Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет142/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Төртінші кезеңәлеуметке қарсы тұрақты тәртіп, оның сипаты заңға қарсы әрекеттерінің күрделенуі және жүйелі ұшырауының тұрақтануы, қауыпты қылмыс жасау мүмкіндігі, тұрақты әлеуметке қарсы топқа енуі. Бұл жағдайда көмекті, отандық және халықаралық тәжірбие көрсеткендей ашық түрдегі мекемелер ашып оларға арнайы тәрбиешілер дайындау керек. Сәтсіз көмек көрсетілгенде жасөспірімдерде әлеуметке қарсы тәртіптің тұрақты дайындығы қалыптасады.

Бесінші кезең – тұрақты тәртіптегі ауытқу, бұл әлеуметке қарсы тәртіптің аса қауыпты түрі тұрақты заңға қарсы әрекеттермен сипатталады. Бұл кезеңнің сипаты педагогика және психология мәселелері шеңберінен шығып заң саласына өтеді.

Тәртіптегі ауытқу ретінде қиын тәрбиені түрлендірудің сан алуан жолдары бар. Олардың негізіне түрлі көрсеткіштер алынады. Хевитт және Дженкинс сынды ағылшын психологтары қиын балаларды екі үлкен топқа бөледі: балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенген түрі, оларға сезімдік бұзылыстар тән емес және олар өздері жататын жақын туыстарының немесе жолдастарының қоғамға қарсы топтары ішіндегі әлеуметтік тәртіпке тез арада икемденеді; балалардың қоғамға қарсы тәртіптің әлеуметтенбеген түрі, олар басқа балалармен және өзінің отбасымен жаман қарым-қатынаста болып және сезімдік бұзылыстар: қарсы шығу, дөрекілік, қоқан-лоқы көрсету және кек алу маңызды орын алады. Басқа зерттеуші, П. Скотт, аталған топтаманы толықтыра келе әлеуметтенген қиын жасөспірімдер санаты екі топтан құралғанын көрсетеді: ешқандай тәртіп жүйесін меңгермеген және қоғамға қарсы тәртіпті меңгерген балалар (Раттер М.).

Қиын жасөспірімдерді топтастыру оларды анықтау құралы және олармен жұмысты ұстанымдарға сәйкес жоспарлау және жүзеге асыруда көмек ретінде, олардың қалыс қалу себептерін анықтауға, алдын-алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажет.
12.3. Қиын тәрбие көрсету түрлері және қиын тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мәселесі
Қиын тәрбиелену әлеуметтік байланыстың бұзылысымен жасөспірімдердің негізгі әлеуметтену институтарынан алшақтауымен бірге жүреді: біріншіден отбасы және мектептен, сондықтан психологиялық-педагогикалық қолдау міндеттерінің негізісі осы алшақтаудан арылу, жасөспірімді жағымды әлеуметтік тәжірбие жинақтайтын қоғамға маңызды қатынастарға ендіру. Осы міндетті шешу әлеуметтік-педагогикалық шаралардың отбасындағы, мектептегі жағдаларын оңтайландаруға, және жеке дара қиын тәрбиелетін тұлғаның психологиялық-педагогикалық түзету, оның құрбылары арасындағы әлеуметтік орнын қалпына келтіруге бағытталған толық кешенді меңзейді. Қайта тәрбиелеу үрдісі тәрбие үрдісі сияқты, біріншіден жасөспірімнің жеке дара-психологиялық қасиетін ескере отырып, түрлі әлеуметке қарсы көріністер мен ауытқуларға алып келген тәрбиенің жағымсыз жағдайларын және нақты жағдайларды ескере отырып құрастырылуы қажет. Маңызды ұстанымдардың бірі болып жасөспірімнің жағымды қасиетіне тірек ету болып табылады. Болашақ мамандығын таңдауымен байланысты жасөспірімнің өміріндегі ұстанымдарын қалыптастырудың маңызды зор.

Жасөспірім кезеңінде тәртібінің аса ызақорлықпен көрініс табуы сипаттайды. Агрессия деп зиян келтіру тәртібін түсінеді. Агрессия айналасыдағы адамдар теріс бағалайды, бірақ жақсы бағалаған жағдайлар да кездеседі, мысалы, «спорттық ызақорлық» жарыстағы жеңіске алып келеді, жағымды мақсатты іске асыруға бағытталған агрессия түрі сирек кездеседі.

Жасөспірім кезеңінде тәртіптің агрессивті түрін «төбелескіштік», «төбелесуге жақындық», «жауласу», «зақорлық», «қатаңдық» деп, және ешкімге бағытталмаған агрессия деп анықтайды:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет