Байланысты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
Екінші бағыт – рухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдаған мораль нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне, рухани және нәтижелі қызметте шығармашылық әлеуетін іске асыруына; адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік (нигилистік) көріністеріне; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына; діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы. Іске асыру механизмдері: оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту; «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты және т.б. арқылы жүзеге асырылады.