Менің мақтан тұтар мекендерім



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі444 Kb.
#8123

"Менің мақтан тұтар мекендерім" 

(Репост) 



Авторы: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің   

Сәулет-құрлыс факультеті;  ҚМБ-101топ студенті 



Әлімхан Данахан 

Алтайдан  Атырауға дейін созылған кең байтақ қазақ даласының қай 

бұрышын алсаң да, тарихи тағылымға тұнып тұрған шежіре, ашылмаған сырға 

толы, қойнауы құт- ырыс дарыған киелі мекен екені сөзсіз. Алтайдың асу 

бермес маржандай тізілген тау жоталарын құлдилай түсіп,  Сарыарқаның құлан 

жортса құтылмас иен жазығын басып, батыс өлкенің ойпаты мен қыратының 

керемет көз сүріндірер көркін тамашалаған кез келген адамның таңданыстан бас 

шайқары анық. Жетісудың тамылжыған табиғатына таңдай қағып, сылқым 

сұлудай әсемдігін жырға қоспаған ақын кемде кем. Ендеше осындай тамаша 

өлкенің тумасы бола тұра ол жайлы ой толғамау кіндік қанымыз тамған туған 

топырағымыздың алдында кешірілмес қылмыс болар. 

Жетісу- жер жанаты. Әрине бұл теңеу Жетісу табиғатының көркемдігінен 

ғана туған теңеу емес, ол қазақ тарихында Алаш баласының алтын бесігі болған,  

ардақты Ордалы мекен. Әр тауының әр тасы сұлулықты жырлайтын, жеті 

дарияның ағысы қосылаған, бауыры берекеге толы, өрісінде төрт түлігі өрбіген, 

еңбектің ырысы шалқыған шұрайлы мекен. Бұл менің туған өлкемнің тамаша 

табиғаты, дегенмен қазақ даласының қай өңірі болсада мен үшін туған үйімдей 

ыстық. Адамның басы Алланың добы деп көргенді халқымыз айтқандай тәңір 

жазуымен дәмі тартып өз өлкемнен ілім іздеп аттанып, ат басын тіреп  Кереку 

деп аталатын тағы бір киелі жерге тізгін байладым. Бұл өлкеніңде бар бойына 

сиғызып жатқан кеуде кере мақтанарлық кереметті жеткілік. Небір тарихи 

алыптарды туғызған атаулы өлке ежелден ақ өзінің қазақ тарихын да  меншіеті 

орнын қалыптастырған алытын аймақ.  

«Дәмі  тартқан- Кереку» 

 

Мекенім жаны дархан Жетісуым, 



Бауырында жайқалған орман- нуың. 

Туған өлкем қойныңнан жырақ кеттім 

Алдына ақ жол тіле құлыныңның. 

Тарихы терең сыры бар әр өлкенің

Арасы күнбатыс пен күншығыстың. 


Алланың жазғанымен бүгін міне 

Дәмі тартып көрдім жерін Керекудің. 

Ерке Ертіс бойын шалқып кеңге салған, 

Киелі өлке екнсің бақыт тұнған. 

Құлан жортса құтылмас құла дала 

Төгілген бар рызық қойнауыңнан. 

Баянауыл текті мекен шежірелі, 

Арман еді алтын өлке көру сені. 

Бүгін міне құдай оңдап келдім саған 

Айнала қонған мекен Сабынкөлді. 

Тегіс текті тумалардың мекені, 

Даласына қазақтың қандай байлық жетеді. 

Халқы текті, тарихы терең Кереку 

Қандай ақын жырламай сені кетеді?! 

 


"Менің мақтан тұтар мекендерім" 

(Мақала) 



Авторы: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің   

Сәулет-құрлыс факультеті;  ҚМБ-101топ студенті 



Әлімхан Данахан 

Туған өлке!  

Туған топырақ!  

Туған жер!  

Атамекен!  -    бұл  атаулардың  бәрі  кез-келген  адам  үшін  көңілге  жылу 

ұялататтын ананың ыстық алақанындай, қамқор әкенің мейірім, махаббатындай 

бір жанға шуақ, көңілге шаттық силар ұлы құнды, қасиетті атаулар.Туған өлке - 

ол кіндік кесіп, тәй-тай басып, топырағына аунап, , балдай бұлағынан сусындап, 

тау-  тасын  аралап,  жидегін  теріп,  арман-қиялдың  елесіне  еріп,  бар 

болмысыңмен  біте  қайнасқан,  айрықша  адамның  ғылыммен  тұжырымдап, 

түсіндіре алмайтын тылсым байланыстағы киелі мекен.  

Адам баласы үшін өмірде алтынға бағалап, айырбастауға келмейтін асыл 

байлықтардың бірі - туған өлкеңнің тамаша табиғаты. Оның әр тауының әр тасы 

алтын, әр жотасының әр жусан исі небір аңқыған жұпардан артық, табиғатының 

сұлу  көрінісі  кез  келген  әлем  кереметінен,  ғалам  ғажаптарынан  абзал.  Ұлы 

Жаратушы  қазақ  баласының  бағына,  қазақ  даласындай  ұлы  нығыметті  тарту 

еткен.  Қазақ  даласы  қойнына  бар  байлығын  сиғызған,  шыбық  қадасаң  тал 

болған,  дән  тастасаң  бау  болған  құнарлылығы  бар;  адасақан  тай  үйір  болар 

шұрайлылығы бар құт қонып, ырыс дарыған ұлы дала. Бұл қазақ даласы.  

Қазақ даласының қай өңірі болмасын мейілінше әйгілі, киелі мекен болып 

шығады. Бұл мақтанғандық немесе асыра сілтеушілік емес. Бұл- шындық. Қазақ 

даласының  қай  аймағы  болмасын  адам  түсінбейтін  тылсым  сыры  мен  табиғат 

болмысына  байланысты  аңыз  әңгімелерімен  еріксіз  таңдандырады.  Өз 

даламның  дархандығы  халқымның  пейіліне  берген  Жаратқанның  сиы.  Небір 

ұлы  құндылыққа  толы,  тарихтың  таңбаланған  шындығын  сақтаған,  бабалар 

тұлпарының  тұяғы  таптаған  осынау  ұланғайыр  қазақ  даласының  ұлылығы 

жайлы жиі толғанамын. Ой тұңғйыйғынан кеудемді бір үлкен мақтаныш кернеп, 

тың серпіліс аламын. Себебі бұл менің туған даламнан дарыған дарыным. Бұл 

дарыным  оның  ұлылығын  суреттеуге  жеткіліксіз,  деседе  қарым-қуатым 

жетісінше бір бейнелейінші.  



Жетісу  даласы.  Текті атағын аталы Алаш емес, алты құрлыққа  танытқан 

айбынды  мекен.  Ұлы  тумалардың  көшін  жалғап,  алтын  құрсағы  талай 

алыптарды  дүниеге  әкелген  ардақты  мекен.  Тарихты  бір  шолып  өтсем 

жауырынын қалқан етіп, кеудесімен оқ тосқан аты аңызға айналған Қара Керей 

Қабанбай,  жыр  сүлейі  Сүйінбай,  жыр  алыбы  Жамбыл,  Біржан  салды  жырдан 

сүріндіріп сұлулығына тәнті еткен ақын Сара, мұзтаудың мұз балағы Мұқағали, 

арыны  Ақсудың  асау  ағысындай  құлагер  ақын  Ілияс,  Ескелді  би,  Балпық  би, 

Қабылиса жырау, өткен дәуірдегі көшбасшы қазақ қамқоры болған Қонаев, Ел 

басшысы  көреген  көсем  Н.Ә.Назарбаев  осы  қасиетті  мекеннің  мақтан  етер 

тумалары.  Әрине  текті  топырақтан  тексіз  ұрпақ  шығуы  мүмкін  емес.  Киелі 

мекеннің  суын  ішіп,  бар  болмысын  бойына  сіңірген  әр  ұрпақ  ертеңгі  ел 

қамқоры, ұлт мақтанышы.  

Жетісу  табиғи  құндылыққа  өте  бай  өлке.  Бауырын  кеңге  салған  Жетісу 

төсінде айбыны асқақ Алатау, оның етегінде сұлулығы мен сәні жарасқан мың 

жылдық  тарихы  бар,  алып  шахар  Алматы  тұр.  Одан  сәл  тау  баурайына  қарай 

қапталдасаң  Медеу,  Шымбұлақтың  әсем  көрінісі  көз  тартады.  Желмен 

сыбырласқан  тау  қарағайлары,  төгілген  аққайыңдар  таудың  келбетін  тіптен 

айшықтайды.  Кең  шахардан  шыға  берісте  бейне  бір  аспан  көкжиегімен 

тұстасып  жатқандай  мөлдіреп  Қапшағай  жатыр.  Тастары  қыздың  жинаған 

жүгіндей белгілі бір ретпен, заңдылықпен орналастырып қойғандай таңдантып  

Шарын  шатқалы  жатыр.  Жетісудың  кең  төсін  айқыш-ұйқыш  шимайлай  ағып 

ақыры  арнасы  қосылатын  жеті  өзен  бар,  бұлда  бір  табиғаттың  қайталанбас 

кереметі.  Әлемде  ән  салатын  құм  бар  дегенді  естіулеріңіз  бар  ма?  Жоқ  болса 

тыңдаңыз, иә бұл әнші құм атанған- Айғайқұмы. Алтынемел қорығындағы, Іле 

дариясының жағасында орналасқан бұл құм төбелер ерекше тылсым ән салады. 

Тарихи  оқиғалар  мен  аңыз  әңгімелерге  арқау  болған  тағы  бір  табиғи  тылсым 

өңір  ол-  ЖоңғарАлатауы,  Жоңғарқақпасы.  Жіпке  тізіп  айта  берсем  Жетісу 

даласының  кереметі  таңды-  таңға  жалғаған,  таңдайы  тақылдаған,  көмейлі 

жыршының жырынынанда ұзақ болары сөзсіз. Мен үшін туған өлкем таусылмас 

тарих, тұнған тағылым. 

Жаратқан  Алланың  адам  баласы  құрметтеуге,  қастерлеуге  тиісті  ұлы 

ұғымдарының  қатарында  Туған  Отан  мен  Туған  Жер  атуларының  болуы  тегін 

емес.  Туған  жер  рухани  алтын  бесік,  жаныңда  мәңгі  жасасатын  жүректің  бір 

бөлшегі. Қазақстанның керемет табиғаты қарағанның көз жауын алып, тылсым 

дүние  сырына  үңілдіріп,  мылқауды  ақын  етердей  немесе  таңданған  ақын  тілін 

жұтардай ұлы сұлулыққа ие.Қазақ даласы бейне бір шабытың қайнар көзі болар, 



тұнған  көркем  айшығы  терең,  тыңдаған  сайын  айызың  қанатын  ұзақ  әсем 

сарынды жырға ұқсайды. Таңданудан да, таңырқаудан да, тамашалаудан да еш 

жалықпайсың.  

Біздің дархан даламыздың сондай сұлу өірлерінің бірі- Кереку даласы. Ес 

білгелі  тек  атына  тәнті  болып  жүретін  бұл  өңірді  де  Жаратушының  әмірімен, 

осы  елдің  дәмі  тартып  көру  нәсіп  болды.    Ежелден  бұл  өңірдің  тамаша 

табиғатты талай өзге ұлттың көз қызартарлық қызғанышын оятқан өңір. Табиғат 

сұлулығын  жай  бейнелеу  оңай  ,  ал  оны  Жартақанның  дәл  жаратылысындай 

бейнелеу  мүмкін  емес,  себебі  оған  еш  ақынның  шумағы,  еш  жазушының  тіл 

шеберлігі  жетпейді.  Дәл  бұл  көркемдік  жалпы  осы  Кереку  өңіріне  қаратылып 

айтылған шығар шамасы.  

Қазақтың ізгілікке бай тарихын терең тану үшін бар өлкенің тарихын білу 

артық  етпес.  Ендеше  білім  іздеп  алыстан  ат  арытып  келген  Кереку  аймағы 

туралы не білеміз? Бұл өлкеден шыққан қандай атақты адамдар бар мұның бәрі, 

адамды  бір  құлшынысқа  жетелейтін,  іздену  емес  пе?!  "Қай  елдің  суын  ішсең, 

сол  елдің  сойылын  соғасың"  дейді  дана  халқымыз.  Ендеше  өзіңді  біліммен 

сусындатып  өмірлік  таусылмас  азық  берген  өңіріңнің  тарихы  кез-  келген 

көкірегі  ояу  жанды  толғандырмауы  мүмкін  емес  болар.  Кереку  өңірі 

топырағының  төл  перезенттері,  қазақ  даласына  аты  жайылған,  ұлт 

мақтаныштары  жетерлік.Атап  айтар  болсақ:  әулйе  атанған,  ұлы  ойшыл, 

фольклор  танушы,  этнограф,  тарихшы,  философ,  қазақ  мәдениеті  мен 

әдебиетінің  белгілі  тұлғасы-  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы;  драматургияның  құзар 

шыңы, көрнекті жазушы- Жүсіпбек Аймауытов;тек бір өңірге емес күллі қазақ 

даласының  дара  ақыны  -  С.  Торайғыров;  Алаштың  арысы,  театр  өнерінің 

майталманы,  актерлық өнердің хас шебері, тұңғыш қазақ кинорежиссер- Шәкен 

Айманов;  қазақ  өнерінің  қыраны  кәсіпқой  режиссер  Жұмат  Шанин;  дарынды 

әнші  Кәукен  Кенжетаев;  қазақ даласының құт  қойнауын  зерттеп  ел  тарихында 

жер асты байлықтарын ел ырызығына жаратып берген жаңа бір ғылым белесін 

қалыптастырған бір туар ел мақтаны- Қаныш Сәтбаев секіліді алыптардың бәрі 

осы  өлкенің  ұрпағы  емес  пе?!  Топырағы  асыл  бұл  дархан  мекеннің 

ұрпақтарының  да  терең  ойлы,  қағылез  болатыныда  сондықтан  шығар.  Табиғат 

анасы сұлу болса, оның құшағында өскен баласының дарынды болуыда табиғи 

құбылыс.  Кереку  өңірін  айтса  көз  алдыңа  бірден  елестейтін  Баянауыл  өлкесі. 

Баянауыл-  сұлулығына  сымбаты  сай  келген  жұмақ  мекен  ғой.  "Табиғаттың 

осындайда  кереметі  болады  екен-ау?!"-  дерсің.  Жазық  дала  төсіне  біткен  бұл 

таулы аймақтың жаратылысы тіптен ерекше. Әсем қарағайлар тізіле біткен қой 



тастар таудың әсем айшығы. Бұл жердің тағы бір тамаша таңдантатын дүниесі 

әсем  тынық  көлдері:  Сабындыкөл,  Жасыбай  көлі  және  Торайғыр  көлі.  Бұл 

көлдер туралы да халық арасында әр түрлі аңыздар бар. Баянаул табиғатына тән 

бір екрекшелік жота тастарының айқұш- ұйұыш емес белгілі тәртіппен, ретпен 

орналасуы.  Тау  тастарының  қалыптасу  ерекшелігінің  дәлелі  ол-  Кемпіртас. 

Бейне бір кимешекте отырған мейірімді қарт ана келбетін көз алдыңа әкеледі.  

Басы  қарт  Тарбағатайдан  басталып,  ағысы  кең  дария  болып  бірнеше  ел 

аралап арналы дарияға айналған қара Ертісте осы Кереку даласының бауырында 

еркелей  сыңсып  ағып  жатыр.  Ертістің  сәнін  келтірген  жаңашылдықтың 

бастамасы  болып  кеудесі  асқақ,  еңсесі  тік  Павлодар  қаласыда  алыстан  әсем 

көрінісімен  көз  тартады.  Талайлардың  асқақ  армандарына  құлашын  жетізген 

бұл текті мекен менің де армандарымды аяқ асты етпейтініне көзім анық жетеді. 

Бұндай тамаша өлкені көзім көріп топырағын басқан мен сірәда шексіз бақытты 

адам екенмін! 

Қазақы  қаймағы  бұзылмаған  бұл  екі  өңірдің  табиғатының  тылсымдығы, 

халқының  тектілігі,  ұрпағының  ұлағаттылығы  бәрі-бәрі  біздің  тұтас  еліміздің 

көркем  келбетін  анық  көрсеттеді.  Қазақ  дейтін  халықтың  даналығын  білгісі 

келген  адам  біздің  тарихымызға  үңілсін,  ал  даламыздың  дархандығын  білгісі 

келген топырағымызға табан тіресін.  

Міне,  менің  аяулы  өлкем!  Міне,  менің  мақтан  етер  шұрайлы,  шуақты 

мекенім! Өз жерім, өз жұртым, алтын бесігім! 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет