Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет45/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   215
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және эколо-гиялық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның эко-эволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне, экологиялық қызметтің уәждемесі мен тәжірибесіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне, туған өлке табиғатына, жергілікті,аймақтық және ғаламдық экологиялық проблемаларға; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі қызметке; адам-дардың өмір сүру жағдайын анықтайтын табиғат ортасына; «Жасыл экономикаға» және энергияны сақтауға; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; мемлекеттің, өз өлкесінің экономикалық дамуына, инновациялық технологиялар енгізуге; кәсіптік білімге және еселі еңбекке; қоғамның материалдық жағдайын жақсартуға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; нарықтық экономиканың заңдарына; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа позитивті көзқарас танытуы.

Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.;Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет