Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет27/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114

ЕЛІМНІҢ МҰЗАҒАСЫ




Е.М. Қайыров


Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Павлодар қаласы
«Қазақ» деген құдіретті халықпыз. Бойымызға ананың ақ сүтімен сіңген дарындылығымызды ана табиғаты одан әрі жетілдіріп, бойымызда өзінің дала сарынымен, әуенімен қайталанбас бір үлкен өнер сезімін оятады.

Қазақ деген - өнерлі, өренді ұлдарына бай халықпыз ғой.

Қазақтың қай ұлын алсаң да «әу» демейтіні жоқ. Өйткені сонау ықылым заманнан қазақтың бойында өнердің шамшырағы жанған халықпыз. Ертедегі аңыздардың бірінде: «Аллаһ тағала: Әй, қазақ! Сана бердім, санаңа қосып дана бердім. Өзіңнен өрбіген ұл- қыздарың шетінен өренді болады. Ұлыңнан тарағаны – еліңді қорғайтын, еліңе

пана болатын ерлі болады, ал қызыңнан тарағаны - өзім жаратқан даланың кез келген затын қолына ұстаса бойынан ән- күй төгіле кететін өнерлі болады» деген бар.

Міне, біз қазақ, ертеден бата алған халықпыз.

Қазақ қазақ болып танылғаннан бастау алған еліміздің данышпандық өнерін Бұқар бабамыз бен Мәшһүр данамыз, қабырғалары қайысып халқының бостандығын, болашағын ойлаған Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, Қ.Кемеңгеров сынды асылдарымыз жалғастырып, үлкен бір биік шыңға көтерілмеп пе еді?!

«Адам ол дүниелік болса да, өнер бұл дүниелік»-деген бар халқымызда.

Міне, осындай асыл бабаларымыз салған сүрлеу жолында сүрінбей, өнердің туын түргізбей, халқының Мұзағасы атанған жерлесіміз – Мұзафар Әлімбаев.


Қазақтың ақиық ақыны Әбу Сәрсенбаев: «…Сен ақындығыңмен де, азаматтылығыңмен де халық махаббатына бөлендің. Сен Естай ақынды қайтадан тірілттің. Сен қазақ солдатын Рейхстаг күмбезіне көтеріп, жеңіс туын тіктірдің. Сен қазақ Корчагинін халқына танытып, топшысы толмас қанат бітірдің. Сенің шығармаларың мүгедек жанға дәрігерлердің даруынан да күшті рухани қуат берді»- деген болатын.


Бұл шынымен де дөп басып айтылған.

Мұзафар Әлімбаев - ақын. Ақын болғанда - тырнақалды өлеңі он алтысында газет - журналдар бетінде жарияланды. Сол ақындықтың алғашқы қадамынан бастау алған арғымағы желмен бірге жарысып, талай – талай бал татыған жырлары ел таңдайына тиіп, тамсандырып, жадыратып келеді. Ақынның өлеңін қолына алып оқыған әрбір оқырман өзінің жан –дүниесінің жаңаша бір сезімге бөленіп, өмірге, өнерге деген құлшынысының оңалары және жас балдырғанның жүрегіне өнер шамшырағын ұялататыны шындық.

Мұзағаның оқырманға ұсынар ойына, ұрпаққа айтар ғибратына иланасыз, сенесіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет