Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college бекітемін



бет31/38
Дата03.09.2023
өлшемі137,82 Kb.
#105938
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап- ақ тақпақ пен қысқа 
өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін
ойыншықтар қолданылады.
Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар:

  • әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар

  • таяқшадан жасалған театр;

  • «киндер- театр»;

  • магнит театры;

  • «мочалка театр»;

  • үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар

  • өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).

Суреттер (картиналар) театры -Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың 
әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің
мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың
қызығушылығын арттырады.
Стенд-кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі
сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі
кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, 
монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ
кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын 
бейнелерді қайшымен қияды.Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерідамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке
театрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі
көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан 
немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету
үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа
кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.


3 практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет