Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет96/141
Дата21.04.2023
өлшемі480,73 Kb.
#85449
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Өкпелеу – нақты немесе ойдан шығарған күйзелістер үшін бар әлемге ыза болу сезімімі салдарынан қоршағандарды жек көру және қызғану.

  • Қауіпті сезіну – «қоршағандар оған зиян келтіреді» деген ұстанымдарға негізделген адамдарға қатысты абай болып сенімсіздік таныту.

  • Сөзбен жеткізетін ызақорлық – жағымсыз сезімін түрімен және мазмқны арқылы жеткізу. Ұятының қажауы, кінәлі сезіну, қоғамда қолдау таппаған тәртіп түрлеріне кінәлі сезінудің ұстамды түрі. Агрессияның аталған түрі аутоагрессияға ауысуы мүмкін.

    Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларын психологиялық–педагогикалық алдын алуға келесі бағыттағы іс-әрекеттер енуі қажет:
    - тәрбиеленушінің өзін-өзіне оң баға беруі және балалар ұжымының басқа мүшелерімен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
    - оқушыларға қатысты педагогикалық өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау;
    - бейімделу үрдісінде көмек көрсету, мектептің ережелері мен тәртібін түсіндіру;
    - бос уақытты тиімді пайдалану;
    - салауатты өмір салтын насихаттау, зиян әдеттермен күресу және алдын алу шаралары;
    - балалар ұжымын біріктіру жұмысы.
    Жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру, тәртібіндегі кері көріністерді түзеу «МЕН» бейнесінің жағымды қылып өзін сыйлаудан бастау қажет, сынмен ойлау қабілетін дамытып, әлеуметтік маңызды мақсат қойып және жауапты шешім қабылдаудан басталады. Жасөспірім дұрыс таңдау жасау үшін оны сезімін ұстауға үйрету қажет, стресстерді, қобалжуды, ұрыс-керістерді игере білу керек; сынға ызасыз жауап қайтару тәсілдерін игеру. Өзін-өзі қорғауды дамыту қажет, басқа адамдардың тарапынан қысымдарға төтеп беруді игеру, зиян әдеттерге қарсы тұру, кез-келген мәселені әлеуметтік-жағымды құралдармен шешіп жақсы таңдау жасайтын құндылықтарды қалыптастыру қажет.
    Сынып жетекші, психолог және әлеуметтік педагогтар бірлесе отырып алдын алу жұмыстары келесі негізде іске асуы тиімді болмақ: оқу іс-әрекетінің сәттілігі; оқушыларды қанағаттандырарлық жағымды сезімдік қарым-қатынас жүйесі; психологиялық қорғаныс.
    Тәрбие-алдын алу шараларының кешенділігін көрсете отырып, алдын алу мекемелері, отбасының мәдени дамуы, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну, түрлі жүйке-психикалық ауытқулары және аурулары бар балаларға арналған оқу-тәрбие ұйымдарының санын көбейтуді айта отырып, қиын тәрбиенің алдын алуда жетекші орын жалпы әлеуметтік-педагогикалық шараларға беріледі. Сонымен оқу және тәрбие жүйесін жетілдіруге, балалар мен жасөспірімдердің жақын ортасын сауықтыру және біріншіден олардың отбасылық тәрбие жағдайын оңалту. Тәрбие жұмысының мысалы ретінде В.А. Сухомлинский келтірген оқудағы қиындықтарды жеңудегі тәжірбиелі технологияны келтіруге болады.
    1.Баланың өзіне сезімін бекіту және оның ойлау әрекетінде қашан кішкене өзгеріс болатынын күту. Бұл өзгеріс өте аз, бір қарағанда ол қарапайым сәттілік болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл сәттілікті бала қуанышты табыс деп ойлап одан жаңа энергиямен сусындайды.
    2. Табыстан табысқа – бұл жерде қиын баланың ойын (тек ойын емес) тәрбиелеу тұжырымдалған.
    3. Баланың жағымды іс-әрекетін қолдау, оның танымдық белсенділігін ынталандыру. Егер бүгін оның жолы болмаса ұрыспай, «екі» қоймау керек. Үлгерімді бағалауға сәйкес оның нәтижесін бағалауға болмайды. Мұндай бала басқаша бағалауды талап етеді. Бастапқыда оның нәтижесін бұрынғы табыстарымен салыстыру керек. Осал, нәзік өсімдікті баптап қолдау қажет.
    4. Бала үмітін үзіп, шешімін таппай қалатын жағдайда қалмауы керек.
    5. Сабақта аса көңіл бөлініп, қиын бала өзінің қабілетті құрбысының қасында отырғаны жөн. Сөзбен де, іс-қимылмен де мұғалім оның болашағына сенімін жоғалтқанын көрсетпеу керек.
    6. Әр сабақта сондай оқушының кішкене болсада танымдық қадам жасап, табысқа қол жеткізуіне тырысу абзал.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   141




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет