жоғары білімді мамандарды дүние жүзілік стандартқа сай дайындауды
көздейтін оқу үдерісінің мазмұнын жетілдіру, оған сәйкес жаңа әдістемелерді
жасау және енгізу жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі негізінде
жүзеге асырылуда. Соған сәйкес оқыту үдерісі мазмұнының жетілдірілуі және
Хабаршы
№1- 2015ж.
112
оның негізгі компоненті болып табылатын базалық білім мазмұнын құрайтын
тақырыптар ұтымды орналастырылуы тиіс.
ХХІ ғасырдағы жоғары білімнің алдындағы өзекті мәселелер жалпы білім
мен кәсіби білімді жақындату; өздігінен оқу және өзін өзі жетілдіру біліктерін
дамыту; өз іс әркетіне толық жауап бере алатын кәсіби жетілген маманды
қалыптастыру; нарық еңбегіне және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Бұл мәселелерді шешу үшін оның білім берудің теориялық және
әдістемелік жақтарын зерттеу керек.
Жалпы-дидактикалық ұстанымдар оқытудың барлық сатыларында
қолданылатын жалпы жағдайлардан тұрады.
Олардың кейбіреулері өз бастауын Я.А. Коменский мен И.Г. Песталоцци
еңбектерінен орын алады. Қоғамның дамып, өзгеруіне байланысты оқыту
ұстанымдар және оның жүйесі де дамып, өзгереді.
Сондықтан, дидактика деп аталатын педагогика бөлімінде немесе басқа
оқу пәніне байланысты жағдайлары жинақталып, әмбебапты ерекшеліктері
көрсетілген.
Сондықтан кез-келген курсты оқытуда әдістерді, оқыту түрлерін, оқыту
мазмұнын дұрыс таңдау маңызды. Педагогикада пәнді оқытуға қойылатын
дидактикалық ұстанымдар бар. Ұстаным сөзі (латынның «principium» – негіз,
бастама, түпкі) «басқарушы идея, негізгі ереже, бекітілген ғылыми заңдылықтан
туындайтын іс-әрекетке және мінез-құлыққа қойылатын негізгі талаптар» деген
мән береді [12].
Оқытудың ұстанымдары оның ғылыми заңдылықтарын айқындайды, озық
тәжірибені
сұрыптайды.
Дидактика
өткен
тарихымыздың,
ғұлама
даналарымыздың ғаламдық кеңестіктегі ең озық жетістіктерін меңгерудің
нәтижесінде дамып келеді.
Дидактика (грек тілінде ұғындыру деген мағынаны білдіреді) оқытудың
немесе оқу пәніне байланысты жағдайларды жинақтап, пәндердің жалпы
ережелерін, заңдылықтарын, ұстанымдарын оқыту тұрғысынан қарастырады.
Жоғарыда айтылғандай кез келген пәнді оқытуда, әсіресе, қалыптасқан
ұстанымдары бар. Олар:
- мақсаттылық ұстанымы;
- ғылымилық ұстанымы;
- тәрбиелік ұстанымы;
- қызығушылық және белсенділік ұстанымы;
- білімнің сапалы берік болу ұстанымы
- көрнекілік;
- жүйелілік және реттілік;
- түсініктілік;
- оқытудағы даралап оқыту.
Жалпы-дидактикалық ұстанымдар оқуды ұйымдастыруда сүйенетін
бастапқы негіз болып табылады. Олар қандай бір жағдайда қолайлы болатындай
етіп педагогикалық ережелергесәйкес нақтыланып отырылады.
Оқытудың дамытушылық функциясы барлық бағыттар арқылы жүзеге
асады: білім алушының тілі дамытылады, сөйлеу біліктері ыңғайына қарай
ширатылады, ойлау қабілетін деңгейлік сапаға бағыттайды, ішкі ой сезімдерін
іске қосу, байқау амалдары арқылы ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал
етеді. Тұлғаның даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді.
А.Г. Мордкович [13] кәсіби-педагогикалық бағытта оқыту тұжырым-
дамасында төрт негізгі ұстанымдарды ұсынады: 1) іргелілік; 2) бинарлық; 3)
жетекші идеялар; 4) үздіксіздік ұстанымдары. Оқытудың ұстанымдарын бір-
Хабаршы
№1- 2015ж.
113
бірімен байланысты десек, жүйелілік пен көрнекілік ұстанымдарының мәні де
осы түсініктілік ұстанымымен бірге ұштасып жатады. Іргелілік ұстанымы мен
жетекші идея ұстанымдары оқытудың мазмұнын таңдауда, бинарлық ұстанымы
оқыту әдістемесін таңдауда, үздіксіздік ұстанымына оқытудың түрі мен құралын
таңдауда басымдылық беріледі.
Барлық оқыту ұстанымдары өзара байланыста және бірін бірі толықтырып
отырады, сондықтан олар бүтін бір жүйе ретінде қарастырылады.
Жоғары кәсіби-педагогикалық мамандарды дайындауда, кәсіби біліктілігін
арттыруда дайындықтың іргелі кезеңі маңызды. Нақты айтқанда, жоғары білім
жүйесінде білім берудің бастапқы кезеңінде оның кәсіби-қолданбалы бағыттарын
шешуді қамтамасыз етіп, алған теориялық білімге негізделген біліктер мен
дағдылары дамытылады және әлеуметті-қатынасты дағдылар орнатылып,
болашақ маманның әлемдік көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады.
Бірақ та, біздің көзқарасымызша жоғары кәсіптік білім беру тым маңызды
мақсаттарды көздейді, атап айтқанда, маманның тәжірибелік іс-әрекет
біліктерінің дамуымен қатар, іргелі және кәсіптік білім жүйесін меңгеруі
міндетті. Ол оның болашақ дамуын және қазіргі өндіріс талабының өзгеруіне сай
жаңаға бейімделуін айқындайды.
Жоғары кәсіптік білім берудің дидактикалық мақсаттары біріншіден оқу-
танымдық іс-әрекетке бағытталған, екіншіден кәсіби іс-әрекетке бағытталған.
Сонымен қатар, курс мазмұнында кәсіби бағыттылық болуы керек, яғни, ол
маманның болашақ кәсіби іс-әрекеті негізінде жобалануы тиіс.
Оқу, тәрбие және даму үдерістері жинағының нәтижесі - білім. Ал білім
жинақтауда дәлірек айтсақ жеке адамның қалыптасуы жүзеге асады. Жеке
адамның қалыптасу ұғымын В.С. Ледневтің [14] «Білім – генетикалық және
әлеуметтік бағдарламаға сәйкес, онтогенетикалық тұрғы бойынша жеке адамның
қалыптасуы болып саналатын әлеуметті маңызды тәжірбиені, алдыңғы
ұрпақтардың қоғамда ұйымдастырылған және нормаланған түрде жеткізіп тұру
үдерісі» деген.
Міне осы айтылғандарды қорыта келгенде оқытушылардың кәсіптік
білімін жоғары деңгейге көтеру, студенттердің білімі мен біліктілігін, бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, логикалық ойлау дағдылары мен шығармашылық
қабілеттерін дамытуға, сапалы мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |