Хабаршы №3-2015ж.
65
адалдық, патриотизм, гуманизм, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, достыққа
деген беріктілік, өз жауына деген қаталдық, батылдық секілді қасиеттерді
жан-жақты жырлады.
Жыршы-жыраулар шығармашылығы тарихтағы түркі тектес көшпелі
тайпалардың этникалық топтарға жіктеліп, қазақтардың халық болып
қалыптасуымен, ХV ғасырдың орта тұсында қазақ хандығының құрылуымен,
оның рухани кескін-келбеті, әлем таныған дәстүрлі мәдениетінің өркендеп,
дамуы секілді қоғамдық жағдайлармен тығыз байланыста өмір сүрді. Осы
тарихи кезеңде халық ішінде сөз өнерінің қадір-қасиеті айрықша артты.
Қарапайым халық сөз өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті
бағалайтын болды. Халық арасынан небір жезтаңдай ақындар мен жыршы-
жыраулар шықты. Осылайша қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, рухани
тыныс-тіршілігінің өзіндік сипаты айқындалып, тұлғалана түсті. Әсіресе
тіл
әрбір халықтың ерте кездерден бергі өсіп-өркендеуінің, дамуының, тұтастай
дерлік болмысының көрінісі екендігін ескерсек, сол тілдің арғы жағында
халықтың тыныс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, тарихы
тұрады.
Тілсіз мәдениет те жоқ. Тіпті халықтың тектілігін
Достарыңызбен бөлісу: