Байланысты: Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
15.2. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.
Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға қоғамда қалыптасқан мамандықтар жүйесімен таныстыра отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы талаптармен таныстырылуы тиіс. Мектеп пен ата-аналар бірлесе келе, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек беруі қажет.