Әдебиеттер тізімі:
1.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Том
2. Алматы: Атамұра, 1997.
2.
История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие / Масанов Н.Э. и
др. Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
3.
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVIII в.).
Алматы: Білім, 1999.
4.
Кшибеков Д.К. Истоки ментальности казахов. Алматы: Дайк-Пресс, 2006.
63
Ы. Алтынсарин – педагог, ойшыл
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы»
кафедрасының аға оқытушысы
Огольцова Е.Г.
Ыбырай Алтынсарин Қазақстан тарихында көрнекті ағартушы, педагог,
ақын, қоғамдық қайраткер ретінде із қалдырды.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылғы 20 қазанда Қостанай облысының
Арқарағай болысында (қазіргі Затобольск ауданы) ауқатты отбасында дүниеге
келген. Әкесінен ерте айырылып, ол атасы — Балғожа би Жаңбыршинның
қолында тәрбиеленген, Орынбор шекаралық комиссиясында қызметте болды
және билік басындағылардың, әсіресе Орынбор далалары қазақтарының
арасында үлкен ықпалға ие болды. Сол кезде Балғожа қазақ ауыз әдебиеті
шығармашылығының білгірі болып табылды, кейде өзі өлең шығарып, қызыл
тілді шешен болған.
1850 жылы Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда мақсаты
патша әкімшілігі үшін сауатты адамдарды даярлау болған, қазақ балаларына
арналған алғашқы мектептердің бірі ашылғанда, атасы Ыбырайды оқушылар
қатарына берді. Оның мектепте оқуған кезеңі туралы мұрағат құжаттарының
бірі сақталған, онда ол табандылығымен және дербестігімен ерекшеленді деп
айтылған. 1857 жылы Ыбырай Алтынсарин мектепті сәтті бітіріп, Орынбор
шекаралық комиссиясында қалды, онда үш жылдан астам уақыт бойы тілмаш
болып жұмыс істеді. Мұнда ол өз білімінің деңгейін көтеруді жалғастырды,
туған тарихын, әдебиетін, ғылыми еңбектерді және шығыс, орыс және батыс-
еуропа мәдениетінің көркем шығармаларын мұқият оқыды және зерделеді.
Туған халқына мейлінше көп пайда әкелуге жоғары ұмтылысы бар Ы.
Алтынсарин, педагогикалық қызметпен айналысуды армандады, онда ол өзінің
қабілетін көрді. Ұзақ машақаттар мен қиыншылықтардан кейін ол 1860 жылы
Орынбордан кетіп, Торғай қаласына ауысты, бірақ бұл жерде де жергілікті
патша билігі Ыбырай Алтынсаринді бірде судьяның көмекшісі, бірде судья,
бірде бастықтың көмекшісі, уезд бастығының м.а. етіп анықтап, оның сүйікті
ұстаздық ісімен айналысуына ұзақ уақыт бойы мүмкіндік бермеді. Ақырында,
тек 1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түсті. Әрі қарай,
20 жылға жуық дерлік уақыт бойы, ол халық ағарту жүйесіндегі басқарушы
қызметтермен айналысты.
Ол Торғай уезінде халық ағарту ісінің инспекторы қызметінде өзін
көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, әйгілі ағартушы-жазушы және ірі
қоғамдық қайраткер ретінде көрсетті. «Мектептер — бұл қырғыздардың, қазақ-
тардың ағарту ісінің басты серіппелері, — деп жазды Ыбырай Алтынсарин,— ...
64
оларға, әсіресе соларға сенім артылады, қырғыз (қазақ) халқының болаша-ғы
да соларда» [1]. Ағарту ісінің ауыр жүгін арқалаған Ы. Алтынсарин білімді
адамның қасиетті борышы балаларға білім беру деп санаған.
Оның қазақтардың балаларын өз халқына пайдалы болатындай және
егіншіліктің, өнеркәсіптің жетістіктеріне бейімделетіндей етіп үйретуге
ұмтылуы екі жақтың қарсыластығын тудырды. Патша әкімшілігі жергілікті
халықтан орыс тілінде іс жүргізуге, хатшы, тілмаш болуға қабілетті, патшалық-
тың отарлық саясатына бейімделгендік рухында тәрбиеленген шенеуніктердің
төменгі буынын дайындауда мүдделі болды. Сондықтан ол Алтынсариннің
қазақтарды орыс тіліне үйретуі бойынша бастамасына қарсы сырттай қарсы
әрекет етпесе де, кең білім беру идеясына ешқандай қолдау көрсетпеді. Екінші
жағынан, жергілікті дін басылар ол қазақ балаларын «шоқындырғысы» және
оларды орыс әскеріндегі «сарбаздық қызметке» даярлағысы келеді деп иланды-
руға тырысқан, Ыбырайдың жаңалықтарына қарсы әрекет етті. Ы. Алтынсарин
шындығында да надандыққа, ырымшылдыққа, ескірген көшпенді тұрмыстың
бұғауында қамалуға және исламды пайдакүнемдік мақсатта және тіпті
империялық идеология мүддесінде пайдаланған дін басыларына қарсы шыққан.
Өзінің ағартушы-педагогтік қызметін бастап, Ы. Алтынсарин ауылдарға
жиі барады, жергілікті халыққа зиялы білімнің мақсаты мен маңызын,
пайдасын түсіндіреді, мектептер салу үшін қаржы жинауды ұйымдастырады.
Ол Торғайда, Елек, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде орыс-қазақ мектептерін ашты.
Ол тұңғыш қыздар мектебін ашуға қол жеткізеді.
«Енді біздің үлесімізге ең ауыр, жауапты уақыт тиді, - деп жазды ол, —
күшіміз мен біліміміз жеткенше барлығын қайта жасау, осы жаңалықтарды
қараңғы ортаға ендіру және оның барлығын жария ету... Міне сондықтан да
мен қоғамдар мен әр түрлі қоғамдық уездік және облыстық болыстардан ақша
сұрап, дала кезіп жүрмін» [2]. Оның бастамасы бойынша 7 бастауыш мектеп,
қазақ балаларына арналған 4 екі сыныптық училище, соның ішінде оларда ана
тілінде және орыс тілінде оқытатын, қазақ қыздарына арналған тұңғыш
мектептер ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы
ашылды.
Ы. Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қоймай, сонымен
бірге олар үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық принцип-
терін әзірледі, оқу және әдістемелік құралдар жазды.
Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқының ағарту ісіне арнады. «Қазақ
халқының өзі білім беру үшін берекелі тіректі білдіреді»,— деп жазды ол.
Алтынсарин орыс және қазақ халқы достастығының көзі жеткен жақтау-
шысы болды. Ол орыс демократиялық әдебиетін насихаттады, орыс педагог-
жазушылары К.Д. Ушинский мен Л.Н. Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Ы. Алтынсаринге ағартушы ретінде білімге табыну және қоғам мен әрбір
жеке адамды дамыту үшін білімнің барлығын құтқарушылығына сенім тән.
Ыбырай Алтынсариннің әдеби қызметін қадағалаған замандастары, оның
көзінің тірісінде оның халықтың мұқтаждығына қаншалықты жауап беретінін
бағалай білді. Оның еңбектерінің қатарында меншікті
әдеби шығармашылы-
65
ғынан басқа – ана тілінде хрестоматия құрастыру болды, олар «Қазақтарға орыс
тілін үйретудің бастауыш құралы» және «Қазақ хрестоматиясы» (1879).
Бұл кітаптарда орыс графикасының негізінде құрылған, жаңа қазақ
алфавиті пайдаланылды. «Қазақ хрестоматиясында» Ы. Алтынсарин былай
жазған: «... Бірде бір азиялық тілде жалпы білім беретін мазмұнды кітаптар жоқ
дерлік, біз мұндай нұсқауларды орыс тілінен іздеуге мәжбүрміз. Осының
салдарынан біз осы хрестоматияны орыс әріптерімен басуды аса ыңғайлы деп
санадық, өйткені ол өзінің мақсатының тура сәйкес келеді, яғни аса ғылыми
және жалпыға пайдалы кітаптарға тікелей жол сілтеуші, соңғыларға мазмұны-
мен де, алфавитімен де қайшы келмейді» [4].
Өзінің поэтикалық шығармасында Ы. Алтынсарин, ең алдымен, халық
ағарту ісінің маңызын насихаттады, жастарды білім алуға шақырды.
Алтынсариннің кезінде білімнің қажеттілігін дәлелдеу керек болды. Мектепті
ашу ғана емес, сонымен бірге оқушыларды қабылдау да қиынға соқты. Ы.
Алтынсарин балаларды оқуға шақырып, оларға арнап өлеңдер жазады.
Олардың ішінде ең әйгілісі — «Кел, балалар, оқылық!» Онда адамның
өміріндегі ғылымның, білімнің пайдалысы туралы айтылады.
Ғасырлар бойы көшпенді оның байлығы мал деп санаған. Бірақ, басқасы
едәуір мықтылау, шынайы байлық — білім. Ы. Алтынсарин жастардың көзін
осыған жеткізуге ұмтылады. Тек білім ғана адамды құдіретті, бақытты ете
алады. «Тастан сарай салғызған...» өлеңінде ақын сондай-ақ оқырмандарға
қазақтарды өркениетті елдердің қатарына қосатын, білім үшін күрестің қажетті-
лігі туралы ой тудырады.
Қоғамдық-ағарту
тақырыптарына
арналған
өлеңдермен
қатар,
Ы.Алтынсариннің поэтикалық шығармашылығында ауылдағы әлеуметтік
теңсіздікті ашатын, байлардың сараңдығы мен қайырымсыздығы әшкерелетін
шығармалары бар: «Азған елдің байлары Құдайдан қорқып ғаріп-мүскінге
қайыр-садақа берудің орнына малы бар дәулеттілерді қолпаштайды, орайы
келсе, ұрлықпен мал тауып байыған үстіне байымақ болады».
Алтынсарин ақын туған табиғатының картиналарын да шеберлікпен
суреттеген. Табиғат үйлесіміне, бояуларына және дыбыстарына таң қалмаған
бірде-бір нағыз ақын жоқ шығар. «Табиғаттағы ұнату дегеніміз дами бастаған
рухтың алғашқы сәті. Әрбір адам оның ойын пішінімен, бояуымен, дыбыстары-
мен тікелей таң қалдырады...»,— деп жазған В.Г. Белинский.
Алтынсарин-ақынға дала табиғаты шексіз жақын. Әсіресе оны көктем-
дегі дала қызықтырады. «Көктем» өлеңінде табиғат картиналары халық өмірі-
нің картиналарынан ажыратылмайды. Ақынның шығармасы табиғат көрінісін
суреттегінімен, мұның өзі міндетті түрде адам өмірімен, оның тұрмысымен
астастырыла бейнеленеді:
«Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда, Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары, Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда».
Көктем адамдарға қуаныш әкеледі. Алтынсариннің қырағы көзі «жас
шөптің барқытында» сайран салған балаларды да, жолға жасақтанған керуенді
де, «көңілді әзілдескен» әйелдерді де, сүйгендердің таң шапағында қоштасуын
да байқайды.
66
Сонымен бірге Ы. Алтынсарин — көркем суреттемелер бере алатын, жай
ғана табиғатты нәзік бақылаушы ғана емес. Бұл өмірдің мәні, оның мәңгі
жаңартылуы туралы толғанатын ақын-философ. Ақынның көзқарасы бойынша
табиғат — ұлы шипагер, ол өмірге тыныштық әкеледі. Ы. Алтынсарин өмірді
масаттанып қабылдайды, оның парасатты және тамаша екеніне сенеді. Мұны
тек «Көктем» өлеңінен ғана емес, сонымен бірге екінші белгілі «Өзен» өлеңінен
де сезінуге болады. Бір жағынан, бұл жағасында нәрлі шөп өсетін және мал
жайылатын, ал ағысында балықтар тобы шалпылдаған, өзеннің нақты бейнесі,
екінші жағынан, — бұл мәңгі ағып жатқан өмір ағысының символы:
«Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай
қалмайды!».
Пейзаждың көркем нақтылығы, табиғаттың толғандыратын сипаттамасы,
оның адам сезіміне оның ойларымен, өмірімен және тіршілігімен әсер етуі,
автордың ақиқатты бейнелеуінің реалистік үлгісі туралы куәландырады.
Өлеңдерден басқа, Ы. Алтынсарин әңгімелер де жазған, оларда сондай-ақ
автордың демократиялық, гуманистік, ағартушылық идеялары айтылған. Олар-
да XIX ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы қазақтардың өмірінің тұрмысы мен
ғұрыптарың картиналары әлеуметтік аспектіде суреттеледі. «Бай баласы мен
жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық»,
«Өтіріктің зияны» және т.б. әңгімелерде қоғамдық өмірдің маңызды проблема-
лары қойылады: әлеуметтік теңсіздік, отырықшы өмір салтының артықшы-
лығы, надандықтың зияны, білім мен ғылымның пайдасы.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде кездейсоқ ескі көш орнында
қалған екі құрдас баланың көшіп кеткен ауылды іздегені туралы айтылады.
Олардың оқиғалары жайлы айта отырып, Ы. Алтынсарин осы балалардың
олардың әлеуметтік жағдайымен, өмір салтымен, тәрбиесімен, дағдыларымен
және әдеттерімен себептелген мінездерін көрсетеді. Әңгіменің мағынасы — екі
мінездің, екі әлеуметтік типтің қарама-қайшылығында. Үсен — жарлы баласы,
ол еңбек сүйгіш және оның барлық жетістіктері осымен анықталады. Атап
айтқанда, еңбек кез келген өмірлік кедергілерді жеңуге қабілетті нағыз адамды
тәрбиелейді, ал бос сенделіс — кемістіктердің тамыры.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі педагогикалық мақсаттарды
көздейді: ол үйретеді және тәлім береді. Ы. Алтынсарин мінездердің күрделі-
лігіне емес, ашықтығы мен қарапайымдылығына ұмтылады. Бірақ бұл мінездер
абстрактылы емес, олар нақты өмірмен ойға салынған. Өмірлік дәлдік, оңай
келетін дидактикалық тұжырымдар — осының барлығы «Бай баласы мен
жарлы баласы» әңгімесін қазақ мектептерінің оқушылары арасында ғана емес,
сонымен бірге орыс оқырмандарының арасында да танымал етті. 1890 жылы
«Родник» журналында әңгіме орыс аудармасында басылған.
Ы. Алтынсариннің көзқарасын, демократиялық және гуманистік көз-
қарастарын түсіну үшін, 70-ші жылдарда жазылған және «Қырғыз хрестома-
тиясында» жарияланған «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі де маңызды болып
табылады. 70-ші жылдары, даладағы патриархат-феодалдық әдет-ғұрыптар
нашарлаған кезеңде, қазақ кедейлері отырықшылыққа ауыса бастады, егінші-
лікпен айналысты. Ы. Алтынсарин оларды қолдайды. «Қыпшақ Сейітқұл»
67
әңгімесінде еңбекқор Сейітқұл байларды қатты жек көреді, олардан құтылу
жолын іздейді. Ол және оның кедей тумаластары өзеннің жағасына орнала-
сып, егін егеді. Ы. Алтынсарин егіншілердің бірлескен еңбегін жылылықпен
сипаттайды, кедейлер достастығының қалай нығайғанын, оның уақыт өткен
сайын өзіне жақындатқанын көрсетеді: «... кедейлік көшпенді халықтан
Сейітқұлға қосылды. Бес-алты жыл өткен соң олардың басқарған шаруашы-
лықтары төрт жүзге дейін жетті» [5]. Сейітқұлдың және оның достарының
табыстарын Ы. Алтынсарин олардың ізденістерімен, олардың егіншілік пен
саудаға жақындығымен түсіндіреді. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі
сияқты, ол еңбек сүйгіштікті мадақтайды — еңбек адамы далада қалмайды,
және ол бақытын табады.
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде Ы. Алтынсарин өзінің ең сүйікті тәсілі
—
антитезаны пайдаланады. Еңбекқор Сейітқұлға тонаумен және бөтен малды
ұрлаумен баюға ұмтылған, оның үлкен ағасын қарсы қойылған. Ақырында, ол
кісі қолынан қаза болады. Автор осы арқылы «адалдың арқаны ұзын», «адал
еңбек мұратқа жеткізеді», «ұрлық түбі - қорлық» деген ой қорытады.
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы
маңызы зор. Көрнекті ағартушы және педагог, ақын және аудармашы, қазақ
реалистік прозасының алғашқы үлгілерін жасаушы Ы. Алтынсарин қазақ
даласын жоғары әлемдік мәдени құндылықтар әлеміне жақындастырған ірі
тұлғалардың бірі болды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Алтынсарин И. Избранные произведения / Сост., подгот. К печати
Б.С.Сулейменов. – Алма-Ата: Академия наук КазССР, 1957.
2. Алтынсарин И. Рассказы / Пер с каз. Н.Кальменева. Алма-Ата: Жазушы,
1971.
3. Алтынсарин И. Собрание сочинений. В 3-х т. Алма-Ата: Наука, 1975 Т.1. –
1975. –
359 с.Т.2. – 1976.
4. Алтынсарин И. Сын бедняка и сын бая: Рассказ. Алма-Ата: Казгослитиздат,
1953.
5. Алтынсарин И. Щедрый Атымтай: Рассказы и сказки /Пер. с каз.
Н.Кальменева. М.: Детгиз, 1960.
68
Шоқан Уәлиханов – көрнекті қазақ ғалымы
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы»
кафедрасының аға оқытушысы
Тілеуғабылова Қ.С.
Шоқан Уәлихановтың нағыз аты - Мұхамед Қанапия. Ол 1835 ж.
Құсмұрын шатқалында, қазіргі Қостанай облысының Жетісу ауданында
дүниеге келген. Ш. Уәлиханов – қазақтың ағартушы-демократы, саяхатшысы,
этнографы, фольклорисі, Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан
халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші.
Шоқан Уәлиханов Шыңғысханның тікелей ұрпағы болып табылады, оның
шыққан тегін Жошы хан, Орыс хан, Құйыршық хан, Барақ хан, Есім хан,
Абылай хан, Уәлихан және Шыңғыс сұлтан сияқты жарқын тұлғалар көрсетеді.
1847 жылдан 1853 жылға дейін Шоқан Уәлиханов Омск қаласында кадет
корпусында оқыды. Оқу кезінде Уәлиханов Шығыс елдерінің тарихы,
географиясы және мәдениеті саласындағы зерттеулерге қызығушылық білді-
реді. 1853 жылы кадет корпусын бітірген соң, корнет сұлтан Уәлиханов
Сібір желілік казак әскерлеріне қызметке орналасады және Гасфорт Жеке Сібір
корпусының командирі жанындағы адъютант лауазымын түзетуге тағайын-
далды. Қызмет еткен алғашқы 3 жыл ішінде ол 1853-1856 жылдардағы соғыс-
тың естелігіне Владимир лентасына тағылған «қола медальды тағу» құрметін
иеленді. Гасфорт үшін қағаз жазу міндетінен басқа, Шоқанға Батыс Сібір
историографының міндеті де жүктелді. Ол Азиядағы орыс саясаты құпиялары-
ның құнды қоймаларының бірі – Омск мұрағатына қатынасты алды.
Генерал-губернаторда адъютант болып қызмет ете отырып, Шоқан ғылым-
дарды, ең алдымен, даланың және көршілес елдердің тарихын, географиясы
мен экономикасын зерделеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. 1854 жылы
подполковник Уәлиханов Шекаралық басқарма (көп ұзамай Облыстық
басқарма деп аталған) кеңесшісі лауазымын алды және Омскіге көшіп келді.
Адъютант болып қызмет етіп жүргенде (1854 жылы) Шоқан Уәлиханов
жазушы Федор Достоевскиймен танысады және олардың арасында бірден
пайда болған достық қатынастарды олар кейінгі өмірлері бойында сақтап
қалды. Сол жылы өмір оны бірнеше шетел тілін білетін, білімдар адам,
талантты ақын және аудармашы Сергей Федорович Дуровпен кездестіреді.
1855 жылғы күзде Уәлиханов жиырма жасқа толды. 17 желтоқсанда
Гасфорт Сібір корпусының штаб- және обер-офицерлерінің ерекше жігері мен
қажымас еңбегі үшін марапаттау туралы әскери министрдің алдына өтініш
жазды, онда корнет сұлтан Уәлихановтың қызметін ерекше атап өтті.
69
1856 жылы Ыстықкөлге алғашқы саяхатында Шоқан Уәлиханов қырғыз
тілінің сөздігі үшін көлемі бойынша үлкен материал жинады, көптеген
жергілікті жырлар мен әндерді жазды және аударды. Оның ғалымдар әлеміне
және жұртшылыққа қырғыз ауызша шығармашылығының жарты миллион
жолдан тұратын ұлы ескерткіші, — «Манас» эпосын ашуы сапарының маңызды
нәтижесі болды. Ол эпосты жазып алған (1856 жылғы 26 мамырда) тұңғыш
зерттеуші болып табылды, кейіннен оның жеке бөлімдерін орыс тіліне
аударған. Уәлиханов оны шығыстың, қырғыз фольклорының ауызша дәстүрлі
туындысы ретінде бағалады. Ол «Манасты» «дала Илиадасы» деп атады.
Ал «Манастың» жалғасы — «Семетей» поэмасын — ол шығыс «Одиссеясы»
ретінде сипаттады. Осы сапарларының нәтижесінде ол «Ыстықкөл сапарының
күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері», «Қытай
Империясының Батыс өлкесі және Құлжа қаласы» еңбектерін жазды.
1856 жылғы сәуір айының басында Шоқан пошта жолымен Семейге жол
жүреді. Ол өзінің барлық әсерлерін жол журналына – жол күнделігіне енгізген.
Осы алғашқы жазбаларында оның барлығын байқайтын және қаламды еркін
меңгерген адам екені көрінеді, бірақ оларда әлі шәкірттік, өзін географиядан,
геологиядан, гидрографиядан, ботаникадан, зоологиядан, этнографиядан,
лингвистикадан хабардар, нағыз классикалық саяхатшы ретінде көрсетуге
ұмтылысы байқалады. Сондай-ақ Ш. Уәлихановтың тұрғыш ыстықкөлдік
күнделігі бойынша оның өзінің меншікті, уәлихановтық үлгідегі жол
естеліктерінде ұмтылыспен анықталғанын, басты назарды адамға, Азия
халықтарының өміріне, олардың өткені мен бүгінгісіне, олардың болашаққа
сеніміне аудару үшін, флора мен фаунаның міндетті сипаттамаларын артқы
жаққа сенімділікпен әкете бастағанын байқауға болады.
Оның күнделіктерінде (Ш. Уәлиханов үшін екінші туған тілі болған орыс
тілінде) өз заманының озық идеяларын қабылдаған, еуропалық білім алған,
алғашқы саяхатшы қазақтың жеке тұлғасы өте айқын көрінді. Ол басқа
көптеген саясаттан алыс, Азия бойынша орыс және еуропалық саяхатшыларға
қарағанда көп жақсы болды, халық өмірін, Азия мемлекеттерінің саяси
құрылымын, әлеуметтік жағдайларды зерттеу үшін дайындалған болды.
Азияның тумасы бола тұрып, ол орыс және еуропалық саяхатшылар мүлде
қатынай алмайтын жерлерде өзін еркін сезінді.
Көптеген шығыс тілдерін білу және оның корпусқа дейін үйде алған
сұлтандық білімі ол үшін Азия адамының рухани өмірін жақын және түсінікті
етті. Және де ол суретші де болды. Жолдар қатарында ол қаламмен немесе
қарындашпен немқұрайды, асығыстықпен салғандай, алайда өте дәл суреттің
нобайын салған. Оның салған суреттері жазған жазуларын жалғастырғандай,
ал жазулары кескіндерін нақтылағандай. Әрі үнемі Ш. Уәлихановта
пейзажбен, портретпен, малдың фигурасымен қатар оның зерделеген маршруты
сызылған - әскери топографтың қатты қолымен қаланың маршруты, жоспары,
барлық ағыстарымен бірге өзен, асулар сұлбасы, сауда жолдары сызылған.
Шоқан Уәлиханов батыстық түсініктегі тұңғыш қазақ суретшісі болған.
Ол оның ғылыми және жол күнделіктерін иллюстрациялаған этнографиялық
дәл жанрлық, портреттік және пейзаждық суреттерді көп салды. Сондай-ақ
70
станок суреттерін және акварельдер («Үлкен Орда қазақтары», «Сары Бағыш
тегінен Сартай» және т.б.) салған.
Ұлы құндылық – оның топографиялық жұмыстары. Кейін олардан карта-
лар – енді жорамалды емес, олармен еуропалық ғылым Азия жерін тану
бойынша еңбектерінде қанағаттануға мәжбүр болған, дәл карталар құралды.
Семейге кері қайтқан жолында Уәлихановта тағы бір тарихи кездесу - Петр
Петрович Семеновпен кездесу болды. Тура сол кездесу кезінде Шоқан өзінің
көпестің атымен керуенмен бірге қандай да бір азиялық ірі сауда қаласына
(Қашқар) бару жоспарын талқыға ұсынды. Ол кезде поручик Уәлиханов Орыс
Императорлық география қоғамының толық мүшесі болған, онда ол Семеновтің
Семейдегі кездесуден кейін жазған ұсынысы бойынша 1857 жылғы 21 ақпанда
жалпы жиналыста қабылданған болатын. Жердің жарты шары бейнеленген
диплом ұрпақтарды Ш. Уәлихановтың Семенов-Тянь-Шаньский ерлігіне бата
берген, орыс саяхатшыларының арасындағы тұңғыш қазақ болғанын
куәландырады.
Сол қыста ол Ыстықкөлдегі экспедициядан әкелген материалдармен
жұмыс істеді, қырғыздар туралы очерктерді жаза бастады: халықтың тарихы
туралы, онымен тарихта көп нәрсе анықталған, оның географиялық орны,
руларға бөліну туралы, қырғыздардың салт-ғұрыптары туралы, ұрпақтан ұрпақ-
қа жалғасатын аңыздар, жырлар мен ертегілер туралы.
Алғаш рет толығымен Ш. Уәлихановтың «Қырғыздар туралы жазбалар»
деген шығармалар Жинағында жарияланған қолтаңбада, Шоқан Уәлихановтың
басқа да көптеген аяқталмаған еңбегі сияқты, көп жылдық мұқият жұмысының
іздері қалған. Әр уақытта сиямен және қарындашпен жасалған кірістірмелер,
түзетулер, жиектеріндегі белгілер қаншама! Және ойлардың айқын ерекшелігі,
дәлелдемелердің тамаша жүйесі қандай, тұжырымдар мен гипотезалардың
батылдығы қандай! Қазіргі уақытта Ш. Уәлихановтың қазақтар мен қырғыздар-
дың этногенезі бойынша жұмыстарының уақыттан озғаны танылған. Және қазір
оқығанда олардың аяқталмағанын сезбейтін сияқтысың. Автор шығармасын
жарыққа шығаруға бел байлап, түпкілікті ажарлауы ғана жетіспейді. Сонымен
бірге Ш. Уәлихановтың бізге дейін жеткен жұмыстары оның қағаздарының бір
бөлігі із-түссіз жоғалды деп жорамалдауға негіздеме береді. Оның ғылыми
ізденісі оны алдын ала орасан көп жұмыс жүргізуге – қоғамдық теориялар мен
халықаралық қатынастарды терең зерделеу туралы айтпағанда, мұрағат
құжаттарынан, шығыс жазушыларының аудармаларынан, еуропалық ориента-
листер еңбектерінен көшірмелер жасауға мәжбүр етті [1].
1858 жылғы 28 маусымда Шоқан Қашқарға бағыт алған Семей керуеніне
қосылды. Оның осы сапар барысында Қашқардың экономикасынан, саяси
өмірінен, тарихынан, географиясынан, этнографиясынан білгенінің барлығы,
онда ол толықтығы мен тереңдігі бойынша таңқаларлық материал жинады, оған
ауыр еңбекпен келді. Ол Қашқардың өмірінің тұтас картинасын әңгімелердің
бөліктері, үзінділері, тарихи оқиғалар туралы естеліктер бойынша, отбасылық
аңыздар бойынша құрастырды. Оның Қашқарда айналысқан жұмысы Шоқан-
ның Омскіде еуропалық және орыс ғалымдарының еңбектерінен алынған
фактілерді Омск мұрағатында сақталған құжаттармен, ханның жарлықтары-
71
мен, шығыс жазушыларының әңгімелерімен, қазақ аңыздарымен және қазақ
әдебиетімен салыстыруына және бір жерге жинауына тура келгенін есіне
салды. Ол Қашқарға жол жүргенге дейін қазақтардың тарихын зерттеу тәжіри-
бесін меңгермесе және оның ауызша тарихтан және орыстың саяси хабарынан
тәжірибесі болмаса, Уәлиханов өзінің данышпан деп аталған, тегіс қамтыған
Қашқар туралы еңбегін жаза алмас еді. Ал Шоқан Уәлихановтың Қашқарға са-
пары туралы ғылыми еңбегінің данышпандығы тағы мынада болды: ол мәлі-
меттер бумасын жинап және салыстырып жүріп, барлық жерде және ылғи да
нақты жазулар жаза алмады. Ол қаншама аса құнды материалды жадында –
өзінің көшпенді, поэтикалық, жадылы халқы ұлының тамаша жадында сақтады!
Қашқарияға келген кезінде Ш. Уәлиханов көптеген көпестермен, шенеу-
ніктермен және басқа жергілікті тұрғындармен танысты. Ол Қашқарияны
ұйғырлар атағандай, Алтышаһардың халқы мен жолдары туралы мәліметтерді
жинай алды. Зерттеуші сондай-ақ елдің климаты мен табиғаты, оның эконо-
микасы туралы деректер жазды. Ол басын қала қабырғасының жанында шауып
тастаған, Қашқардағы Шлагинтвейттің қазасы туралы толық жайтты анықтады.
Саяхат басталған соң 11 айдан кейін 1859 жылғы 12 сәуірде Шоқан
Уәлиханов Верныйға қайтып оралды. Экспедицияның қорытындысы бойынша
ол «Алтышаһардың немесе Нан Лу Қытай провинциясының (Кіші Бухарин)
алты шығыс қаласының жағдайы туралы (1858-1859)» есеп жазды [2]. 1860
жылғы 4 мамырда Әншілер көпірінің жанындағы Орыс географиялық
қоғамының пәтерінде қоғамның толық мүшесі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
өзінің Қашқарға саяхаты туралы мәлімдеме жасады. Оны Петербургтің ғылыми
әлемі - географтар, этнографтар, жаратылыстанушылар, тарихшылар,
шығыстанушылар тыңдады. Еңбек Ресейдің және оның шекарасынан тыс
елдердің шығыстанушыларымен жоғары бағаланды және көп ұзамай ағылшын
тілінде қайта шығарылды. Өлкенің географиялық шолуы, тарихи очеркі, халқы,
өлкенің үкіметтік жүйесі және саяси жағдайы, өнеркәсіп және сауда. Және
осының барлығы Уәлихановтың сапарына дейін ол туралы еуропалық ғылымға
ештеңе белгілі болмаған өлке жайлы. Қашқардың қалай және кіммен
басқарылатынын ерекше сипаттады, өйткені еуропалық ғалымдардың шығыс
қаласын билеу түрлерін қаншалықты аз зерделегенін білді. Оның осы
мәліметтері кейіннен өте кеңінен пайдаланылды.
Уәлихановтың 1860 жылғы 4 мамырда өткен жиналыстағы хабарламасы
«Жоңғария очерктерінің» негізіне жатты, ол 1861 жылдың басында «Орыс
географиялық қоғамы жазбаларының» 1-ші және 2-ші кітаптарында жариялан-
ды. Онда автордың суреттері, сондай-ақ оның дайындаған Семей облысының
Жетісу және Іле өлкесінің және Қытайдың Іле провинциясының картасы да
болды. Бұл, сол кездегі түсініктер бойынша Жоңғария болды.
«Очерктердің» артынан «Орыс географиялық қоғамы жазбаларының» 3-ші
кітабында 1861 жыл ішінде Ш. Уәлихановтың географиялық шолуы және
тарихи очеркі пайда болды. Әрине, География қоғамының кемеңгерлері мұның
үлкен еңбектің бір бөлігі ғана екенін білді. Ш. Уәлиханов сол кезде Петербург-
те «Орыс географиялық қоғамының жазбалары» үшін дайындаған Қашқарға
және одан кері, Алатау округіне жолдың сипаттамасы, біршама кейінірек, 1868
72
жылы пайда болды. 1860 жылы Әскери министрдің шақыруымен Қашқария
зерттеушісі Петербургке келді, онда оны Орта Азия мен Қазақстан халықтары
өмірінің білгірі және батыл саяхатшы ретінде қарсы алды, әрі Қасиетті
Владимир орденімен марапатталып, штабс-ротмистр шеніне дейін жоғары-
латылды [4].
Петербургте болуы (онда ол бір жылдан артық уақыт болды)
Ш.Уәлихановты рухани байытты және оның демократиялық көзқарастарын
нығайтты. Ол қоғамдық өмірдің қайнаған ортасына кіріп, қызметін кеңінен
жайды, Бас штабтың әскери-есеп комитетінде, Азия департаментінде және
география қоғамында жұмыс істеді. Орта Азияның және Шығыс Түркістанның
карталарын құрастыру, Риттердің еңбектерін шығаруға дайындау, энциклопе-
дия шығарудағы ынтымақтастық (онда алғаш рет оның белгілі «Абылай»
мақаласы жарияланған, 1861), шығыс қолжазбаларын зерделеу, Орыс
географиялық қоғамындағы Шығыс тарихы бойынша дәрістерді оқу — осының
барлығы оның Петербургтегі өмірінің мазмұнын құрады.
Осы кезеңде Шоқанға «Орыс география қоғамы жазбаларының»
редакторы, профессор А.Н. Бекетов, шығыстанушы, дипломат және публицист
Е.П. Ковалевский, белгілі ориенталист-ғалымдар В.В. Григорьев, В.П. Васильев
үлкен әсер етті. Уәлихановқа Орыс география қоғамының вице-президенті П.П.
Семёнов-Тянь-Шаньский үнемі қолдау көрсеткен және онымен достық қарым-
қатынаста болған. Петербургте Уәлиханов өзінің жазушы досы Ф.М. Достоев-
скиймен қайта кездеседі. Оның Петербургтік достарының арасында ақындар
А.Н. Майков және Я.П. Полонский, «Жер және ерік» қоғамының мүшелері
болған, ағалы-інілі В.С. және Н.С. Курочкиндер болды [5]. Әр түрлі шенді
әдеби орта қазақ ғалымының ой-өрісін кеңейтті, оның Ресейдің революция
жағдайынан кейінгі қоғамдық өміріндегі оқиғаларды жақсы түсінуіне
көмектесті. Уәлихановтың зиялылардың тарихи көзқарастарын құру тарихына
қоғамдық мүддені дамытуда үлкен роль атқарған «Современник», «Русское
слово», «Эпоха», «Отечественные записки», «Время» және т.б. әдеби-көркем,
қоғамдық-саяси
журналдарды
оқуы,
Уәлихановтың
демократиялық
көзқарастарының бекітілуіне мүмкіндік туғызды.
Кейбір деректер бойынша (достардың естеліктері мен хаттары),
Ш.Уәлиханов Ұлыбритания мен Францияның География қоғамдарының
еңбектерінде өз мақалаларын жариялау үшін осы кезеңде қысқа уақытқа
Лондон мен Парижге барып келеді.
Штабс-ротмистр Ш. Уәлихановтың еуропалық ғылымда Орта Азия
құпияларын ашқан, батыл саяхатшы ретінде даңқы бекіді. Ол Петр Петрович
Семеновтың көмекшілерінің шеңберіне кірді, Риттердің орыс тілінде шыққан
еңбектерін оқыды және салыстырды. Ол әскери-ғылыми комитетте Орта Азия
мен Түркістан карталарын дайындауға жетекшілік етті. Ш. Уәлихановтың
қатысуымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы арасындағы кеңістік картасы»,
«Іле өлкесінің батыс бөлігінің рекогносцировкасы», «Құлжа қаласының
жоспары», «Ыстықкөлге экспедициялар нәтижелері туралы есепке сызылған
карта», «Қытай империясының Батыс өлкесінің картасы» орындалды [6].
73
1861 жылғы күзде Шоқан елге оралады. Оның ресми себебі Петербургтің
климатынан нашарлаған денсаулығын таза ауамен және қымызбен жақсарту
қажеттілігі болды. 1862 жылы Ш. Уәлиханов Атбасар уезінің аға сұлтаны
қызметіне сайланды.
1863 жылғы жазда ол сот реформасының жобасы туралы халықтың пікірін
жинау үшін елге кеткен комиссияның жұмысына қатысты. 1864 жылдан
бастап Уәлиханов Шығыс Түркістан халықтарының азаттық қозғалысымен
байланысты қызметпен айналысты. Ол штабс-ротмистр шенінде аудармашы
болып қызмет атқарды, онда қызметтік міндеттерін орындай жүріп, орыс
билігінің жергілікті халықпен достық өзара қатынастарының орнатуына,
қазақтар мен қырғыздар арасындағы жайылымдардан туған дауларды әділ
шешуге мүмкіндік туғызды.
Алайда 1864 жылы Пішпек пен Әулие Ата бекіністерін алғанда әскерлер-
дің бейбіт халықты жәбірге ұшыратуы Ш. Уәлихановтың тыныштығын бұзды,
полковник Черняевпен бірнеше рет қатты дауласқан соң, отставкаға шығып,
Жетісуға кетіп қалады.
Өмірінің қалған аз мерзімінде Шоқанның уақыты қарқынды өтті. Ол оның
саяхаттары мен еңбек еткен жылдарында халқының өміріндегі өте маңызды
кезеңмен сәйкес келгенін білді, ол кезде бүкіл жүздің қазақтары өздерінің Ресей
құрамына енуін және бір үлкен халыққа - бейбіт және поэтикалық, көңілді және
атақ құмар, күші мен қуаты мол, дамуынан үлкен үміт күтетін халыққа
бірігуін аяқтаған.
Ол 1865 жылғы 10 сәуірде, отыз жасқа дейін жетпей, Көшен-Тоған
мекеніндегі Тезек ауылында қайтыс болған.
Оның ешқашан да мансап құмарлық ниеті болмаған және де ол өзін қатаң
мінеген, бірақ ол осының барлығын білген. Сондай-ақ өз халқын шынайы білім
жолымен жүргізу үшін және аяқталмағанның барлығын аяқтау үшін,
Достоевскийдің күні ілгері болжағыштығын орындау – көп тілді Ресейге
Даланың не екендігін және оның көшпелі халқының кім екенін түсіндіру, бүкіл
адамзатқа қазақтардың өмірін, олардың өткенін, олардың бүгінгісін, олардың
болашақ туралы күні ілгері болжағыштығын ашу үшін, өз уақытының келгенін
өте өткір сезінген. Қорқынышты ауру оған не бары отыз жыл ғана өмір
берді, бірақ осы «құйрықты жұлдыздай» ағып өткен кезеңде ең әйгілі
этностық қазақтардың бірі, батыс дәстүрлерінен нәр алған тұңғыш ғалым
болды. Оның көбінесе ағартушылық деп аталған үлесі, мәні бойынша, өз
халқының тарихы туралы деректерді қажымай-талмай жинайтын нағыз ғалым-
этнографтың жай ғана ермегі болды. Отыз жыл өмірінде осы ұлы адам басқа
адам бүкіл өмірі бойында жасайтын істерді атқарды. Бірақ, сонымен қоса ол
тіпті ол үшін өзін құрбан ету керек болса да, ең алдымен, өз Отанының
мүдделерін қорғаған, өз уақытының адамы болды. Бұл біздің есімізден
ешқашан шықпауы тиіс.
Орыстың көрнекті шығыстанушысы академик Н.И. Веселовский ол туралы
былай жазған: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты
жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары
оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы
74
онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның
мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті» [7].
«Оның есімі қырғыз-қайсақтар мен қара қырғыздар тарихынан өшпейді,
оның есімі екі халықтың жадында сақталады» (Ф.М. Достоевский) [8].
Шоқан Уәлихановтан кейін көп ұзамай Іле өлкесінде болған көрнекті
саяхатшылар А.Ф. Голубев және М.И. Венюков, оның ашқан жаңалықтарының
мәні туралы бірінші болып айтты. Оның беделін барлық кейінгі Түркістанды
зерттеушілер, соның ішінде 1879 жылы шыққан «Қашқария» кітабының
авторы, Бас штаб полковнигі, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі
А.Н. Куропаткин де бағалады [9]. Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) өзінің
1865 жылға арналған есебінде Уәлихановтың мезгілсіз қазасы жайында
хабарлама жарияланды және онда оның ғылым алдындағы еңбегі туралы
мақалалар басылған болатын. 1867 жылы ОГҚ оның барлық қолжазбаларын
басып шығару шешімін қабылдады, ал 1868 жылы «Жазбаларда» Қашқарға
және кері Алатау округіне жолдың сипаттамасы қысқартылған түрде және
Уәлиханов туралы мақала пайда болды.
Ш.Ш. Уәлиханов шығармаларының жинағы 1904 жылы профессор Н.И.
Веселовскийдің редакциясымен жарыққа шықты және «Императорлық Орыс
географиялық қоғамы жазбаларының» этнография бойынша бөлімінің ХХIХ-
томын толығымен алды.
Достарыңызбен бөлісу: |