Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары мен тактикасы



бет121/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары мен тактикасы

Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болып табылады.

Әдептілік, турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.

Қарым-қатынас стилі – мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен шығармашылық іс-әрекеттер, білім, білік дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табыстылығы қамтылады.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс-әрекетінің, қарым-қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдығы т.б., адамға тән рухани - адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет