3. Ата-аналар жиналысын өткізу тақырыптары:
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.
4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру:
үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы;
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалар үйі, баспана үйі, психологиялық-медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психоневрологиялық диспансер, т.б.;
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |