Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбиенің тарихи алғы шарттары



бет3/141
Дата01.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#78311
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым минстрлігі

1.2. Тәрбиенің тарихи алғы шарттары.
1.3.Тәрбиенің ізгілік және гуманитарлық қағидалары.
1.4.Тәрбиенің негізгі тұғырлары.


Негізгі ұғымдар:тәрбиенің гуманистік парадигмасы, тәрбие қағидасы, тәрбиенің әдіснамасы,әдіснамалық негіздер, мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету,тұтастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық тұғырлар.

    1. Тәрбие парадигмасының әлеуметтік философиялық негіздері

Шығыстың ғұлама ойшылы әл Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі», 1 - деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның қалыптастыруға бағытталған. «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған, құзыретті, дарынды, өзінің болашақ кәсібін таңдай алатын азамат тәрбиелеу мәселесі қоғам алдына қойылып отыр.


Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, үздіксіз білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріске түсуі тұлғаның тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді, жаңаша пардигманы қажет етеді. Тәрбие парадигмасы қоғамның дамуына байланысты, мақсат, міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастырады. Білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі де тәрбиеге жаңаша көзқарасты– жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды көздеп отыр.
Демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субьектісі болып отырған қазақ халқының
ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетінде алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, тиым салу, немесе дәстүрлі құқық. Екіншісі, либералдық, яғни адамның табиғи құқы мен бостандығын паш ететін көзқарас. Дәстүрлі көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазасын алады. Бір ауыз сөзбен айтсақ ”рұқсат етілмегендердің бәріне тиым салынады”. Екінші көзқарас ХVІІІ ғасырда ағартушылық философия шеңберінде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері И.Кант, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Ч.Беккариа т.б.
Олардың ойынша, құқықта бірінші тиым салу немесе жазалау, адамның іс-әрекетін шектеу емес, керісінше адамның еркіндікке, бостандыққа деген құқығы. Құқық ұғымының алғашқы мәні: адамның өмір сүруге, меншікке, қауіпсіздікке, ар бостандығына, сөзге, көшіп-қонуға құқылы деді. Табиғи қарапайым құқыққа мемлекет ешқандай шек қоймауы керек.
Сонымен құқық мәселесіне екі методологиялық көзқарас пайда болды, біріншісі, адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тиым салу арқылы қоғамда тыныштық пен тәртіп сақтау, екіншісі, жеке бастың еркіндікке құқы. Әрине бұл екі көзқарастар бірімен-бірі тығыз байланысты, дегенмен де, бүгінде құқықтық мемлекет құру либералдық құндылықтар негізінде жүргізілуде. Қазақ менталитетіне либералдық құқық жақын екенін айтуға болады, оның тамыры тереңде жатыр. Олардың мазмұны мен ауқымы мемлекеттік құқыққа қарағанда әлде қайда кең. Егер мемлекеттік құқық мемлекетпен бірге бір мезгілде пайда болса, жеке бастың құқығы мемлекет пайда болғанға дейін өмір сүрген. Ол мәдениеттің ажырамас бір бөлігін құрай отырып, халық даналығы негізінде, моральдық-этикалық қағида, салт-дәстүр, әдет арқылы реттеліп отырған. Сондықтан да құқықтық құндылықтардың жеке тұлғалық мағынасы адам мен дүние қатынасын қамтыса, мемлекеттік құқық, адам мен мемлекет институттарының ара - қатынасынан туындайды. Бірінші қатынас бейресми, қалыпсыз, қалыпқа келе бермейтін немесе өте қиын келетін болса, екіншісі қалыпты сақтауға үнемі ынта танытып отыратын құбылыс. Әрине, жеке бастың құқықтық құндылықтары мен мемлекеттік құқық ұғымы арасында үнемі қайшылықтар болып тұрады. Бұл заңды құбылыс.
Құқықтық мәдениетті ұлт менталитетінің темірқазығына айналдыру дегеніміз – ұлттық сана-сезімнің құқықтық беріктігін күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен іс-әрекеттерге заң жүзінде тойтарыс берудің рухани қамалын жасау. Халық болып Ата заңды қорғау, оны бұлжытпай орындау құқықтық мәдениеттің көзі болады.
Дін адамзат қоғамында адамзат санасынан тысқары өмір сүрген жоқ. Ол қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан тысқары қарауға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектенген”,1 - деп білім беру саласындағы саясаты ашық көрсетілген.
Ата-аналар өз баласын отбасында өз көзқарастарынша тәрбиелеуге құқылы, бірақ бұл істе баланы күштеп дінді мойындатуға жол берілмейді.
Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адамгершілік қасиеттерге, құндылықтарға тәрбиелеуде діннің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады.
Кез келген халықтың рухани-адамгершілік өмірінде халықтық педагогика бай және сан-алуан, өйткені ол түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында, өзін этикалық халықтық сананың табиғи құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Соған қарамастан дәстүрдің ескісі мен жаңасы да өзгеріске ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе - өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс болып сақталып келеді. Сондықтанда осы заманғы тәрбиенің мәні – халықтардың озық ізгілік дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет