Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі



бет55/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген, сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады»,-дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуде жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я.А.Коменский: «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді»,-дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбек-сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды. Жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарайтын болады. Жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке бас үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуына әсер ету, тәрбиенің ең маңызды құралы болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдату керек.

Жеке басқа үлгі болатындар: белгілі қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы. Оларды оқушыларға үлгі ету ісі әңгіме, саяси хабар, кездесу кештері, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет