Хабаршы №3-2015ж.
66
Ой түбінде жатады. Шер толқытса шығады...
- деп, адамның жан-дүниесінің тазалығы мен шынайылығы, сезім
сұлулығы туралы бейнелі, табиғат құбылысымен астарласып жатқан терең
философиялық ой айтады [5, 133-134 б.].
Шығармаларында жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып
көрсетуге талпынған жырау кейінгі ұрпағының өзара адал ниетті дос болып,
тату-тәтті өмір сүргенін қалайды. Бұл орайда
жырау өз ой-арманын жырға
былай деп қосады:
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа [5, 16 б.].
Асан қайғының адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынасты, ынтымақ-
бірлікті, этика нормаларын арқау еткен патриоттық сарындағы мұндай
толғаулары елді бітім мен сыйластыққа үндейді.
Асан
қайғыдан
бастау
алатын
жыраулық
дәстүрді
жалғастырушылардың бірі – Еділ бойын мекендеген түркілердің ру көсемі,
әскербасы, батыр, жыраулық өнерде үлкен орны бар
Қазтуған жыраудың
халық педагогикасымен үндес толғауларының жас ұрпақ үшін бүгінде
тағылымдық-тәрбиелік маңызы зор.
Жырау:
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!-
жырлай отырып, ол өз өлеңінде қазақ ерлерінің азаматтық тұлғасын
оларға тән қайраттылық пен шыдамдылық,
намысқойлық, қайсарлық
қасиеттері арқылы көрсетуге талпына отырып, кейінгі жастарға үлгі етеді [6,
29 б.].
Қазтуған жыраудың толғауларында көркем, бейнелі теңеулер арқылы
суреттелетін туған жердің сұлу табиғат көріністері тыңдаушы жүрегін
толқытып, туған елге деген аялы сезімдерін оятады.
Алаң да, алаң, алаң жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған батыр
туған жұрт
Ақала ордам қонған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш Кір-қоңымды жуған жұрт,
Күйеу болып барған жұрт, Қарағайдан сабақ будырып,
Анамыз біздің Бозтуған Қылшанымды сары жүн оққа
толтырып,
Келіншек болып түскен жұрт, Жанға сақтау болған жұрт,-
деген өлеңінде ақын атамекен,
туған жеріне, ата-анасына деген
перзенттік махаббатын терең сезіммен, ерекше жүрекжарды тоғаныспен
жырлайды [5, 29 б.].
Хабаршы №3-2015ж.
67
Қазтуғанның бұл тоғауы бүгінде тыңдаушысына кіндік қаны тамып,
туып-өскен ел мен жерін сүйіп, ардақтаудың шынайы үлгісіндей әсер
қалдырады.
Көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі –
Шалкиіз жырау
шамамен 1465 – 1560 жылдары өмір сүрген.
Жыраудың ақындық өнері туралы қазақ әдебиетінің өкілі М.
Мағауиннің айтуынша «Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар
әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына
сыйғызған
нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен
ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын
көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – түз тұрғынының дүние
танымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық
қағидалары айқын аңғарылады» [6, 8-9 б.].
Жырау өз толғауларында адам бойында кездесетін мақтаншақтық,
қорқақтық сияқты түрлі жағымсыз қасиеттерді, ел
басқарып отырған
мықтылардың қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбыр мінез-құлықтарын
батыл сынап, мінейді. Қазақ батырларының ерліктері мен отансүйгіштік
қасиеттерін дәріптеп, жырға қосады.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұшпан артық-ты...
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басына... [6, 38-39 б.].
***
Жақсының жақсылығы сол болар-
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар ертер;
Жаманның жамандығы сол болар-
Сөйлесе дәйім бетін қара етер,-
деп толғайды жырау өз шығармаларында [7, 22 б.].
Бұл жыр жолдарынан жолдас пен достың жақсы мен жаманын айыра
білу керек, басыңа іс түскенде жаман достың жолда қалдыруы мүмкін, жақсы
адам кез-келген адамға сырын ашпайды, әр сөздің өз тыңдаушысы болғаны
жөн деген ой аңғарылады. Көне заман шындығын, халықтың дүниетанымын,
адамның мінез-құлық, табиғи ерекшеліктерін, моральдық қағидаларын
бейнелейтін жырау туындылары аз сөзге көп мағына сыйғызған нақты ой
тереңдігімен, әсерлілігімен, сазды әуезділігімен
оқырманына ерекше әсер
етіп, ойға қалдырады. «Әлін білмеген әлек» деген халық мақалымен астарлас
мына бір шумақтарында жырау:
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе,
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге,-
деп, әр адамның өз орнын, әлін біліп, өмірде соған орай әрекет етуі
керектігін мегзеп, өзгелердің алдында ұятқа қалмауды ескертеді [5, 38 б.].
Хабаршы №3-2015ж.
68
... Атаның ұлы ерлерге
Малыңды бер де басың қос,
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердің күні болғанда
Басың жауда қалар ма!-
деген жырау толғаулары кейінгі жастарға қай заманда болмасын ел
ішінде ауызбіршіліктің болуын, туыстық қарым-қатынастың сақталуын,
сыйластықтың болуын ескертіп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген
ынтымақтастыққа шақыратын халықтық қағидамен үндеседі.
Жыраулық дәстүрдің тағы бір ірі өкілі –
ерлігімен, ақылымен көпке
Достарыңызбен бөлісу: