Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін


- бөлім бойынша тәжірибелік жұмыстар



бет30/38
Дата03.09.2023
өлшемі137,82 Kb.
#105938
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
6- бөлім бойынша тәжірибелік жұмыстар:
№1. Балаларды көркем шығармалармен таныстырудың түрлерін әдістерінде қолданатын дидактикалық материалдарды кесте түрінде көрсету.
№2. Ортаңғы топтың ойыншықпен әңгіме құрастыруға сабақ жоспарын жазу.
№3. Түрлі жас топтарында « Кітап бұрышының » алатын орны.
2 практикалық сабақ
7.2-тақырып. Балабақшадағы театрландырылған іс-әрекет түрлері.
Театр түрлері(қуыршақ театры, саусақ театры, көлеңкелі театры, үстел үстіндегі театры, флонелиграф театры, стенд-кітапша театры, трафарет театры).
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры - бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Маринеткалар деп - жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды айтады. Оларды
әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі,яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтар-ды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады.Бала өзінекастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері 
қуыршақты жасауға болады. Оның негізі үш бұрышты орамалды алуға болады.Бір бұрышын қуыршақ басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына
бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің
мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен,ойынмен көрсету арқылы 
шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне
сене білуге көмектеседі.
Саусақ театры-саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың 
сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға 
тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып,есінде
сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, 
жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет