АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИМАНБАЕВА С.Т., МАЙҒАРАНОВА Ш.М.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Алматы
2 018
Пікір жазғандар:
Таубаева Ш.Т.,- пед.ғыл. докторы, профессор;
Менлібекова Г.Ж., - пед. ғыл. докторы, профессор;
Әмірова Ә.С., -пед. ғыл. докторы, профессор
И 48 Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.
ISBN 978-601-06-4666-7
Оқулықта тәрбие теориясы мен әдістемесінің мәселелері қарастырылады.Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға лайықты оқушының ғылыми дүниетанымын, айналамен қарым-қатынасын, іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру арқылы мәдени деңгейін арттырудың теориясы мен әдістемесі беріледі.
Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттар, докторанттарға және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, мектептегі білім беру саласының түбегейлі өзгеріске түсуі оқушылардың тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді қажетсінеді. Осыған орай қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты ізгілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Тәрбие тұжырымдамасында мектепке дейінгі, мектеп, арнаулы кәсіптік оқу орындары, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесі, қосымша білім беру т.б. білім беру мекемелерінің мақсат, міндеттерін айқындай отырып, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын және қоғам талаптарына сай жан-жақты дамыған тұлғаны, нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу үшін білім берудің барлық деңгейінің сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Жалпы орта білім беретін мектептердің әлемдік білім стандартына сай 12 жылдық білім беру жүйесіне эксперименттік тұрғыда көшуі, жоғары оқу орындарының Болон декларациясының негізгі ұстанымдарына сәйкес Еуропалық білім кеңістігіне кірігуі тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру кешенді түрде іске асырылатынына аса мән беріледі. Тәрбиені қоғамдық құбылыс, біртұтас, ұзақ, әрі күрделі, көпжақты процесс тұрғысынан тұлғаның біртұтастығын қамтамасыз ету тәрбие үрдісінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын бірімен-бірін тығыз байланыста жүргізудің керектігін көрсетеді. Тұлғаның құндылықтарын дамытуда және қалыптастыруда әлеуметтік ортаның ықпалы, субъектінің-субъектіге қатынасы әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық процестің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады. Жан-жақты дамыған тұлғаға, оның қабілеттіліктері мен дарындылығына, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу мен жетілдіруге қамқорлық мемлекет дамуының міндетті шарты болып табылады.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Білім» тобындағы мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартарына және 2016 жылғы шыққан «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Ресми құжаттарда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің міндеттері білім беру мекемелерінде тәрбиелік жүйенің жаңа моделін дайындаудан және стратегиялық басымдылықтарын анықтаудан, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудан көрінеді.
Осыған байланысты болашақ мұғалімнің маңызды міндеті – рухани және дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін кепілдік жағдай құру, тәрбие технологиясын, тәрбие жұмысының әр түрлі бағыттарын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын меңгеру, тәрбие үдерісінде жалпыадамзаттық ізгілік құндылықтар басымдылығында, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық тұғырлар жүйесінде жүзеге асырылғаны және мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттегі құзыреттілігіне байланысты болады.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығының мақсаты – тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |