Байланысты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
Үшінші бағыт – ұлттық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы. Іске асыру меха-низмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.