Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет1/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
-dip -synyptan-tys-muzykalyq-bilim-beru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
Педагогика және музыкалық білім беру әдістемесінен

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС




Сыныптан тыс музыкалық білім беру


М А З М Ұ Н Ы



К і р і с п е.............................................................................................................
I тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім берудің педагогикалық негізі......
II тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім беру әдістемесі..........................
Қорытынды.........................................................................................................

Әдебиеттері тізімі...............................................................................................

Қосымшалар

К І Р І С П Е


Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жџгі мол. Әрине, бұл жолда оқу–тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дџниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мџғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі – сыныптан тыс тәрбие жұмыстары. Бұл мәселелерді зеттеуші педагогтарымыз А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Г.Аргажникова, Д.Б.Кобалевский, Р.Р.Жәрдемалиева, Қ.М.Меңдаяқова, З.Абиевалардың және т.б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған.

Дегенмен сыныптан тыс жасалатын жұмыстар жан-жақты талданылғанымен, уақыт ағымына, оқушылар қызығушылығына сай бұл іс-шаралардың тџрлерін толықтыра, оқу-тәрбие процесіне ендіру қажеттілігіне сезілуде. Осыған байланысты біз өзіміздің зерттеуіміздің тақырыбын айқындадық.

Зеттеудің мақсаты – сыныптан тыс жџргізілетін жұмыстар арқылы музықалық білім беруге тигізетін қолайлы жағдайды анықтау.

Зерттеу нысаны – мектеп оқушыларымен жџргізілген оқу-тәрбие џрдісі. Зерттеу пәні –музыкалық білім беру жолдары мен әдістері.

Зерттеудің міндеттері – сыныптан тыс музыкалық білім беру туралы мағлұмат беру оны оқу-тәрбие процесіне енгізу.

Әдіснамалық негізі – ғалым ұстаздардың музыка, психология, педагогика, музыкатану, музыкалық білім беру саласындағы сыныптан тыс жұмысқа қатысты ұсынған теориялары, әдістері.



  • әдебиеттерді теориялық талдау;

  • арнаулы тапсырмалар;

  • өзіміздің жинақтаған іс-тәжірибемізді қорытындылау.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – лекция-концерттерді, арнаулы мерекелік кештерді таным құралы ретінде енгізудің тиімділігін көрсете, әдістемесін ұсыну.

Зерттеу базасы: С.Сауранбаев атындағы орта мектеп. Диплом жұмысы кіріспе,екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет