Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер



бет107/141
Дата01.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#78311
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   141
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым минстрлігі

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер



  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы. Алматы. 2014. -40 бет

  2. Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы. /Айқын. 2008.

  3. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Ақиқат. №1, 2013. – 5 - 27 бб.

  4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы.

  5. Мәңгілік ел. Оқулық. - Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат», 2015.

  6. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбиенің кешенді бағдарламасы. – Астана, 2000. -40 б.

  7. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.

XV бөлім. ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Жоспар:


15.1. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы.
15.2. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы.
15.3. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.


Негізгі түсініктер: кәсіптік бағдар, кәсіптік бағдар беру жұмыстары,мамандықты таңдау, тәрбиелік сипат, кәсіптік бағдар берудің бағыттары, формалары, өлшемдері, кәсіптік бағдар берудің тиімділігі, белсенділік әдістемесі.


15.1. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.


Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз — мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша дирек-тордың орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқушылардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым – қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдістемесі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.
Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмек беретін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет