Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі



бет44/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   215
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы ар-қылы): отбасына; аға буынға, атасына, әжесіне; ата-анасына – әкесіне, анасына; аға-бауырлары мен апа-қарындасына; туыс-қандарына; отбасы мүшесі ретінде өзіне; өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға; адамгершілік қағидаларды қолдау арқылы отбасының құндылықтарына және дәстүрлеріне; балаларының оқудағы және шығармашылықтағы табысы,мектептегі тәрбие процесінің жетістіктері үшін ата-аналарға; ата-аналардың мектептегі іс-шараларды өткізуге; балалардың психологиясына, дүниетанымына құрметпен, ұқыпты қарауы. Іске асыру механизмдері: Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандардың кеңесін, бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» фестивальдері, жақсы тәжірибесі бар отбасылармен кездесулер, бала тәр-биесіне көңіл аудармаған отбасыларға қоғамдық, педагогикалық ықпал көрсету; балаларының теріс қылықтарына ата-ананың жауапкершілігін күшейтуде ҚР-ның заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет