Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі тілтанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ой-пікірлер мен тұжырымдар құрайды. Зерттеудің теориялық қағидаттары мен түйіндерін беруде қазақ ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы, Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Ж. Шәкенов т.б. қазақ ғалымдарының теориялық пікірлері басшылыққа алынды. Бұл жұмыстың методологиялық негізіне келсек, «Қазақ тілінің грамматикасы», «Қазақ тіліндегі сөз таптары» арнайы курстарында оқытуға болады.
Зерттеу әдісі. Дипломдық зерттеудің әдіснамалық негізін анализ, синтез, құжат талдау, шолу, әдебиеттер бойынша зерделеу, салыстыру, жинақтау сияқты әдіс-тәсілдер құрайды.